21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / Ислам – жауыздық діні емес

Ислам – жауыздық діні емес

-1-

ИСЛАМ – ЖАУЫЗДЫҚ ДІНІ ЕМЕС

Венаға қарайтын Кахленберг төбесіне, яғни 1095 [м.1683] жылы Вена қоршауында Османлы әскерінің ордасы тұрған жерге шықсаңыз, сол жерден бір ескерткіш көресіз. Бұл жерде «Аллаһ бізді оба ауруынан және түріктердің зиянынан қорғасын» деген сөйлем бар және осы сөйлемнің астындағы тасқа қашалған суретте түріктердің христиан әйелдер мен балаларды бауыздағанына сілтейтін бейне бар. Ол кезде христиандар түріктерді әлемнің ең жауыз, ең залым, ең қатал халқы ретінде танытатын және мұны Ислам дінінің әсері деп ойлайтын. «Егер түріктер христиан болғанда, жауыз, қатал болмас еді» дейтін. Ислам дінінің жауыздық діні екенін айтатындар сол дәуірдің билеушілері, залымдары, диктаторлары болған христиан дін адамдары еді. Мектептерде оқытылатын дін сабақтарында бұл мәселе үнемі айтылып, жас христиан балалары Ислам дінін жауыздық діні деп танитын. Осы қорқынышты пайым мен жала ғасырлар бойы жалғасын тауып, қазірге дейін жетіп келген. Харпуттық Исхақ Мырза (рахимә-һуллаһу та’ала) кітабында бір поптың 1860 жылы Исламға қарсы жариялаған бір кітапшасында былай жазғанын айтады:

«Иса (алейһиссалам) өз дінін әрдайым сүйіспеншілікпен, көркемдікпен, адамдарға мейірімділікпен және олардың дерттеріне дауа табумен уағыздаған. Сондықтан да насраният діні бастала сала бірнеше жыл ішінде 500 адам христиан болған. Алайда, жауыздық діні болған мұсылмандық адамдарды қинап, өліммен қорқытып қабылдатылатын. Мұхаммед (алейһиссалам) мұсылмандықты мәжбүрлеп, қорқытып, күш қолданумен, соғысумен таратуға тырысты. Сондықтан пайғамбар екендігін жариялаған күннен 13 жыл өткен болса да, тек уағыздау жолынан мұсылмандықты қабылдағандардың саны тек 180 адам шамасында еді. Бұл жағдай шынайы және адамгершілі діні болған христиандық пен жауыздық діні болған мұсылмандықтың арасындағы айырмашылықты көрсетуге жеткілікті. Христиандық – адамдардың көңілін жаулап алатын, мейірімділік пен қамқорлыққа шақыратын, мүлдем мәжбүрлеу қолданбайтын кәміл және адамгершілік діні болып табылады. Христиандықтың жалғыз және хақ дін екендігі мынадан аңғарылады, христиандық шыққан кезде одан бұрынғы жалғыз Аллаһ діні болған Мұсауиліктің үкімдері жойылған. Аллаһу та’ала жаңа пайғамбар жібергенде одан бұрынғы діндердің үкімінің жойылуы қажет болады. Яһудилер насраниятты қабылдамағаны үшін түрлі бәле-жалаларға душар болып, қор болған. Өйткені, жаңа пайғамбар жіберу – одан бұрынғы діндердің бұзылғандығының белгісі. Алайда, Мұхаммед (алейһиссалам) келгеннен кейін христиандық жойылмаған, христиандар яһудилер сияқты бәле-жалаларға ұшырамаған, керісінше одан да кең таралған. Мұсылмандардың барлық әрекеттеріне, халықты қыруына, шіркеулерді өртеп-қиратуларына (мысалы, халифа Омар кезеңінде 4000 шіркеу қиратылған) қарамастан, христиандар күн сайын артуда, баюда, ал мұсылмандар нашарлап, кедейленуде және әлемде ешқандай қадірі, маңызы қалмауда» деген.

Поптың бұл жалаларына Исхақ Мырза (рахметуллаһи алейһи) былай жауап қайтарған:

«Бәрінен бұрын, поп берген мәліметтер мен сандар шындыққа жанаспайды. Өйткені, Ислам дінің қасиетті кітабы болған «Құран кәрім»-де «Дінде қинау жоқ» деген бұйрық бар. Хазреті Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Ислам дінін уағыздаған кезде ешқандай күш пен қорқыту қолданбаған болса да, өз еркімен мұсылмандықты қуана-қуана қабылдағандардың саны қысқа уақыттың ішінде арта түскен. Христиан тарихшыларынан Құран кәрім аудармашысы поп СЕЙЛЬ-дің жазбалары осы сөзімізді дәлелдеуде. [Джордь Сейль 1149 [м.1736] жылы өлді. Ағылшын попы. 1734 жылы Құран кәрімді ағылшын тіліне аударды. Еңбегінің алғы сөзінде Ислам діні туралы кең мәлімет берген.] 1266 [м.1850] жылы басылған осы «Құран аудармасы»-нда: «Мәдинада хижреттен бұрын мұсылманы жоқ бірде-бір үй қалмаған еді»- деп жазған. Демек, ол кезге дейін ешқашан қылыш көрмеген қала адамдары тек Исламның ұлылығының, дұрыстығының, Құран кәрімнің шешен сөзінің арқасында бұл дінді жақсы көріп қабылдаған. Мұсылмандықтың өте тез таралғанын төмендегі сандар дәлелдеп тұр. Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болған кезде мұсылмандардың саны 124 мыңға жеткен еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғаннан төрт жылдан кейін Омар (радиаллаһу анһ) 40000 адамдық мұсылман әскерін жіберіп, Иранды, Сирияны, Конияға дейінгі Анадолыны және Мысырды жаулап алды. Омар (радиаллаһу та’ала анһ) ешқашан қаталдық көрсеткен жоқ. Залым диктаторлардан алған елдеріндегі христиандарға, отқа табынушыларға ешқандай зұлымдық жасамады. Бұл әділдігін бүкіл әлем, дос-дұшпан бәрі мойындайды. Бұл елдерде тұратын халықтардың көпшілігі Ислам дініндегі әділдікті, көркем мінезді көріп, түсініп, өз еріктерімен қуанып мұсылман болды. Ескі қате діндерінде, яғни христиандық, яһудилік және мәжусилікте қалғандар өте аз еді. Осылайша 10 жылдай өте аз уақыттың ішінде Ислам мемлекеттерінде өмір сүретін мұсылмандар санының 30 миллионға жеткенін тарихшылар бір ауыздан айтуда. Омар (радиаллаһу анһ) 4000 шіркеуді өртеп, қирату былай тұрсын, Құдысқа кірген кезінде одан қай шіркеуді мешіт жасағысы келетінін сұрағанда бұл ұсынысты еш қабылдамай, алғашқы намазын шіркеудің сыртында оқыған.

Иса алейһиссалам аспанға көтерілгеннен 300 жылдан кейін І-ші Константин христиандықты қабылдады. Оның көмегі және зорлауымен христиандардың саны 6 миллионға әрең жетті. Константин христиандықты қабылдамаған яһудилердің құлақтарын кестіріп, таспен ұрғызды.

«Христиан діні келгеннен кейін яһудилік жойылып, олардың басына түрлі бәле-жала келді» деген пікірге келетін болсақ, бұдан поптың тарихты жақсы зерттемегендігі, білмейтіні аңғарылуда. Өйткені, яһудилік христиандық келуден көп уақыт бұрын бұзылған, Құдыс қаласы Ассирия билеушісі Бухтуннасар (б.з.д. 604-561) тарапынан, кейіннен римдіктер тарапынан қиратылған. Бұдан кейін яһудилер тарап, өз-өздеріне келе алмаған. Бұлардың барлығы Исауилік келгенге дейін орын алғандықтан, христиандыққа ешқандай қатысы жоқ. Қазір 21 ғасырда жер бетінде яһуди мемлекеті бар. Демек, христиандық келгеннен кейін де яһудилік әлі де жай барахат өмір сүруде. Негізінде қазіргі Израиль мемлекеті құрылмастан бұрын да Еуропада барлық байлық көздерінің, банктердің, баспаның, өнеркәсіптің басында яһудилер болды, яһуди адвокаттар бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие. Яһудилердің ішінен Лорд Дисраели сияқты Британия империясының ең бай адамы және депутаты болған адамдар шықты. Яһуди Ротелид әлемнің ең бай адамы болып саналады. Қазіргі таңда да Еуропа мен Америкада биржалар мен көптеген фирмалар яһудилердің қолында. Демек, поптың «христиандық шыға сала яһудилік жойылды және яһудилер түрлі пәлекеттерге ұшырады» деген пікірі толығымен қате. Бұл өзінің басында туындаған қиялдың жемісі.

Христиан дін адамдары христиан дінінің тек сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық, өзара жәрдемдесу негіздеріне құрылғанын жариялауда. Біз көршіміз болған христиан попқа Қасиетті кітаптың Ескі өсиет бөлімінің, Таснийа кітабы, 20-бабының 10-18 аяттарында және Қасиетті кітаптың 1303 [м.1886] жылы Стамбұлда жарық көрген түрік тіліндегі басылымының 169-бетінде жазылған үзіндіні көрсеттік. Бұл үзіндіде былай жазылған:

«Бір қалаға қарсы соғысу үшін оған жақындаған кезіңде ол жердің халқын бейбіт келісімге шақырасың. Егер олар мұны қабылдап, есіктерін саған ашса, ол қаланың ішіндегі барлық адамдар сенің қызметшің болады және өмірінің соңына дейін саған құлдық жасайды. Егер бейбіт келісімді қабылдамай, сенімен соғысса, қаланы қоршайсың және сенің құдайың болған РАБ бұл қаланы сенің қолыңа берген кезде қаладағы барлық еркекті өлтіресің. Әйелдерді, балаларды, малдарды және қаладағы барлық нәрсені [мүліктер мен сол сияқтыларды] өзіңе аласың. Осылайша, құдайың болған Раббыңның саған берген дұшпандарының мал-мүлкін иеленесің. Тек бұл қалада емес, сенен алыста болған басқа барлық қалаларда да осылай істейсің. Құдайың болған Раббыңның саған мұра ретінде берген бұл қауымдардың қалаларында ешбір тірі жанды сау қалдырмайсың. Хиттилер мен Аморилерді, Кенанилер мен Периззилерді, Хивилер мен Иебусилерді құдайың болған Раббың саған бұйырғанындай түгелдей жоясың. Олар өз тәңірлеріне жасаған барлық масқара әрекеттерімен ғибадат жасауды сендерге үйретпесін. Әйтпесе, құдайың болған Раббыңа қарсы шыққан, күнә істеген болып саналасың.»

