21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ БАСҚА ДІНДЕР (Кіріспе)

ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ БАСҚА ДІНДЕР (Кіріспе)

- IV -

ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ БАСҚА ДІНДЕР

КІРІСПЕ

Бұл бөлімде, кітабымыздың басқа бөлімдері сияқты, Ислам діні туралы түсінік беріледі, сіздерге тарихтың ескі беттерін ашады, барлық діндердің негіздері туралы құнды мәліметтер беріледі. Осы бөлімді де, басқа бөлімдер сияқты, жалықпай, қызығып оқитындарыңызға үміттенеміз. Үнемі қайталағанымыздай, қазіргі 21 ғасырдың адамдарының уақыттары аз, дерттері көп, бастары әр түрлі ойларға толы. Қазіргі адамдар сонымен қатар көптеген жаңа ғылымдарды меңгерген. Әр оқыған кітаптарын солармен салыстырады. Сондықтан оларға қазіргі заманның шарттарына сай, дәлелді, ғылыми және қисынды пікірлер беруге мәжбүрміз. Жыл сайын бір бөлім қосып, осындай қалыпқа енген бұл кітабымызды жазып, басып шығару мүмкіндігін бергені үшін Аллаһу та’алаға қанша шүкір етсек те аз. Аллаһу та’аланың ниғметтері шексіз.

Кітабымыздың оқылып жатқанын және оқырмандарға пайдасы тигендігін келген хаттардан біліп, Раббымызға алғысымызды білдірудеміз. Оқырмандардың дұғалары мен алғыстары біз үшін ең үлкен жетістік болып табылады. Бұл хаттар мен қолдаулар бізді көбірек жұмыс істеуге ынталандыруда.

Өкінішке орай, соңғы кездері Ислам ғалымдарының кітаптарын оқып түсіне алатын және түсінгендерін басқалар түсіне алатындай етіп жазатындар азайып кетті. Әсіресе діни білімдердің шынайы мамандары қалмағандай. Ислам діні әлемнің ең кәміл, ең қисынды және ең соңғы діні болғандықтан, жалғыз дұрыс дін болып, бүкіл діндердің үкімдерін жойғандықтан, ол туралы бір кітап жаза алу үшін жазатын адамның жоғары білімді, араб, парсы және кемінде бір шетел тілін білуі, ең жаңа жаратылыстану ғылымдарымен қатар Ислам ғылымдарын да жақсы меңгерген болуы тиіс. Жазбаларымыздың ешқайсысы ойымыздан шыққан емес. Барлығы Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан алынған. Жазған кітаптарымызды мұқият зерттеп, ұлы дін ғалымдарының және жаратылыстану мамандарының еңбектерін пайдаланудамыз. Ешқашан фанаттық көзқарас ұстанбадық. Келген барлық хаттарды мұқият қарап шығып, оларға ғылыми, қисынды түрде жауап берудеміз. Кітабымыздың кейбір бөлімдері француз, неміс және ағылшын тілдеріне аударылып, бүкіл әлемге таратылған. Басқа Ислам қоғамдарында да кітабымыздан хабар алып, оларды ұнатқанын және сол жерлерде басылған кітаптарға аттары жазылғанын көріп жүрміз. Біз бұлармен мақтанбаймыз. Өйткені, жасаған ісіміз Ислам ғалымдарының әлемнің түкпір-түкпірінде жариялаған құнды еңбектерін оқу, зерттеу, реттеу, салыстыру, үйренгендерімізді ақыл мен логика сүзгісінен өткізіп, барлық адам оңай оқып, түсіне алатындай түрде жариялаудан тұрады. Жариялаған еңбектерімізде өзімізден қосқан ешнәрсеміз жоқ. Үлкен еңбекпен, қиындықпен жинаған бұл мәліметтеріміздің бәрін оқырманымызға ұсынып, оған бұларды оңай оқып үйренуіне жағдай жасаудамыз. Бұлардан бір нәтиже шығару оқырманның ісі. Біздің міндетіміз – оған осы материалды дайындап беру. Мұны қуана-қуана, ешқандай дүниелік пайда күтпестен атқарудамыз. Марапатты Аллаһу та'аладан күтеміз. Кітабымыздың осы бөлімін оқығандар Ислам дінінің Аллаһу та’аланы танытатын, Оған жақындататын жалғыз жол екенін, адамдардың дінсіз өмір сүре алмайтынын және дін адамдардың мінезін түзететінін және ешқашан дүниелік пайда және саясат ойыны үшін қолданылмайтынын, жеке пайда, жаман мақсаттар үшін құрал болмайтынын, дүние мен ахирет бақытына қауышу үшін тек Оған бағыну керектігін үйренеді.

