19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Иманнан айырылмаудың жолдары

Иманнан айырылмаудың жолдары

1. Ғайыпқа иман ету керек.

2 . Ғайыпты тек Аллаһу та’ала және оның бiлдiргендерiнің біле-

тіндігіне сену керек.

3 . Харамды харам деп сену керек.

4. Халалды халал деп сену керек.

5. Аллаһу та’аланың азабына ұшырамаймын деп сенімді болмай, әрдайым қорқу керек.

6. Аллаһу та’аланың рахымдылығынан үмiт үзбеу керек.

Мүртәд болатын нәрселерді мойындамау да тәубе болады. Мүртәд тәубе етпей өлсе тозақ отында мәңгi азап шегедi. Сондықтан күпiрден көп қорқып, аз сөйлеу керек. Хадис шәрифте: «Әрдайым қайырлы, пайдалы нәрсені айтыңдар. Немесе үндемей отырыңдар»- делінген. Ақылға қонымсыз, адамдық қасиетке терiс нәрселердi iстеуден алыс болу керек. Өзін күпiрлiктен сақтау үшін әрдайым Аллаһу та’алаға дұға ету керек.

 

Иманды бола тұра имансыздыққа

алып баратын нәрселер:

 

1. Бидғатшы болу. Яғни ақидасы дұрыс болмау. Әһли сүннет ғалымдарының белгiлеген жолынан сәл де болса шыққан адам бидғатшы немесе кәпiр болады.

2. Әлсiз, яғни амалсыз иман.

3. Тоғыз ағзасын тура жолдан шығару.

4. Үлкен күнә iстеуді жалғастыру.

5. Аллаһтың берген нығметiне шүкiр етудi қою.

6. Ақiретке имансыз кетуден қорықпау.

7. Зұлымдық жасау.

8. Сүннетке сай азан айтылғанда оны тыңдамау.

9. Әке-шешеге қарсы келу, тiлiн алмау.

10. Дұрыс болса да өте көп ант iшу.

11. Намазда тадилул арканды тәрк ету.

12. Намаз үйренуге және бала-шағасының оқуына мән бермеу, намаз оқығандарға кедергi жасау.

13. Спиртті ішімдік iшу.

14. Мұсылмандарға зұлымдық жасау.

15. Өтіріктен өзін әулие, ғұлама танытып пәтуа беру.

16. Iстеген күнәсiн ұмыту, оны елемеу.

17. Кiбiрлi болу, яғни өз-өзiн ұнату.

18. Ужб, яғни білімім, істеп жатқан амалым жеткiлiктi деу.

19. Мұнафиқтық, екi жүздi болу.

20. Дiн бауырының жақсылықтарын көре алмау, қызғану.

21. Үкіметінің және ұстазының дінге қайшы болмаған сөзін орындамау.

22. Бір кісіні танымай тұрып жақсы деу.

23. Өтірік айтудан қайтпау.

24. Ғұламадан, ілімнен қашу.

25. Мұртын сүннет мөлшерінен ұзын қылып өсiру.

26. Еркектердiң жiбек киiм киюi.

27. Ғайбат айтудан қайтпау.

28. Кәпiр көршiсiне күн көрсетпеу.

29.  Дүниелiк нәрселер үшiн қатты ашулану.

30. Пайызға ақша берiп, ақша алу.

31. Мақтаныш үшін көйлегінің жеңін, етегін тым ұзарту.

32. Сиқыр және балгерлікпен айналысу.

33. Мұсылман және салих болған махрем туыстарымен араласпау.

34. Аллаһу та’аланың жақсы көрген құлдарын жек көру, исламды бұзғысы келгендерді жақсы көру. [ХУББУ ФИЛЛАҺ, БУҒДУ ФИЛЛАҺ иманның шарты.]

35. Мұсылман бауырымен үш күннен артық өштесу.

36. Зина, некесіз қатынастан тиылмау.

37. Ливата (гомосексуалдық) жасап, оған тәубе етпеу.

38. Азанды фиқһ кітаптары білдірген уақыттарда және сүннетке сай оқымау. Сүннетке сай айтылған азанды құрметпен тыңдамау.

39.  Харам істелiнiп жатқандығын көрiп тұрып, күші жетсе де жұмсақ тілмен кедергі болмау.

40. Әйелінің, қызының және насихат беру ақысына ие болған әйелдердің басы, қолдары, аяқтары ашық, сәнденіп, иіс су сеуіп көшеге шығуына, жаман адамдармен кездесуіне разы болу.