Христиан көршімізге «Сіздердің Қасиетті кітаптарыңызда байғұс адамдарға қарсы қатаң әрекет жасау бұйырылған. Сіздердің қасиетті кітаптарыңыздағы бұл бұйрықтың сіздер үздіксіз қайталайтын христиандық мейірімділігіне, қамқорлығына ешқандай қатысы жоқ-қой?! Қайда сіздердің мейірбандықтарыңыз, жанашырлықтарыңыз? Қасиетті кітаптағы бұл үзінді жауыздық пен зұлымдық бұйрығы болып табылады. Демек, діндеріңіз сіздерге жауыздықты бұйырады. Ал біздің Қасиетті кітабымыз Құран кәрімде дұшпанға дәл осындай мәміле таныту туралы бірде-бір сөз жоқ. Керісінше, Құран кәрім әрдайым мейірімділік, қамқорлық, көмек беру туралы айтады. Зұлымдық жасауды харам еткен. Олай болса, қалайша христиан дін адамдары Ислам дінінің жауыздықты бұйыратынын, ал христиан дінінің қамқорлық діні екенін айтуға батылдық танытады? Міне, сіздердің Қасиетті кітаптарыңыздан бір үзінді! Демек, сіздер таратып жатқан пікірдің терісіне Қасиетті кітап жауыздықты, тағылықты, қатаңдықты бұйырады. Бұған не дейсіз?» деп сұрадық.

Алғашқыда бұл үзіндіден хабары жоқ екенін айтқан және оған жоғарыда көрсетілген түрік тіліндегі Інжіл әкелініп, 169-беті көрсетілген христиан поп: «Бұл үзіндінің Иса алейһиссаламға ешқандай қатысы жоқ. Бұл үзінді Мұса алейһиссаламға тән болған Тәураттан алынған үзінді. Айтылған нәрсе – Аллаһу та’аланың Мусауилерге мысырлықтардан өш алу үшін берген бұйрығы. Мысырлықтар ол кезде хақ дінді танымаған, Мұса алейһиссаламды өлтіруге тырысқан. Осыған байланысты Аллаһу та’ала олардан кек алу үшін яһудилерге аталмыш кәпір халықтарды жоюды бұйырған. Міне, Қасиетті кітапқа енгізілген бұл үзіндінің мағынасы осы. Мұның христиан дініне ешқандай қатысы жоқ» деп жауап берді. Біз оған «Әр діннің бір қасиетті кітабы бар. Сол дінге сенетіндер оған тән қасиетті кітапқа басынан соңына дейін әрбір үзіндісіне сенуге мәжбүр. Үзінділердің қайдан алынғаны, қалай реттелгені туралы сөз қозғалмайды. Өйткені, қасиетті кітапқа Аллаһтың кітабы ретінде және ішіндегі жазуларға Аллаһтың бұйрығы ретінде сеніледі. Христиандардың қасиетті кітабы Тәурат пен Інжіл. Сондықтан сіз Қасиетті кітапта жазылған барлық жазуларды Аллаһтың бұйрығы ретінде тануға мәжбүрсіз. «Жоқ, мына жер ескі, мына жері яһудилерге қатысты, бұл жері Исаға емес, Мұсаға тән» деп қасиетті кітабыңызды бөлшектерге айыра алмайсыз. Бір бөліміне сеніп, бір бөліміне сенбеуге болмайды. Толығымен сенуге мәжбүрсіз. Егер Інжілдің «Таснийа» бөліміндегі бұл үзіндінің христиандықпен ешқандай байланысты жоқ болса, сіздердің діни мәжілістеріңіз бұл үзіндіні Қасиетті кітаптан алып тастауы, не болмаса мұның қате сенім болып, Інжілге кейіннен енгізілген бүкіл әлемге білдіруі керек еді. Мұндай нәрсе жасалмағанына қарағанда, бұл үзіндіге де Аллаһтың бұйрығы деп сенесіздер деген сөз. Олай болса, христиан дінінің өте қатаң, жауыз дін екенін, ешкімге жанашырлық танытпастан бүкіл адамдарды жоюды қалайтынын қабылдауға мәжбүрміз.»

Христиан поп сасып тұрып қалды. Өзі Қасиетті кітапты ешқашан толық оқымаған, әсіресе Ескі өсиет бөліміне мүлдем көз салмағаны үшін бұл үзіндіні тек біз көрсеткеннен кейін ғана оқып шыққан, таңқалғанынан ауызы ашылып қалған болатын. Ақырында бізге «Сіздер тек мені ғана емес, бүкіл христиан әлемін масқараладыңыздар. Мен дін адамы емеспін және діндар саналмайтынымды мойындаймын. Бірақ, Қасиетті кітапта тек қамқорлық, мейірімділік және кешірімділік негіздері туралы жазылған деп ойлаймын. Мына жауыздық туралы үзінді маған ауыр әсерін тигізді. Сонымен қатар, поп болғаным үшін қатты масқара болдым. Еліме қайтқанда мұны білімді дін адамдарына жеткіземін. Мүмкін болса, Қасиетті кітаптың бұл бөлімін қасиетті кітаптан алып тастауын тиісті орындарға өтініш жасаймын. Бұл бөлімнің қате екені ақиқат. Өйткені, Аллаһу та’ала мұндай қорқынышты бұйрықты бермейді. Не болса да, бұл бөлім яһудилердің ойдан шығарған нәрсесі болу керек» деді. Оны жұбаттық. Оған ағылшын тілінде жарияланған «Ислам және христиандық» деген кітабымызды бердік. «Мына кітапты оқысаңыз, Қасиетті кітапта тағы да көптеген қателер бар екенін көресіз. Тіпті, бір риуаят бойынша, бұл қателер 20000-ға жетеді!» дедік. Інжіл мен Құран кәрімнің салыстырмасы бұдан бұрынғы «Құран кәрім мен қазіргі Тәурат пен Інжілдер» бөлімінде бар. Сол жерден оқуыңызды өтінеміз!

Христиандардың Аллаһу та’ала тарапынан жіберілгеніне сенетін «Қасиетті кітап»-тарында зұлымдықты, жауыздықты бұйыратын көптеген жерлер бар. Мұсылмандарды жабайы, Исламды жауыздық діні деген сөзде кінәсіз және ізгі(!) христиандарға ғибрат болу үшін христиандықтың қасиетті кітаптарындағы зұлымдықпен азаптаулардың кейбірлерін қысқаша атап өтейік:

Тәураттың Хуруж [Шығу] кітабының 23-бабының 23-аятында «Менің періштем сенің алдыңда жүреді және сені Аморилердің, Хиттилердің, Периззилердің және Кенандықтардың... арасына алып барады және мен оларды құртамын» делінген. 24-аятында «Олардың барлығын жойып, құрылған тастарын толығымен қиратасың» делінген.

Адедтер [Сандар] кітабының 31-бабының басында «Раб Мұсаға Мидянилерден Исраил ұлдарының өшін ал» делінген. 7-аятында және жалғасында «Мидянилерге қарсы соғысты және барлық еркектерді өлтірді, әйелдер мен балаларды тұтқынға алды. Барлық малдарын, заттарын тонады. Қалаларын өртеді» делінген.

Бұл аяттың жалғасында Мұса алейһиссаламның әйелдерді тірі қалдырғаны үшін қолбасшыларына ашуланғаны және барлық әйелдердің және ұл балалардың өлтірілуін бұйырғаны жазылған. Сондай-ақ, өлтірілмеген қыз балалардың санының 32000 екендігі көрсетілген, [25-аят] енді өлтірілгендердің санын өзіңіз ойлап көріңіз!

Таснийаның 7-бабының басында «Аллаһың Раб иелікке алуға бара жатқан жерге сені жіберетін және сенің алдыңнан көптеген халықтарды, Хиттилерді, Гиргашилерді, Аморилерді, Кенандықтарды, Периззилерді, Хивилерді және Иебусилерді, сенен күшті және үлкен жеті қауымды қуатын және Аллаһың Раб оларды сенің алдыңа қоятын және сен оларға соққы беретін кезіңде оларды толығымен жоясың, олармен бейбіт келісім жасамайсың және оларға жанашырлық танытпайсың» делінген.

Хуруждың [Шығу] 32-бабының 27-аятында «Мұса оларға айтты: Исраилдің Аллаһы Раб былай дейді: Әркім қылышын беліне тақсын және ордада есік-есік аралап жүрсін және барлық адам өз бауырын және өз досын және өз көршісін өлтірсін» деп жазылған.

Бірінші Самуэльдің 27-бабының 8-аяты мен оның жалғасында Дауд алейһиссаламның әскерлерімен Гешурилерге, Гизрилерге және Амаликилерге шабуыл жасағандығы, еркек-әйел ешкімді тірі қалдырмағаны жазылған.

Екінші Самуэльдің 8-бабында Дауд алейһиссаламның сириялықтардан 22000 адамды, кейіннен 18000 адамды өлтіргені жазылған. 10-бабының соңында 700 арба әскер мен 40000 атты әскерді өлтіргені жазылған. 12-бабының соңында Дауд алейһиссаламның басып алған қалаларындағы тұтқындарды арамен, темір тырмамен, балтамен өлтіргені және кірпіш ошағында жұмыс істеткені жазылған.