Ислам діні ең дұрыс, ең қисынды дін болғанына қарамастан, Оның көбірек таралуы үшін қазіргі кезде өте аз күш жұмсалуда. Христиандардың өз діндерін тарату үшін құрған ұйымдары өте көп және өте үлкен. Бұл кітапта еңбектерінен пайдаланылған және алда ол туралы айрықша айтылатын құрметті дін ғалымы Харпуттық Исхақ Мырзаның (рахимә-һуллаһу та’ала) 1294 [м.1877] жылы жарияланған «Зия-ул-Қулуб» атты еңбегінде бұл туралы мынадай мәлімет бар:

«1219 [м.1804] жылы құрылған ағылшындардың «Bible House – Інжіл үйі» деп аталатын протестанттық қоғамы Інжілді 204 тілге аудартқан. 1872 жылға дейін осы қоғам тарапынан басылған кітаптардың саны шамамен 70 миллионға жеткен. Сол заманның ақшасымен бұл қоғамның хрситиандықты тарату үшін жұмсаған ақшасы 205313 ағылшын алтыны еді, қазіргі ақшамен [бір ағылшын алтыны 220000 түрік лирасына тең болса] 45 миллиард лираны құрады.» Бұл қоғам қазір де жұмысын атқаруда, әлемнің көптеген жерлерінде лабораториялар, ауруханалар, конференция залдарын, кітапханалар, мектептер, тіпті кинотеатрлар сияқты ойын-сауық орындарын, спорттық кешендер салуда, бұл жерлерге үздіксіз келетіндерді христиандыққа тарту үшін үлкен күш жұмсауда. Католиктер де дәл осылай жұмыс істеуде. Олар сондай-ақ кедей мемлекеттердегі жастарға жұмыс тауап беріп, халыққа тамақ, дәрі-дәрмек жағынан көмек беруде, осылайша оларды христиан дініне тартуда.

Қазір кейбір мұсылман мемлекеттерінде, мысалы Пәкістанда, Оңтүстік Африкада, Сауд Арабиясында шағын қоғамдар болғанындай, Еуропа мемлекеттерінде де, Америкада да шағын Ислам орталықтары бар. Олар Ислам дінін таратуда. Бірақ, түрлі топтар тарапынан қолдау көретін бұл орталықтардың басылымдары бір-бірін жамандап, дініміз бұйырған Ислам бірлігін бұзуда, бөлінуде. "Хақиқат кітап үйі"міздің күші тек аздаған жастарға кітап жеткізіп беруге ғана жетуде. Көптеген қиындықтарға қарамастан бүкіл әлемде біздің қарапайым басылымдарымыз оқылуда, осы арқылы фырқа-и нажийа болған [тура жолда болған Әһли сүннет мазһабындағы] мұсылмандардың саны жыл сайын артуда. Бұдан 100 жыл бұрын мұсылмандар христиандардың үштен біріндей ғана еді, қазір бұл сан 50 пайызға жетті. Өйткені, мұсылмандар сенімдерін берік ұстануда және ұрпақтарын мұсылман етіп тәрбиелеуде. Ал христиан әлемінде жастар христиан дінінің жаңа ғылыми білімдерге және заманауи ғылыми жаңалықтарға қайшы екенін көріп, діндеріне деген сенімдері қалмай, дінсіз болуда. Сондай-ақ, коммунистік мемлекеттер дінді толығымен жойып, тыйым салуда. Олардың кейбірлерінде, мысалы, коммунист Албанияда «Дінсіздік мұражайы» ашылып, барлық діндер мазақ етілген. (Қазір бұл коммунисттік басқарма құлаған.) Жоғарыда айтылған ірі христиандық діни ұйымдар орналасқан Англияда да ешқандай дінге сенбейтіндердің, атеисттердің халықтың 30 пайызын құрайтынын ағылшын басылымдары жазады.

