19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Ішкілік зинадан да жаман

Ішкілік зинадан да жаман

Сұрақ: Ішкіліктің зинадан да жаман екенін білдіретін бір хадис келтірілген. Қате жазылып кеткен жоқ па? Яғни зина ішкіліктен жаман емес пе?

Жауап: Зина ішкіліктен (алкогольді ішімдіктен) жаман болып көрінсе де, кейбір жағдайларда ішкіліктің зинадан жаманырақ екені байқалады. Бірнеше хадис шәриф:

«Ішкілік ішкен адамның ұят пердесі жыртылады, шайтан оған жолдас болады, барлық жамандыққа итермелейді және барлық жақсылықтан алыстатады.» (Табарани)

«Жамандықтардың бәрі құлыптанған. Бұл жердің кілті – ішкілік. Ішкілік ішкен адам ол есікті ашып, ішіне түседі.» (Абдур-рәззақ)

«Жамандықтардың бәрі бір жерде жиналған. Бұл жердің құлпы ішкілік, кілті зина.» (Ислам ахлақы)

(Құлып кілтпен ашылады. Яғни ішкілік ішкен адам зина жасай алады.)

«Бір залым король бір адамды ұстап алып "Ішкілік ішу, адам өлтіру, зина жасау және шошқа етін жеу, осылардың бірін таңда, әйтпесе сені өлтіремін" дейді. Адам ішкілікті таңдайды. Оны ішкеннен кейін қалғандарының бәрін істейді.» (Табарани, Хаким)

«Бұрынғы замандарда бір тақуа кісі бір бұрышта ғибадат жасап жатқанында бір жаман әйел қызметшісін жіберіп, куәлік жасау үшін шақырылғанын айтады. Тақуа барады. Ішке кіргенінде сұлу әйелді көреді. Әйел "Мына баланы өлтір немесе менімен зина жаса, яки мына шарапты іш! Бұлардың бірін істемесең, сені бүкіл жұртқа масқара қыламын" дейді. Тақуа басқаларына қарағанда жеңілірек деп ойлап, шарапты таңдайды. Ішіп мас болғанда әйелмен зина жасайды, баланы да өлтіреді.» (Ибн Хиббан)

Жоғарыдағы хадис шәрифке ұқсас тағы мынадай оқиға бар:

«Шайтан бір тақуа кісіге әулие болып көрінеді. Тақуа шайтаннан бұл дәрежеге қалай жеткенін сұрайды. Шайтан: "Мен үлкен күнә істедім, тәубе еттім, Аллаһ мені осы дәрежеге көтерді. Өйткені Аллаһ тәубелерді қабыл етеді" дейді. Тақуа "Мен де осы дәрежеге көтеріле аламын ба?" деп сұрағанында, шайтан: "Әрине" дейді де, үш таңдау ұсынады: 1) Адам өлтіру, 2) Зина, 3) Шарап.

Тақуа алғашқы екеуін қабылдамайды. Шарапты жеңіл санап ішеді, біраз уақыттан соң мас болады. Шайтан жаман әйелді оның қасына алып келеді. Тақуа әйелмен зина жасайды. Шайтан дереу әйелдің ағасына хабар береді. Ағасы зина жасап жатқанын көрген мас адамды ұрып жатқанда тақуа оны пышақтап, өлтіреді. Тақуа жеңіл деп санаған шарабы кесірінен әрі зинақор болады, әрі кісі өлтіруші болады.»

Адам мас болған кезінде басқа күнәларды істей алады. Бір хадис шәриф:

«Шарап ішу – күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың басы. Шарап ішкен адам намаз оқымайды, анасымен, әпкесімен немесе тәтесімен зина жасауы мүмкін.» (Зәуажир, Кунуз-уд-дәқаиқ)

Ішкіліктің зинадан да қауіпті екенін жоғарыдағы хадис шәрифтер және өмірде өткен оқиғалар көрсетуде.