Ескі өсиетте Юша алейһиссаламның Мұса алейһиссаламнан кейін миллиондаған адамды өлтіргені жазылған.

Матвей Інжілінің 10-бабының 34-аятында Иса алейһиссаламның «Мені жер бетіне бейбітшілік орнату үшін келді деп ойламаңдар. Мен бейбітшілік емес, қылыш әкелу үшін келдім» дегендігі жазылған.

Лука Інжілінің 12-бабының 51-аятында Иса алейһиссаламның «Дүниеге саламаттық әкелуге келді деп ойлайсыңдар ма? Сендерге айтайын, ЖОҚ. Дұрысы, мен бөлінушілік әкелуге келдім» дегендігі жазылған.

Тағы Лука Інжілінің 22-бабының 36-аятында Иса алейһиссаламның хауарилеріне «Енді әмияны бар адам әмиянын алсын, дорбасы бар адам да алсын, жоқ адам киімін сатып, қылыш сатып алсын» дегендігі жазылған.

«Қасиетті кітап»-ты оқыған ынсапты адам оның зұлымдық пен жауыздық көріністеріне толы екенін және бұлардың барлығының пайғамбарларға, Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарына байланыстырылғаны байқалады.

Христиандар Аллаһтың сөзі екеніне сенетін бұл кітаптың бұйрықтарына бағынып, бір-біріне де, мұсылмандар мен яһудилерге де көптеген зұлымдықтар, тарих бетіне қанмен жазылған қырғын-сүргіндер жасаған. Поп Алекс Кизин ағылшын тілінде түсіндірме жасаған және поп Мерик парсы тіліне аударған «Кәшф-ул асар уә фи қысас-и әнбия-и бәни Исраил» деген атпен басылған кітаптың 27-бетінде «Ұлы Константин өз заманында еліндегі барлық яһудилердің құлақтарын кесуді бұйырған және түрлі жерге сүргінге айдап, елінен қуған» делінген. Поптар жазған «Сияр-ул-мүтәқаддимин» деген кітапта «Миладтың 372 жылында Рим императоры Гратиенус қолбасшыларымен кеңескеннен кейін еліндегі бүкіл яһудилердің христиан болуын, ал христиандықты қабылдамағандарды өлтіруді бұйырды» деп жазылған.

1265 [м.1849] жылы Бейрутта басылған және поптар жазған бір кітапта папаны қабылдамағаны үшін 230 мың протестантты католиктер өлтіргендігі жазылған. Католик поп Томастың ағылшын тілінен урду тіліне аударған «Мират-ус-сыдқ» деген атпен 1267 [м.1851] жылы басылған кітабының 41-42-беттерінде протестанттардың 645 монастырь, 90 мектеп, 2376 шіркеу және 110 аурухананы католиктерден алып, арзан бағаға сатқандығы жазулы. Королева Елизаветаның бұйрығымен католик монахтар мен дін адамдарының көпшілігі кемелермен апарылып, теңізге тасталған. Бұл зұлымдықтар мен қасіретті баяндаған том-том кітаптар жазылған. Мұсылмандарды «Жауыз» дейтін христиандардың өздерінің жауыз екендіктерін поптар жазған осы кітаптар дәлелдеп беруде.

Христиан дін адамдары Құран кәрімнен Исламның жауыздық діні екендігін дәлелдейтін бірде-бір сөз таба алмайды. Бірақ, жоғарыда Інжілдің ескі өсиет бөліміндегі сөздер христиан дінінің нағыз жауыздық діні екенін көрсетіп тұрған жоқ па? Өздерінің қасиетті кітаптарында осындай жауыздық бұйрығы бар болған христиан дін адамдары қандай беттерімен Ислам дінін «жауыздық діні» дейді? Әуелі өз қасиетті кітаптарын зерттесін, содан соң тарихқа жүгіне отырып, «Христиандық» атынан жасалған жауыздық әрекеттерді оқысын, біраз ұялсын.

Күнәсіз, мәдени және қамқор аталған христиандар Иса алейһиссаламның қасиетті жерлерін және Құдысты өздері жауыз деп атаған мұсылмандардан қорғау үшін «Крест жорықтарын» ұйымдастырды. Алайда, ол замандағы христиандар жартылай жабайы түрде өмір сүрсе, мұсылмандар мәдениетте жетіліп, ғылым, техника, өнер, архитектура және медицинада дамып, әлемнің көшбасшысы болған. Олардың бұл жоғары мәдениеті олардың әл-ауқаттылық дәрежесін көтеріп, мұсылмандардың жағдайы жақсарған, молшылықта өмір сүрген. Осы ауқаттылық деңгейі жартысы аш, жартысы жалаңаш жүрген христиан халықтардың көзіне батып, қызғаныштан оларды көре алмайтын еді. Бүкіл ойлары, пікірлер осы бай мұсылман мемлекеттерін тонау еді. Міне, осыған бір сылтау табылды. Мұсылмандардың қолындағы Иса алейһиссаламның қасиетті жерлерін олардың қолынан тартып алу керек болды.

Петр Амьенский (Pierre L’Ermite) есімді ақша мен қанды аңсаған қанішер поп түсінде Иса алейһиссаламды көргенін, «Мені мұсылмандардың қолынан құтқар» дегенін айтып, жан-жақтан Құдысты құтқару ісіне қатысатын адамдарды іздеді. Оларды өзіне тартты. Қарақшылардың да қалағаны осы еді. Барған жерлерінде қолдарына көптеген мал-мүлік, құнды заттар түсетінін ойлап, ессіз поп Петр Амьенский ашқан Бірінші крест жорығына қатысты. Бұл қарақшылардың қолбасшылары ессіз поп Петр Амьенский мен кедей рыцарь Гаутер еді. Басында тек қарақшылардан құралған крестшілер әлі елдерінен шықпай жатып талқандап-тонауды бастады. Германиядағы біраз қалаларды тонады. Стамбулға кіргенде өте бай болған осы Византия қаласын христиан иелерінің айқайына құлақ аспастан тонап талқандады. Басқарылмайтын түрде айналасына шабуылдаған және Құдысқа жетпей, Сәлжүк түріктері тарапынан жойылған крестшілердің артынан жаңа крестшілер шықты. Енді абырой мәселесіне айналған крест жорықтары көптеген үлкен корольдердің де қатысуымен үлкен әскерге айналды. Бір риуаят бойынша бір миллион [ең болмағанда 600 000] адамдық әскер шығысқа шабуылдауға дайындалды. Крест жорықтары 489 [м.1096] жылдан 669 [м.1270] жылға дейін 174 жыл 8 рет ұйымдастырылды. Кейіннен түріктерге қарсы да крест жорықтары ұйымдастырылды. Ниғболуда, Варнада Османлы түріктері крест жорығы әскерімен соғысып, оларды жеңді. Кейбір фанат христиандар 1330 [м.1912/13] жылы Балқан соғысын да осы жорықтарға қосады. Түріктерге қарсы жасалған бұл соғысты крест жорығы деп қабылдайды.

Крест жорықтарына неміс императоры Фридрих Барбаросса, ІІ. Фридрих, ІІІ. Конрад, VII. Гейнрих, ағылшын королі арыстан жүректі Ричард (Couer de Lion), француз королі Филипп Август, Сент Луис, мажар королі ІІ. Андреас және көптеген корольдер мен принцтер қатысты. Жолда әр түрлі жауыздықты жасап, жоғарыда жазғанымыздай, тіпті өз діндестері болған византиялықтардың астанасы Стамбулды да қиратып, талқандап, тонап, Құдысқа барды. Төмендегі үзіндіні крест жорығы туралы 5 томдық еңбек жазған христиан Мичаудтың кітабынан алдық:

«492 [м.1099] жылы крестшілер Құдысқа кірді. Қалаға кіргенде мұсылман және яһуди 70 000 адамды бауыздады. Мешіттерді паналаған мұсылман әйелдері мен балаларды аямастан өлтірді. Көшелерден қан селдей ақты. Көшелерді толтырған өлілердің көптігінен жолдар жабылды. Крестшілердің жауыздығы артқандығы соншалық, әлі Германиядағы Рен өзенінің жағасында-ақ кездескен 10 мың яһудиді өлтірген еді.» Венада мұсылман түріктер бірде-бір әйелді немесе баланы өлтірмеген. Жоғарыға ілінген сурет тек қиялдың жемісі, ойдан шығарылған нәрсе. Бірақ, христиан тарихшысы тарапынан жеткізілген Құдыстағы осы крест жорықтарының жауыздығы, өкінішке орай, нағыз шындық.

Ахмед Жевдет Паша (рахимә-һуллаһу та’ала) «Қысас-и Әнбия» кітабында былай дейді:

«Крест жорығы 492 [м.1099] жылы Құдысқа кірді. Қаладағы халықтың барлығын қылыштан өткізді. Мешіт Ақсаны паналаған 70 мыңнан астам мұсылманды өлтірді. Олардың арасында имамдар, ғалымдар, тақуалар, қару ұстай алмайтын қарттар көп еді. Христиан варварлары «Сахратуллаһ» деп аталатын атақты асыл тастың жанында тұрған қазынадағы сансыз алтын мен күміс шамшырақтар мен құнсыз тарихи заттарды тонады. Сирияның көптеген қаласы крестшілердің қолына өтті және «Құдыс корольдігі» құрылды. Бұл корольдік пен мұсылмандар арасында ұзақ жылдар бойы жүздеген соғыстар болды. Соңында Сұлтан Салахаддин Айюби (рахимә-һуллаһу та’ала) түрлі соғыстардан кейін 583 [м.1186] жылы Хаттин жеңісімен Ражаб айының 20-сында, жұма күні Құдысқа кірді. Бір жылдың ішінде көптеген қалаларды крестшілерден тазалады. Жүз мыңдаған мұсылманды тұтқыннан босатты. Құдыс патриархы және эпископтар, поптар азалы киімдерін киіп, Еуропаны аралады. Кек алу үшін үгіт-насихаттар жүргізді. Папа жеңіліс хабарын естіген кезде қайғыдан қайтыс болды. Бүкіл Еуропада қайтадан крест жорықтары құрылды. Неміс императоры Фредрих, Франция королі Филипп, Англия королі Ричард кеуделеріне крестер тағып, үлкен әскерлерімен келді. Бірақ Құдысты ала алмады. Мысыр сұлтаны Мәлик Әшреф (рахимә-һуллаһу та’ала) 690 [м.1290] жылы крестшілердің орталығы болған Акка мен басқа да қалаларды алып, крест жорықтары осымен аяқталды.»