Олай болса, бір жағынан бүкіл еңбектерге қарамастан христиандық әлсіреп жатқанда неліктен біздің басылымдарымыз үлкен қолдау табуда? Мұның себебі анық. Ислам діні – ең мәдени, ең қисынды және ең дұрыс дін. Ынсапты [бейтарап] және мәдениетті әрбір адам мұсылмандықты айқын түсіндіріп беретін кітаптарымызды оқыған кезде бұл діннің ең соңғы хақ дін екенін, барлық заманауи білімдер мен түсініктерге сай келетінін, онда қате сенімдер жоқ екенін және «Үштік тәңір» сияқты ақылға қонымсыз сенімге емес, жалғыз Аллаһқа сенетінін көріп, Оған иман келтіруде. Өйткені, мұқият зерттелетін болса, қазірге дейін келген «Бір Аллаһқа сену» негізіне сүйенген діндердің бір-бірінің жалғасы екендігі, бірі бұзылса, Аллаһу та’ала оны түзету үшін жаңа пайғамбар (алейһиссалам) жібергендігі, ал бұл діндердің соңғысының ең ғылыми және ең кәміл дін болған Ислам діні екендігі байқалады. Жоғарыда есімі аталған және алда да есімі көптеген жерде кездесетін Харпуттық Исхақ Мырзаның Ислам діні мен христиан дінін салыстыруы да бұл екі діннің иман негіздерінің бірдей болғанын, христиандықтың кейіннен яһудилер мен поптар тарапынан өзгертілгенін көрсетеді.

Тоқталуды қажет ететін маңызды тақырыптың бірі – христиандық пен Исламдағы ахлақ негіздерінің салыстырылуы. Осы бөлімді және «Жауап бере алмады» деген кітабымыздың 8-бөлімін оқысаңыздар, бұл екі діннің бірдей нәрселерді қалай бірдей түрде қарастырғанын, адамдарға бірдей бұйрықтар бергенін көресіз. Қазір кезкелген бір христиан үш тәңір орнына бір Аллаһқа және соңғы пайғамбар болған Мұхаммед алейһиссаламға сенсе, таза мұсылманға айналады. Қазір ақылды христиандар да үш тәңір сенімін теріске шығаруда, мұны түсіндіру үшін түрлі тәфсирлер жазып, бір Аллаһқа сенуде. Бұл ақиқатты көрген көптеген христиандар өз қалауларымен мұсылмандықты қабылдаған. Кітабымыздың «Олар неліктен мұсылман болды?» деген бөлімінде осылар туралы айтылады. Дін – рухтың азығы. Дінсіз адам басы жоқ кеудеге ұқсайды. Денеге қалай тыныс алу, жеу, ішу қажет болса, рух та тазарып, бақытқа қауышу үшін дінге мұқтаж. Дінсіз адамның роботтан, жануардан айырмашылығы жоқ. Дін – адамға Аллаһын танытатын, оны жамандық жасаудан қорғайтын, оның жолын ашатын, көңілін жайландыратын, қайғылы кездерде оны жұбататын және оған материалдық және рухани күш беретін, қоғамда оны құрметке, абыройға,  сүйіспеншілікке бөлейтін және ахиретте мәңгі тозақ отынан сақтайтын ең үлкен себеп болып табылады.

Кітабымыздың бұл бөлімін оқып бітіргеннен соң сіздер де барлық сәмауи, илаһи діндердің бір-бірінің жалғасы екенін, тек түрлі кезеңдерде Аллаһу та’ала тарапынан жаңаланып, бір Аллаһқа сенетін хақ діндердің негізінде бір дін, бір иман екенін, тек олар адамдар тарапынан өзгертілген кезде Аллаһу та’аланың бұйрығы және Оның жіберген пайғамбарлары (алейһимуссалам) арқылы түзетілгенін және ең соңғы діннің Мұхаммед алейһиссалам әкелген Ислам діні екенін көресіздер.

