Қабыл болмайтын дұға бар ма?Сұрақ: «Қабыл болмайтын дұғаға әмин деуге болмайды» деп айту күпірге себеп пе? Жауап: Әуелі қабыл болмайтын дұға бар ма, жоқ па, соны қарастырайық. Мысалы, «Йа, Раббым, мені пайғамбар қыл» деп айту қабыл болмайтын дұғаға жатады. Осылай дұға ету Аллаһу та'аланың әміріне қайшы келеді және ондай дұғаға әмин деуге болмайды. Одан бөлек Аллаһу та'аланың әдетіне қайшы болған дұғаларға да әмин деуге болмайды. Мысалы, «Мені өлтірме, мені періште қыл, мені әйел қыл» деп айту осыған жатады. Сондай-ақ, ғибадат жасамастан жәннатқа кіруді тілеп дұға ету де күнә болады. (Ислам Ахлақы) Демек, қабыл болмайтын және әмин деуге болмайтын дұғалар бар. Осы тұрғыдан «Қабыл болмайтын дұғаға әмин делінбейді» деп айту күпірге себеп емес. Бірақ ондай сөздер айтпаған жақсы болады. |