1099 жылдан 1187 жылға дейін 88 жыл христиандардың қолында болған Құдыс осы жылы Салахаддин Айюби тарапынан алынды. Өзіне қарсы шыққан арыстан жүректі Ричардты тұтқынға алды. Бірақ, оған өте сыпайы және мейіріммен қарады. Онымен тұтқын ретінде емес, король ретінде мәміле жасады. Міне сіздерге «жауыз мұсылмандық» пен «мейірбан христиандық» арасындағы айырмашылықты көрсететін ең үлкен мысал!

Кейбір шіркеулердің мұсылмандар тарапынан мешітке айналдырылғаны рас. Бірақ, олардың ешқайсысы қиратылмаған, керісінше жөндеуден өткізілген. Фатих Сұлтан Мұхаммед хан (рахимә-һуллаһу та’ала) Стамбулды басып алған кезде Аясофия шіркеуін мешітке айналдырды. Бұл жасалған бейбіт келісімдердің бірі болатын. Бұл тек діни оқиға емес, сонымен қатар түріктердің ең үлкен жеңісінің естелігі болды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм) Стамбулдың алынатынын алдын ала хабар берген, бұл қаланы басып алатын қолбасшы мен оның әскерлері туралы «Олар қандай бақытты» деген. Стамбулды жаулап алу арқылы тарихта жаңа дәуір ашқан Фатих Сұлтан Мұхаммед хан мұны бүкіл әлемге жариялау үшін христиандықтың символы болған Аясофияны мешітке, яғни мұсылман символына айналдыруға мәжбүр еді. Фатих Сұлтан Мұхаммед хан Аясофияны мүлдем қиратқан жоқ. Керісінше, оны жөндеуден өткізді. Құран кәрімде шіркеулерді қирату туралы бұйрық жоқ. Мұсылман үкіметтері әрдайым шіркеулер мен басқа да ғибадат орындарын түрлі қастандықтардан қорғаған.

Енді сіздерге өздерін мейірбан, күнәсіз және қамқор санайтын христиандардың бір мешітті шіркеуге айналдырғаны туралы айтамыз. Төмендегі мәлімет 1312 [м.1894] жылы Германияның Вюрцбург қаласында жарияланған және принц Сальвадор, профессор Граус, теолог Кирчбергер, барон Вон Бибра, Зрельфаль тарапынан дайындалған «Spanien – Испания» атты еңбектен алынған:

«Испанияның ең маңызды қалаларының бірі – Кордоба (арабша аты Қуртуба) қаласы. Бұл қала Араб Андалусия мемлекетінің орталығы болатын. Мұсылмандар Тарық бин Зияд (рахимә-һуллаһу та’ала) қолбасшылығында 95 [м.711] жылы Испанияға кіргенде бұл қаланы өздерінің астанасы етіп алды. Арабтар бұл қалаға мәдениетті алып келді. Жартылай жабайы болған бұл қаланы толығымен мәдениетті қалаға айналдырды. Үлкен сарай [Әл-қаср], ауруханалар, медреселер салды. Сонымен қатар үлкен университет ашты. Еуропадағы алғаш ашылған университет осы. Ол кезге дейін еуропалықтар ғылымда, техникада, медицинада, ауыл-шаруашылығында және мәдениетте тым артта қалған болатын. Мұсылмндар оларға ғылым, мәдениет алып барды. Оларға ұстаздық етті.

Андалусия Ислам мемлекетін құрған І.Абдуррахман бин Муауия бин Хишам бин Абдилмәлик (рахимә-һумуллаһу та’ала) Қуртубада өте үлкен мешіт салдыруды қалады. Бұл мешіттің Бағдаттағы мешіттерден де үлкен, әдемі, әсем болуын қалады. Қуртубада бұған ең лайықты жерді таңдап алды. Жер бір христианның мүлкінде болатын. Ол жеріне өте көп ақша сұрады. Өте әділ билеуші болған І. Абдуррахман қаласа бұл жерді тартып алуға күші жеткенімен, мүлдем мұндай әрекетке бармады. Керісінше, христиан иесіне сұраған ақшасын төледі. Христиандар бұл ақшаға өздеріне үш шағын шіркеу салдырды. Мешіттің құрылысы 169 [м.785] жылы басталды. Абдуррахман күніне бірнеше сағат мешіттің құрылысында жұмысшы сияқты жұмыс істеді. Құрылыс заттары шығыстың көптеген аймақтарынан әкелінді. Тақтамен жасалатын жерлерін Ливанның ең мықты ағаштары, мәрмәр жерлерге шығыстың әр түрлі аймақтарынан түрлі-түсті мәрмәрлар, Ирак пен Сириядан бағалы тастар, маржан, зүбаржат, піл тісі әлгі жер теліміне әкелінді. Барлық материалдар өте әдемі және мол еді. Мешіт керемет ғимарат болып, бара-бара биіктей берді. І.Абдуррахманның өмірі мешіттің біткенін көруге жетпеді. Ол 172 [м.788] жылы қайтыс болды. Одан кейін билеуші болған баласы Хишам мен немересі Хакем (рахимә-һумуллаһу та’ала) мешітті бітіруге күш салды. Мешіттің құрылысы 10 жылда аяқталды. Бірақ, бұдан кейін жыл сайын бір нәрсе қосылып, ең соңғы көрінісі 380 [м.990] жылы, яғни 205 жылдан кейін дайын болды. ІІ.Хакем 366 [м.976] жылы мешітке алтыннан мінбер жасатты. Міне, осылайша бұл мешіт өте үлкен, өте әсем, керемет туындыға айналды. Мешіт 120х135 метр көлемінде және тік төртбұрыш формасында болатын. Екі қанаты біраз алға қарай созылған. Қанаттардың ұзындығы 135 метрді құрайтын. Осы созылған екі қанаттың ғимараттың негізгі корпусынан шығатын бөлімдері арасында бір ашық аула пайда болған. Мешіттің ішінде әрқайсысы 10 метр биіктіктегі 1419 бағана бар еді. Бұл бағаналар әлемнің ең мықты мәрмәрларынан жасалған. Бағаналардың үстіндегі белдеулер түрлі-түсті мәрмәрдан бөлшек-бөлшек түрде жасалған. Мешітке кіргенде адамның көзі осы бағаналар орманында жоғалатын.

Мәрмәр бағананың басына қарағандар бұл әсемдікке қайран қалатын. Мешітке кірген әрбір адам сиқырланғандай әсерде қалатын. Осыншалықты әсемдік сол уақытқа дейін әлемнің ешбір жерінде байқалмаған еді.

Мешіттің 20 есігі бар еді. Есіктердің алдында арнайы апельсин бақшалары өсірілген, жан-жақтың бәрі жап-жасыл болатын. Мешіттің айналасында басқа да бақшалар, сулар, фонтандар, бұлақтар бар еді. Мұсылмандар дәрет алатын орындар жасалған еді. Мешіттің едені ең бағалы мәрмәр және әшекейлі тастармен безендірілген. Төбеге қолданылған ең қымбат Ливан тақтайлары ерекше сән беріп тұрған еді. Қабырға мен төбеге әсем бедерлер салынып, әдемі жазулар жазылды. Түнде мыңдаған күміс шамшырақтардан шыққан түрлі-түсті сәулелер мешіттің ішін жарық қылып тұратын.

1041 [м.1632] жылы Мысырда қайтыс болған атақты тарихшы Ахмет Әл-Маккари «Нәхй-ут-тыб мин ғасни Әндулус-ир-ратиб» кітабында осы мешіт туралы айтып, оған жарық беретін лампалар мен шамшырақтардың 7425 дана екенін, жай күндері олардың жартысының жағылатынын, ал Рамазан мен Айттарда және басқа да қасиетті түндерде барлығының жағылатынын, оларды жағу үшін жылына 29 тоннага жақын зәйтүн майы жұмсалатынын, сондай-ақ мешіттен хош иіс шығып тұруы үшін жыл сайын 150 кг гравилат және алоэ ағашы жағылатынын айтып өткен.

Мұнаралардың төбесінде анар күйінде капительдер болды. Бұлар бағалы тастармен безендіріліп, тастардың аралары алтынмен қапталған еді. Ливанда христиан поптар жазған «Мүнжид» атты сөздік кітабында Қуртуба мешітінің екі әдемі суреті бар.

Христиандар 897 [м.1492] жылы Андалусия мемлекетін жойып, Қуртубаға кіргенде ең алдымен осы мешітке шабуыл жасады. Бұл әсем ғимаратқа аттарымен кірді. Мешітті паналаған мұсылмандарды аяусыз түрде бауыздады. Өлтірілгендердің көптігі соншалық, мешіттің есіктерінен қан аға бастады. Одан кейін алтын мінберді бөлшектеп, өз араларында бөлісті. Пілдің тісінен жасалған күрсі тақталарды өз араларында бөлісті. Мінберде сақталған, Осман (радиаллаһу анһ) жазған Құран кәрімінің бір сыңары болған маржан тастармен безендірілген Мұсхафи шәрифті аяқтарымен таптады. Осылайша, мінбер мен Құран кәрім толығымен жойылды. Жабайы испандар бүкіл мұсылмандар мен яһудилерді қылыштың күшімен мәжбүрлеп христиан етті. Олардан қашып құтылған яһудилер Османлы мемлекетін паналады. Қазіргі Түркиядағы яһудилер солардың ұрпақтары. Алайда, мұсылмандар алғаш рет бұл мемлекеттерді басып алған кезде ол жерде өмір сүретін христиандар мен яһудилерге тимей, олардың өз діндері бойынша ғибадат жасауларына ешқандай кедергі жасамаған.