Ислам дінінің ең үлкен дұшпандары – британдықтар. Өйткені, Британия мемлекетінің негізгі саясаты – әлемдегі, әсіресе Африка мен Үндістандағы табиғи кендерді отарлау, ол жердегі адамдарды мал сияқты жұмыс істетіп, барлық табыстарды британияға тасу. Әділеттілікті, сүйіспеншілікті, татулықты бұйратын Ислам дінін қабылдаған адамдар британдықтардың зұлымдықтарына, өтіріктеріне тосқауыл болуда. Бұған қарсы британ үкіметі «Отарлау министрлігін» құрып, ақылға қонымсыз опасыз жоспарлармен әскери және саяси күштерімен, өтірік және жалаларымен Ислам дініне шабуыл жасауда. Осы министрлік басқаратын мыңдаған әйел-еркек тыңшының бірі болған Хемфердің 1125 (м.1713) жылы басталған жұмыстарына қатысты мойындаулары адамзат үшін масқара болған бұл жоспарлардың бір бөлігін ашып берген. Бұл мойындаулар Хақиқат баспа үйі тарапынан 1991 жылы араб, ағылшын, орысша және түрік тілдерінде жарияланған.

Өте маңызды қосымша: Пайғамбарлар арқылы Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген өмір сүру жолына «Дін» делінеді. Адамдардың енгізген өмір сүру жолына «Заң» делінеді. Дін әкеден, анадан және кітаптан үйреніледі. Дінсіз өмір сүру мүмкін емес. Барлық адамдар дінінің әмірлеріне сай өмір сүреді. Дінін ұстанған адамның дүниеде рахат өмір сүретініне және ахиретте жәннатқа кіріп, мәңгі бақытқа қауышатынына, басқа дінде болғандар дүниеде қиыншылық шегетініне және ахиретте тозақ отында мәңгі қалатынына сенеді. Әркім өз дінін мақтайды. Үгіт-насихаттармен, жарнамалармен барлық адамдарды өз дініне шақыруда, осылайша өз дінінің дұрыс екендігіне сеніп, барлығын сендіруде. Адамның дүние мен ахиретте бақытты болуы дініне байланысты болғандықтан, адам ата-анасынан үйренген дінінде қалмауы керек және үгіт-насихаттарға, жарнамаларға алданбауы керек, діндердің барлығын зерттеп, дұрыс екенін түсінген дініне байлану керек.

Хакикат кітап үйі басып шығарған кітаптар бүкіл діндерді бейтарап түрде білдіреді. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бүкіл діндерді оқырмандарға хабарлайды. Ал Ислам дінінің еш өзгертілмеген хақ дін екенін, бүкіл адамдарға бақыт жолын көрсетететінін, сенетін діннің тек Ислам діні ғана екенін білдіреді.  Білімді, ақылды әрбір жастың Хақиқат кітап үйінің кітаптарын міндетті түрде оқуларына кеңес береміз. Ақылымен, білімімен, ожданымен шешім қабылдап, бақытқа қауышулары, жалған және қу жазуларымен оқырмандарын алдайтындардың тұзақтарына түспеулері, дүние мен ахиретте пәлекеттерге, шексіз азаптарға душар болмауы үшін дұға етеміз.

 

ТӘУХИД ДҰҒАСЫ

Йа Аллаһ, йа Аллаһ. Лә илаһа иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ. Йа Рахман, йа Рахим, йа афувву йа Кәрим, фа’фу анни уәрхамни йа әрхамаррахимин! Тәуаффани мүслиман уә әлхиқни биссалихин. Аллаһуммағфирли уә ли-абаи уә уммәһати уә ли-абаи уә уммәһати зәужәти уә ли әждади уә жәддати уә ли әбнаи уә бәнати уә ли ихуати уә әхауати уә ли а’мами уә аммати уә ли әхуали уә халати уә ли устази Абдулхакими Арваси уә лил мү’мининә уәл мү’минәт йәумә йәқумул хисаб. (Рахметуллаһи та’ала алейһим әжмаин.)