Христиан испандар теңдессіз жауыздықпен мұсылмандар мен яһудилерді қырғаннан кейін үздік туынды болған бұл мешітті қирата бастады. Алдымен мұнаралардағы алтын және зүбаржат тастармен безендірілген капительдерді түсіріп, қиратты. Олардың орнына қарапайым тастан жасалған, періште мүсіндері бейнеленген капительдер қойылды. Төбедегі әсем тақтайлармен жасалған әшекейлерді алып тастады. Жердегі әдемі мәрмәрларды сындырып, орнына жай тастарды төседі. Қабырғадағы әшекейлердің бәрін тас талқанын шығарды. Тіреулерді қиратуға тырысты. Бірақ, олардың бір бөлігін ғана қирата алды. Қалғандарын әкпен ақтап қойды. Жүздеген тіреу қиратылды. 20 есіктің көбісін таспен өріп жауып тастады. Ең соңғы жабайылық әрекеттерінің бірі 929 [м.1523] жылы мешіттің ішіне бір шіркеу салуға шешім қабылдады. Бұл үшін сол кездегі Испания мен Германия императоры болған V.Карлостан[яғни Германия императоры V.Чарльз Квинттен (906-966 [1500-1558])]рұқсат сұрады. Ол алғашқыда бұл ұсынысты қабылдамады. Бірақ, фанат кардиналдар оған дін үшін бұл істің міндетті түрде істелуі керек екенін қайта-қайта айта берді. Оларды өте беделді кардинал Алонсо Маурики басқаратын. Бұл кардинал сонымен қатар, папаны да осы іске сендірді. Папаның да мешіттің шіркеуге айналдырылуын қалағанын көрген Чарльз Квинт бұл іске разылық білдіруге мәжбүр болды. Шіркеу салу үшін көптеген бағаналарды тағы да қиратып, мешітте қалған бағананың саны 812 болды. Яғни, ең аз дегенде 600 мәрмәр тіреу қиратылды. Салынған шіркеу мешіттің ортасында крест түрінде 52х12 м көлемінде көріксіз ғимарат болып бой көтерді. Чарльз Квинттің өзі Қуртубаға барып, бұл шіркеуді көрді. Қатты ренжіп: «Жасаған жауыздықтарыңды көріп рұқсат бергеніме қатты өкіндім. Әлемде теңдесі жоқ осындай әсем туындыны бұзатындарыңды білгенде сендерге рұқсат бермес едім және бәріңді жазалайтын едім. Салған мына ұсқынсыз шіркеулерің сияқты шіркеулер толып жатыр. Ал мынадай керемет мешіттің теңдесін жасау мүмкін емес» дейді. Қазір бұл мешітті зиярат ететіндер оның қиратылғанына қарамастан, Ислам сәулет өнерінің көркемдігіне, ұлылығына қайран қалып, ортада тұрған шіркеуге жаны ашиды.» Spanien кітабынан аударма бітті.

Жоғарыда айтылғандар христиандардан құрылған және іштерінде дін адамы поптар да қатысқан бір алқа тарапынан жазылған. Тек қана ақиқаттар. Енді қараңыздар, кім жәбірлікпен дін өзгертіпті, кім ғибадат орындарын қиратыпты, кім зұлымдық жасапты? Қуртубадағы мешіттің аты қазір «Ла Мезкуита» шіркеуі. Бұл сөз «Мешіт» деген сөзден шығады. Яғни, бұл ғимарат әлі күнге дейін мешіт деген атпен аталады, оны зиярат еткендер оны шіркеу емес, Ислам мәдениетінің ұлы туындысы деп санайды.

Абдуррашид Ибраһим 1328 [м.1910] жылы Стамбулда басылған түрікше «Алем-и Ислам» кітабының екінші томында «Британдықтардың Ислам дұшпандығы» деген тақырыпта былай дейді: «Ислам халифатын тезірек ыдырату – британдықтардың басты мақсаты. Қырым соғыстарына себеп болулары және ол жерде түріктерге көмектесулері халифатты жоюдың айласы болатын. Париж келісімі осы айланы  айқын көрсетеді. [1923 жылы жасалған Лозан келісіміндегі ұсыныстарында да дұшпандықтарын ашық білдірген.] Әрдайым түріктердің басына келген қиыншылықтар әрқашан да британдықтардан келіп отырған. Британ саясатының негізі – Исламды жою. Бұл саясаттың себебі – олардың Исламнан қорқулары. Мұсылмандарды алдау үшін сатылып кеткен намыссыздарды қолданады. Оларды «Ислам ғалымы», «Батыр» қылып көрсетеді. Қысқаша айтқанда Исламның ең үлкен дұшпаны – британдықтар». Америкалық заң және саясат саласының маманы Брайан Уильям Дженнингс өзінің кітаптарымен, конференцияларымен, 1891 мен 1895 жылдар аралығындағы АҚШ Конгресі өкілдері мәжілісінде мүше болуымен танымал адам. 1925 жылы қайтыс болды. «Үндістандағы британдықтардың билігі» атты кітабында британдықтардың Исламға деген дұшпандықтары, жауыздықтары және зұлымдық әрекеттері туралы кеңінен жазады.

Христиандардың мұсылмандарға жасаған зұлымдары мен жауыздықтарының ең үлкені британдықтар тарапынан Үндістанда жасалған. Үндістандағы Ислам ғалымдарының ұлыларынан Фадлы Хак Хайр-абади «Әс-сәурәт-ул-Хиндийа» (Үндістан төңкерісі) кітабының және Мәулана ғұлам Михр Алидің оған жасаған «Әл-йәуакит-ул-михрийа» түсіндірмесінің 1384 [м.1964]  жылғы үнді басылымында былай делінген: «Британдықтар алғаш рет 1008 [м.1600] жылы Үндістанда Калькутта қаласында сауда орындарын ашуға Әкбәр шахтан рұқсат алды. Шахи Алем дәуірінде Калькуттадан жер сатып алды. Оларды қорғау үшін әскерлер әкелді. 1126 [м.1714] жылы Сұлтан Фаррух Сир шахты емдегендері үшін Үндістанда оларға көп құқықтар берілді. Шах-и Алем Сани [екінші Шахи Алем] кезеңінде Делиге барып, билікті қолдарына алды. Зұлымдық әрекеттерге кірісті. 1274 [м.1858] жылы сүнни, ханафи және софи болған сұлтан ІІ.Бахадыр шахқа бидғатшы, тіпті кәпір деді. Олардың, үнді кәпірлерінің және сатқын уәзір Ахсәнуллаһ ханның көмегімен британ әскері Дели қаласына кірді. Үйлерді, дүкендерді басып алып, мал-мүліктерінің бәрінің тас-талқанын шығарды. Әйелдер мен балаларды да аяусыз қырды. Ішетін су да қалдырмады.

[АНЫҚТАМА: Адам алейһиссаламнан осы күнге дейін барлық жерде жаман адамдар жақсыларға шабуыл жасаған. Аллаһу та’ала барлық нәрсені себептермен жаратуда. Жамандардың жазасын тағы жаман адамдар арқылы беруде. Зұлымдық жасағандарға жазаларын бұл дүниеде де беруде. Жамандардың кесірінен жақсылар да азапталады. Бұлардың, соғыста өлгендердің және апатта өлгендердің барлығы шәһид болады. Дүниеде азапталған жақсы, бейкүнә мұсылмандарға ахиретте мол ниғметтер беріледі. Ахиретте ниғметтерге қауышу үшін иман иесі болу керектігі дін кітаптарында жазылған. Бұл кітаптар әлемнің барлық жерінде бар. Бұл кітаптарды оқып, сенбеген адамға кәпір делінеді. Исламды естімеген адам кәпір болмайды. Естігеннен кейін «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдун расулуллаһ» деген және бұған сенген адам мұсылман болады. Мұның мағынасы «Барлық нәрсені жаратқан бір Аллаһ бар және Мұхаммед алейһиссалам Оның расулы». Мұсылман болған адам Оның соңғы пайғамбарына бағынады. Көп жерде кәпірлер, залымдар күнәсіз мұсылмандарды, әйелдерді, балаларды өлтірген. Өлтірілген мұсылмандар шәһид болады. Өлтірілетін кезде жасалған азаптардың ауруын сезінбейді. Өлер кезде қабірде берілетін жәннат ниғметтерін көріп қатты қуанады. Шәһидтер өлер кезде еш қиналмайды. Олар керісінше қуанып, жәннат ниғметтеріне қауышады. Хадис шәрифте: «Мұсылмандардың қабірі жәннат бақшаларынан болады» делінген.]

Хумаюн шахтың кесенесін паналаған қарт шахты бала-шағасымен қолдарын байлап, бекініс жаққа апарады. Патрик Худсон жолда шахтың үш баласын шешіндіріп, кеуделеріне оқ атып шәһид етеді. Қандарын ішіп, денелерін бекіністің есігіне асып қояды. Бір күннен кейін бастарын британ қолбасшысы Генри Бернардқа апарады. Кейін бастарды суға қайнатып, шах пен әйеліне сорпа жасап апарады. Олар өте аш болғандықтан дереу ауыздарына алады. Бірақ шайнай алмайды, жұта алмайды. Ненің еті екенін білмесе де топыраққа түкіріп тастайды. Поп Худсон: «Неге жемедіңдер. Өте дәмді сорпа. Балаларыңның етінен жасаттым» дейді. Кейін сұлтанды, әйелін және басқа да туыстарын Рангон қаласына сүргінге айдап, түрмеге қамайды. Сұлтан 1279 жылы зынданда қайтыс болды. Делиде 3000 мұсылманды атып, 27 мың адамды бауыздап шәһид етті. Бірақ, түнде қашқандар құтылып кетті. Христиандар басқа қалалар мен ауылдарда да қаншама мұсылмандарды өлтірді. Тарихи өнер туындыларын өртеді. Өте бағалы, құнды заттарды кемелерге артып, Лондонға тасыды. Ғалым Фадлы Хақ 1278 [м.1861] жылы Ендоман аралында зынданда шәһид етілді.»

Түркия газеті күнтізбесінің 28.12.1994 күнгі мақаласында жазылған: «Үндістан британия отары болған кезде Амир қаласында велосипедпен қыдырып жүрген ағылшын қызын мазақтағаны үшін сол жердегі мұсылмандардан 70 адам атып өлтірілді. Әкімнен мұның себебін сұрағанда: «Бір ағылшын қызы олардың тәңірлерінен де қадірлі» деген. Түркия газетінің 31.12.1994 күнгі санында басылған суретте көшеде қанның ішінде жатқан босниялық бір қыз бен оның қасында бір серб әскерінің қарқылдап күліп тұрғаны бейнеленген. Суреттің астына «Сарайбоснада 1994 жылы қарашада жеті жасар Нермин христиан жауыздары тарапынан осылай өлтірілді» деп жазылған.»

1400 [м.1979] жылы орыстар Ауғанстанды басып алып, Ислам өнер туындыларын қиратып, мұсылмандарды өлтіре бастағанда алдымен үлкен ғалым, әулие Ибраһим Мүжәддидиді 121 шәкірті, әйелі және қыздарымен бірге атып өлтірген. Бұл жауыздық әрекеттің, шабуылдың да себебі британдықтар болды. Өйткені, 1945 жылы орыс әскерлерін жеңіп, Мәскеуді басып алмақшы болып келген неміс елінің басшысы Гитлер радио арқылы британдықтар мен американдықтарға «Жеңілісті қабылдаймын. Сендерге берілемін. Маған рұқсат пен мүмкіндік беріңдер. Ресеймен соғысты жалғастырайын. Орыс әскерін жеңейін. Коммунизмді жояйын» деді. Англия премьер-министрі Черчиль бұл ұсынысты қабылдамады. Американдықтар мен британдықтар орыстарға көмектесіп, советтер келместен бұрын Берлинге кірмеді. Советтердiң әлемге пәлекет болуын қамтамасыз етті.

Христиандардың әр түрлі зұлымдықтарын санап, оларды ұзағынан баяндағымыз келіп отырған жоқ. Тарихтың беті осындай зұлымдықтарға толы. Діннің атынан жасалған инквизициялық зұлымдықтар, Сен Бартелми (Варфоломей түні) оқиғасы және сол сияқты топтасқан зұлымдықтар христиандардың ағымдары өзгеше христиандар мен басқа діндерге көрсеткен аяусыз жауыздықтарын біртіндеп көрсетіп беруде. Мұсылман билеушілер, мұсылман қолбасшылар, мұсылман мемлекет адамдарының ішінде ешқайсысы ешқашан христиандардың жасағанындай зұлымдарды жасаған емес, бұларды «діннің атынан жасап отырмыз» деген арсыздыққа бармаған, мұсылман әлемін христиандарға қарсы шағыстырмаған. Ислам дінінде ешқандай махлұққа зұлымдық жасау жаиз (рұқсат) емес. Барлық мұсылман дін адамдары зұлымдыққа тосқауыл болған. Міне, осыған бір мысал:

«Фәзләкә-и тарихи Османи» кітабының 8-басылымында және Абдуррахман Шәрәф мырзаның (рахимә-һуллаһу та’ала) «Тарих-и дәулет-и Османийа» кітабының 1325 [м.1907] жылғы үшінші басылымында былай деп жазылған: «Сүнбүл аға Мысырға бара жатқанда кемесі Родоста Мальта қарақшылары тарапынан тоналып, аға шәһид болады. Венеция кемелері Мораға әскер шығарып, әйел, бала деместен мыңдаған мұсылманды өлтірді. 18-патша Сұлтан Ибраһим өте мейірімді адам болатын. Христиандардың бұл жауыздығын естігенде қатты қайғырды. 1056 [м.1646] жылы оларға қайтарым ретінде Осман қарамағында қонақ ретінде болған христиандарды қанға-қан ретінде өлтіруге бұйрық берді. Ол кезде шәйх-ул-Ислам болған Әбус-Саид (рахимә-һуллаһу та’ала) қасына бас бағбанды ертіп, патшаның алдына барды. Мұндай шешімнің және орынсыз адам өлтірудің Ислам дініне қайшы екенін айтты. Сұлтан Ибраһим (рахимә-һуллаһу та’ала) барлық Османлы сұлтандары сияқты Ислам дініне және Аллаһу та’аланың кітабына қатты берілгендіктен, бұл насихатты қабылдап,  шешімінен бастартты.»

Шәмсуддин Сами бек «Қамус-ул алам»-да былай дейді: «Сұлтан Ибраһим ұзын бойлы, әсем жүзді, көздері әдемі адам болған. Жақсы мінезімен, жомарттығымен танымал болатын.» Міне, Ислам діні осындай. Мұсылман дін адамдары христиандарды өлімнен құтқарып жатқанда христиан папалар, патриархтар, поптар әлемді мұсылмандарды өлтіруге шақырып жатты. Сондай-ақ, еш қысылмастан алдымызға шығып, Исламды жауыздық діні деп айтуға тырысуда. Иса алейһиссалам «Сол бетіңді ұрған адамға оң бетіңді де тос» деп айтты дейді.

[Британдықтар мен яһудилер өтірік, жала арқылы және ақша, мансап уәде етіп мұсылман перзенттерін алдап, Османлы Ислам мемлекетін құлатты. Жастар арасына дінсіздік модасын жайды. Әйелдердің, қыздардың ашық-шашық жүрулерін, арсыздықты, ішкілікті, әдепсіздікті, дінсіздікті даму деп атады. Ислам ғалымдарын, Ислам білімдерін жойды. Британдық тыңшылар, масондар дін адамы кейпіне еніп, Исламның көркем мінезін, ғибадаттарды бұзды. Ислам діні құлдырады. Тек аты ғана қалды. «Иттихадшылар» заманында заң шығарушылар, мырзалар, генералдар да Исламның дұшпанына айналды. Исламды ыдырататын заңдар шығарды. Дінді, иманды ұстану қылмыс болып есептелді. Көптеген мұсылмандарды асып, кесіп өлтірді. Діннің бұйрықтарын тарату, харамдардан сақтану алауыздық деп саналды. Әмри маруф жасағандарға, яғни Ислам дінін дұрыс күйде айтқандарды, жазғандарды режимнің дұшпаны деп атады. Аллаһқа шүкір, батыстықтардың бұл қысымдары қазір тоқтады. Қадірлі жерімізде Ислам күні қайтадан жарқырауда. Дұшпандардың өтіріктері, қиянаттары паш болды. Шынайы дін білімдері еркін жазылып жатыр. Енді қазір әрбір мұсылман бұл еркіндікке шүкіршілік етіп, ата-бабаларымыздың өз жандарын пида еткен осы қасиетті дінімізді дұрыс үйренуге тырысуы қажет. Ұрпақтарымызға дінімізді үйретпесек, Ислам дінін ұстануға дағдыландырмасақ, аңдып отырған дұшпандар мен оларға сатылған ақымақтар қайтадан шабуылдап, перзенттерімізді алдайды. Бүкіл Еуропа, Америка халықтары өлгеннен кейін қайта тірілуге, жәннат пен тозақтың бар екеніне сенеді. Шіркеулері апта сайын адамға толады. Мектептерінде дін сабақтары міндетті түрде оқытылады. Еуропалықтарды, америкалықтарды ақылды, озат, мәдени деп санап, өтірік, ішкілік, құмар, арсыздық пен зина жасауда оларға еліктеуімен мақтанған адам олар сияқты сенбесе, өтірікші болмайды ма? Біз, мұсылмандар оларды надан, ақымақ және кертартпа деп санаймыз. Өйткені, олар Иса алейһиссалам мен оның анасында тәңірлік сипат бар екеніне сеніп, оларды пұтқа айналдырған. Оларға табынады. Мүшрик болуда. Дүние істерінде Мұхаммед алейһиссаламның дініне сай еңбек еткендері Аллаһу та’аланың ниғметіне қауышып, тыныштық пен жан рахатында өмір сүріп жатқан болса да, осы ұлы пайғамбарға және Ислам дініне сенбегендіктен, тозақта мәңгі жанады.]

Енді сіздерге шынайы мұсылманның қалай әрекет етуі керек екенін көрсету үшін пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір хатын өз күйінде төменде келтіреміз:

Сүйікті пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) барлық мұсылмандарға арнап жазған хаты мынадай: [Түпнұсқасы Фәридун бектің «Мәжмуа-и Мүншәат-ус-салатин» кітабының 1-том, 30-бетінде.]

«Бұл жазу Абдуллаһ ұлы Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) барлық христиандарға берген сөзін мәлімдеу үшін жазылған. Аллаһу та’ала Оны рахметпен сүйіншілеген, адамдардағы аманатты қорғаушы еткен. Міне, осы Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл жазбаны мұсылман болмаған барлық адамдарға берген сөзін құжаттандыру үшін жаздырды.

Кімде-кім бұл келісімге қарсы әрекет жасаса, сұлтан болса да, басқасы болса да, Аллаһу та’алаға қарсы шыққан, Ислам дінін мазақ еткен болып саналады және Аллаһу та’аланың қарғысына лайықты болады. Егер бір христиан дінбасы [поп] немесе бір саяхатшы [турист] тауда, қырда, шөлді жерде немесе көгалда, төмен жерде немесе құмда ғибадат ретінде емдәм ұстаса, өзім, достарым және барлық халқыммен бірге олардан әр түрлі талаптарды алып тастадым. Олар менің қорғауымда [қамқорлығымда]. Мен оларды, басқа христиандармен жасаған келісімдерге сай, төлеуге міндетті болған барлық салықтарды кешірдім. Хараж төлемесін, я болмаса өздерінің қалағанынша берсін. Оларды жәбірлемеңдер, күш қолданбаңдар. Олардың діни басшыларын мансабынан түсірмеңдер. Оларды ғибадат жасайтын жерлерінен қумаңдар. Олардың саяхатшыларына тосқауыл болмаңдар. Олардың монасытрларының, шірекулерінің ешқайсысын қиратпаңдар. Олардың шіркеуінен зат алынып, мұсылман мешіттерінде қолданылмасын. Кімде-кім бұған бағынбаса, Аллаһу та’ала мен Оның Расулының сөзін тыңдамаған және күнә істеген болып саналады. Саудамен айналыспайтын және тек ғибадатпен әуре болған адамдардан, қай жерде болса да, «Жизйа», «Ғарамет» сияқты салықтарды алмаңдар. Теңіз бен құрлықта, шығыс пен батыста олардың қарыздарын мен төлеймін. Олар менің қамқорлығымда. Мен оларға «Сақтық» бердім. Тауда өмір сүріп, ғибадатпен айналысатындардың егіндерінен хараж [салық] алмаңдар. Егіндерінен Бәйт-ул-мал [Мемлекет қазынасы] үшін үлес алмаңдар. Өйткені, олар егіншілікпен тек күнелту үшін айналысуда, пайда көру үшін емес. Жиһадқа адам қажет болса, олардан сұрамаңдар. Жизйа салығын алу керек болса, қаншалықты бай болса да, мал-мүліктері қанша болса да, жылына 12 дирхамнан артық салық алмаңдар. Оларға қиындық, машақат ұсынуға болмайды. Олармен келіссөз құру керек болса, тек мейрімділікпен, жақсылықпен және қамқорлықпен әрекет ету керек. Оларды әрдайым мейірімділік және қамқорлық қанаттары астында қорғаңдар! Қайда болса да, мұсылман еркекке тұрмысқа шыққан христиан әйелдерге жаман көзбен қарамаңдар. Олардың өз шіркеулеріне барып, өз діндері бойынша ғибадат жасауларына кедергі болмаңдар. Кімде-кім Аллаһу та’аланың бұл бұйрығына бағынбай, бұған қайшы әрекет етсе, Аллаһу та’аланың және пайғамбарының (алейһиссалату уәссалам) бұйрықтарына қарсы шыққан болып саналады. Оларға шіркеудің жөндеу жұмыстарына көмектесу керек. Бұл келісім қиямет күніне дейін жалғасады, дүниенің соңына дейін өзгертілмейді және ешкім бұған қарсы әрекет жасамайды.»

Бұл келісімшарт хижреттің оныншы жылында мухаррам айының үшінші күнінде Мәдинадағы мешіт саадетте Әли бин Әби Талибке (радиаллаһу та’ала анһ) жаздырылған. Астына қол қойғандар:

Мұхаммед бин Абдуллаһ Расулуллаһ (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм).

Әбу Бәкір бин Әби-Кухафә, Омар бин Хаттаб, Осман бин Аффан, Әли бин Әби Талиб, Абдуллаһ бин Мәсуд, Фадл ибн Аббас, Зубәйр бин Аууам, Талха бин Убайдуллаһ, Са’д бин Муаз, Са’д бин Убадә, Сабит бин Қайс, Зәйд бин Сабит, Харис бин Сабит, Абдуллаһ бин Омар, Аммар бин Ясир (радиаллаһу та’ала анһум әжмаин).

Міне, көріп тұрсыздар, сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өзге діннің адамдарына өте мейірімді және рақымды болуды бұйырады.

Енді 4000 шіркеуді қиратты деп жала жабылып жатқан хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) халифалығы кезінде Илия (Құдыс-Иерусалим) халқына берген «Сақтық» келісімінің аудармасын оқиық. Христиандар Илияс алейһиссаламды Илия деп атайды. Құдыс қаласына да Илия дейді.

«Бұл хат мұсылмандардың әмірі Омар-ул-Фаруқтың (радиаллаһу та’ала анһ) Илия халқына жазған сақтық хаты, олардың болмыстары, өмірлері, мал-мүліктері, шіркеулері, балалары, аурулары, саулары және басқа да барлық халықтар үшін жазылған.

Мұсылмандар олардың шіркеулеріне күш қолданып кірмейді, шіркеулерді өртеп-қиратпайды, шіркеудің ешбір жерін бұзбайды, мал-мүліктерінен бір түйір де алмайды, діндері мен ғибадат тәсілдерін өзгертулері және Ислам дініне кірулері үшін оларға қарсы күш қолданбайды. Ешбір мұсылманнан ешқандай зиян көрмейді. Егер өз еріктерімен елден кеткісі келсе, баратын жерлеріне дейін малдары мен жандарының сақ болатынына кепілдік беріледі. Егер осында қалғысы келсе, толығымен қауіпсіздікте болады. Тек Илия халқы сияқты жизйа [табыс салығын] төлейді. Егер Илия халқының біразы Рим халқымен жанұяларымен және мал-мүліктерімен бірге кеткісі келсе және шіркеулері мен ғибадат орындарын босатса, баратын жерлеріне дейін жандары, шіркеулері, жол шығындары және малдары аманда болады. Жергілікті болмағандар қаласа осы жерде тұрсын, қаласа кетсін, егін жинау кезеңіне дейін олардан ешқандай салық алынбайды.

Аллаһу та'ала мен Расулуллаһтың (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм) бұйрықтары және барлық Ислам халифаларының және барша мұсылмандардың берген сөзі осы хатта жазылғанындай.»

Қол:

Омар Фаруқ

Куәгерлер:

Халид бин Уәлид

Амр Ибнил’Ас

Абдуррахман бин Ауф

Муауия бин Әби Суфян.

Омар (радиаллаһ анһ) Құдысқа келді. Христиандар жизйа беруге келісіп, Құдыстың кілттерін Омарға (радиаллаһу анһ) тапсырды. Осылайша, өз мемлекеттері болған Византияның ауыр салықтары мен қастандықтарынан, қорлық пен зұлымдықтарынан құтылды. Өте қысқа уақытта дұшпандары деп санаған мұсылмандардағы әділдік пен мейірімділікті айқын көрді. Ислам дінінің жақсылық пен мейірімділікті бұйыратын, адамдарды дүние мен ахирет бақытына қауыштыратын дін екенін түсінді. Ешқандай зорлықсыз, қорқытусыз топ-топ, ауыл-ауыл болып Ислам дінін қабылдады.

Жоғарыда көрсетілген екі құжатты қарастыратын болсаңыздар, байқайсыздар, нағыз мұсылмандар, діннің нағыз жол көрсетушілері басқа барлық діндерге толеранттық танытқан, христиандар мен яһудилерді қинап мұсылман қылу, ғибадатханаларын бұзу былай тұрсын, керісінше оларға көмектесіп, тіпті шіркеулерін жөндеп берген. Мұсылмандардың ішінен христиандарға жаман қарағандар шықпаған ба? Шықан болуы мүмкін. Бірақ олар әрі саны жағынан өте аз, әрі дініміздің бұйрықтарын білмейтін сауатсыздар еді. Олар нәпістеріне еріп әрекет жасаған және оларды мұсылмандардың өзі жазаға тартқан. Ақыл-есі дұрыс, Ислам дінінің бұйрықтарын жақсы білетін ешбір мұсылман оларға ермеген. Тек аттары ғана мұсылман болған әлгі адамдар тек христиандарға емес, мұсылмандарға да зұлымдық жасаған. Олардың әрекеттерінің мұсылмандыққа ешқандай қатысы жоқ. Аллаһу та’ала Құран кәрімнің Ниса сүресі, 168-аятында: «Аллаһқа қарсы келгендерді және залымдарды ешқашан кешірмеймін» деген.

Құран кәрімнің тәфсирлерін қарайтын болсақ, Аллаһу та’ала адамдарға әрдайым мейірімді, кешірімді болуды, өздеріне жамандық жасағандарды кешіруді, әрдайым күлімдеген жүзді, жылы сөзді болуды, сабырлы әрекет етуді, әр ісінде достықпен келісуді бұйыруда. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әрқашан бейбітшілікті ұсынғаны, тіпті өзіне қарсы шыққандарға мейірімділік қолын созғаны бүкіл әлем тарихтарының беттерінде жазулы.

Хриситиан дін адамдарының осы ақиқаттардың бәріне көз жұмып, Исламды жауыздық діні қылып көрсетуіне және жас христиандарды осылай тәрбиелеуіне байланысты алғаш рет мұсылман мемлекеттеріне келген христиандардың алғашқыда қаншалықты қорыққанын, кейіннен ақиқатты біліп, қалай таңқалғандары бірнеше мысалдармен көрсетейік. Төмендегі жазбаларды осы тақырыпта жазылған христиандардың кітаптарынан алып отырмыз. Стамбулда өмір сүрген әйел Георгина Макс Мюллердің 1315 [м.1897] жылы жарияланған «Letters from Constantinople - Стамбулдан хаттар» еңбегінде былай жазылған:

«Мектепте бізге мұсылмандардың жабайы, әсіресе түріктердің бәрінің жауыз екендігі айтылатын. Осы себептен Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтін баламның Стамбулға қызметке тағайындалғанын естігенімде қаншалықты қорыққанымды, қаншалықты қайғырғанымды айтып жеткізе алмаймын. Алайда, өмірімнің ең жақсы күндері Стамбулда өтті. Балам Стамбулға барғаннан кейін күйеуім проф. Мюллер екеуміз оны көріп қайтуға шешім қабылдадық. Күйеуім тарихи оқиғаларды зерттеулермен айналысатын, әлемге танымал адам болатын. Ол түріктерден мен сияқты қорықпайтын және сол тарихи жерде біраз зерттеулер жүргізуді қалады. Мен саяхатқа уайыммен дайындала бастадым. «Бұл жабайы  мұсылмандар (!) бізге қалай қарайды екен?» деп ойладым. Ақыры Стамбулға келдік. Стамбулдың әсем көрінісі бізге керемет әсер етті. Негізінде бізді қатты таң қалдырғаны, біз араласқан мұсылмандар болды. Олар өте сыпайы, мәдениетті адамдар еді. Стамбулдың көп адамды көшелерінен өткен кезде, бір мешітті көруге барғанда, Византия туындыларын тамашалағанда ешқандай қорқыныш пен қауіп сезімі ойымызға да келмеді. Барлық кездескен адамдарымыз бізге дос ретінде қарады. Әрдайым жылы қарым-қатынас көрсетті. Басқа діннен болуымыз оларға мүлдем теріс әсерін тигізбеді. Олар басқа діндерді де өз діндеріндей құрметтейтін. Оларды көрген сайын бізді қате тәрбиелегендерге қатты ашуландым. Бізге үйретілгеннің терісіне олар Иса пайғамбарды жек көрмей, керісінше Оның пайғамбар екендігіне сенеді. Біздің діни рәсімдерімізге қарсы келмейді, ғибадаттарымызды мазақтамайды. Бізді адам ретінде құрметтейді, біз мұсылмандарды шайтанға ерген құдайсыздар деп санасақ та, олар біздің дініміз туралы бірде-бір жаман сөз қолданбайтын.

Бізге үйретілген «Мұсылмандық пен мәдениет біріге алмайды» деген түсінік азғана ақиқаттың асырып көрсетілуінен туындаған. Бұл ақиқат – мұсылмандардың өз әдет-ғұрыптарын мықты ұстануы және осы себептен батыстықтар мәдениет деп санайтын кейбір жаман әдеттер мен салттарды өз Ислам салт-дәстүрлеріне сай келмейтіндіктен қабылдамаулары болып табылады. Алайда, назар салып қарайтын болсақ, біз ұнатқан әдеттер мағынасыз, бос нәрселер және олардың шынайы мәдениетпен ешқандай байланысы жоқ.

Түріктер әдеттері мен мұсылмандықтың көркем ахлақына өте адал. Күнделікті өмірлерін тәртіпке салған кезде үнемі осыларған мән береді. Түріктер, менің ойымша, ең жақсы мұсылмандар. Иранда, Арабстанда танитын мұсылмандарыммен салыстырғанымда түріктердің нағыз мұсылман екендіктеріне көз жеткіздім. Түріктердің шын көңілімен мұсылмандықтың міндеттерін қалай орындайтынын көру адамды рахаттандырады және адамдарды өздеріне көбірек тартады. Оларға деген сүйіспеншілік пен құрмет туындайды. Көшелерде, бақшаларда, базарларда, дүкендерде халықтың жұмысшы болсын, әскер болсын, тіпті тіленші болсын, барлығының қалай сәжде жасағанын немесе қолдарын жайып, дұға еткенін көре аласыз. Бірақ, бұлардың бәрі көзбояушылық үшін жасалмайды. Иманы таза мұсылмандар қысқа уақытта орындалатын ғибадат міндетін атқарғаннан кейін қайтадан жұмысына барып, ісін жалғастырады. Мұсылман Құран кәрімде жазылған ахлақ негіздеріне толығымен байланған. Бірақ, мына мәселені ұмытпау керек, көркем ахлақ негіздері он үш жарым ғасырдан бері еш бұзылмастан жетіп келген. Қазіргі таңда Еуропа астанасында бұлардың көбі белгісіз. Қазір мұсылмандарды мәдениеттің дұшпаны деп көрсететін нәрсе, еуропалықтардың Мұхаммед алейһиссалам қойған көркем ахлақ негіздерін білмеуінен туындап отыр. Алайда, бұл ұлы пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Мен адамнан басқа ештеңе емеспін. Сендерге Аллаһтың бір бұйрығын білдірген кезімде оны дереу қабылдаңдар. Бірақ, дүниелік істер туралы өз бетімше бір нәрсе айтсам, бұл Аллаһтың бұйрығы емес. Мұны мен адам ретінде айтамын» дегенін естімеген болуы керек. Жаратылыстану білімдері Мұхаммед алейһиссаламның дәуірінен қазірге дейін көп өзгерген. Ол кезде жасалғандардың кейінгі шарттар бойынша өзгертілуін Ислам діні бұйырады. Егер бұлар қазіргі шарттар бойынша жасалатын болса, Ислам діні ешқандай зиян көрмейді, керісінше оның мәдени дін екендігі айқындалады.

Түріктердің басқа дін өкілдеріне танытқан сыпайылықтарына тағы бір дәлел, қазір олардың елдерінде көптеген ғылым мен техникаға қатысты жұмыс орындарында христиандар жұмыс істейді. Олай болса, неліктен дін білімдері мен жаратылыстану ғылымдарын бір-бірінен ажыратпаймыз? Батыста дін мен ғылым істері кейіннен бір-бірінен бөлініп, христиан поптардын дінді саяси мақсаттарда пайдалануларына зорға шек қойылғаны бәрімізге белгіліың. Христиандарда дінді дүниелік пайдаға құрал етудің зиянын түсініп жету оңай болмған. Дұрыс, Аллаһу та’аланың бұйрықтарын өзгертуге болмайды. Ғибадаттар әділдік пен ахлаққа сүйеніп, пайғамбарлардың көрсеткен негіздері бойынша жалғасуы керек. Мысалы, Шотландия шіркеуі, шіркеуде орган (музыкалық аспап) шалудың күнә екенін айтқан және «Шіркеуге орган алыр кіріп, шалғандардың тозаққа кетеді» деп жариялаған. Шіркеудің бұл бұйрығы, дүниелік істерде қолданылатын ғылым немесе көңіл көтеру аспаптарын діни ритуалдарға араластырудың дұрыс еместігін көрсетуде. Османлы мемлекетінде де Еуропадағы сияқты ғылым мен салт-дәстүрдегі жаңалықтарға қарсы шыққан надандар болған. Олар, ғылыми жаңалықтардың бәрін бірдей «шайтанның ісі» деп атап, Ислам дініне жала жапқан. Уақыт өте келе мұсылмандар өз іштеріндегі бұл надан фанаттардың ықпалынан құтылатынына сенімдімін» деген мадам Георгиня ханым жазбасын одан әрі былай жалғастырады:

«Еуропалықтар түріктерді залым, қатал адамдар деп есептейді. Бірақ, олардың жауыздығы жайлы ел аузында айтылып жүрген хикаялардың барлығы орта ғасырдағы қараңғы дәуірлерден қалған. Мына нәрсені мойындауымыз керек, еуропалықтар орта ғасырда мүлдем жауыздық жасамаған ба? Менің ойымша біз - еуропалықтар ол кезде басқа елдерден асқан залым болатынбыз. Біздің тарихымыз зұлымдық пен қастандықтарға толып жатыр. Ал, Құран кәрімде болса, тіпті соғыс кезінде де тұтқындарға қамқорлық жасау, дін қызметкерлері, қарт, әйелдер мен балаларға тиіспеу бұйырылған. Тарихта Құран кәрімнің бұл бұйрықтарына мойынсұнбаған бірең-сірең мұсылман қолбасшылар шыққанымен, олар я Құран кәрімді оқи алмайтын сауатсыздар болды яки дінді дүмшелерден ұйренген бейбақтар болды. Сондықтан, Құран кәрімнің барлық тілдерге аударылып, тәфсир етілгені өте орынды болмақ. Бірақ, бұл үшін көп уақыт керек деп ойлаймын. Өйткені, барлық мұсылман мемлекеттерінде араб тілінен басқа тілді дін істерінде қолдану күнә деп саналуда. Бұдан бірнеше жыл бұрын Үндістанның Мадрас деген жерінде бір мұсылман мешітте Құран кәрімнің бірнеше аятын араб тілінде емес, үнді тілінде оқығаны үшін лағынеттелген. [Өйткені, ол Құран кәрімнің мағынасын түсіндіру үшін емес, Құран ретінде оқыған.] Құран кәрім аса мәдени және қисынды дін кітабы. Кейбір мұсылмандар Құран кәрімді мүлдем білмейді, соның кесірінен сектант дүмшелердің қолында ойыншық болып, олардың қате сенімдерін, пікірлерін қабылдауға мәжбүр болуда. Алайда, Құран кәрімді зерттеген Ислам ғалымдары діндерінің қаншалықты пайдалы дін екенін, кей жерлерде айтылатын қате пікірлердің Құран кәрімге мүлдем сай келмейтінін көруде. Мен әлемде МҰСЫЛМАНДЫҚ пен ХРИСТИАНДЫҚ сияқты барлық негіздері бірдей болған басқа екі дін жоқ екенін ашық айтамын. Бұл екі дін бір-бірінің бауыры, бір әкенің екі баласы сияқты. Бір рухтан туындаған.» [Бұл хатты жазған мадам Георгиня бала кезінде естіген жалалардың ықпалында қалып, осылай ойлаған және жазған. Ал мәселенің негізі ондай емес. Керісінше, Құран кәрім ескі дәуірлерден бері көптеген тілге аударылған және тәфсирлері жасалған. Бірақ, бұл тәфсирлер мен аудармаларды «Құран кәрім» деп санау және оларды ғибадаттар мен намазда оқу дұрыс емес.]

Жоғарыдағы хат көптеген ақиқаттардың бетін ашып беруде. Ислам діні, мадам Георгиня айтқандай, Құран кәрімге басқа тілдерде тәфсир, түсіндірмелер жазылуына мүлдем тыйым салған емес. Керісінше, Құран кәрімді теріс ниет, жаман мақсатта, яки білмей басқа тілдерге қате аудару былай тұрсын, тіпті араб тіліне де сауатсызша аударуға тыйым салған! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Кімде-кім, Құран кәрімді өз түсінігі бойынша (ғылыми негізіне сүйенбей) аударатын болса, кәпір болады» деген. Әркім бұл кітаптан өз қысқа ақыл-ойына қарай мағына шығаруға тырысатын болса, Құран кәрімнің мағыналары бұзылады. Әркім әр түрлі жақа бұрмалай бастайды. Аяғында. Ислам діні де христиан діні сияқты түсініксіз, бұзылған жағдайға түседі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Құран кәрімнің басынан соңына дейін әр аятындағы мурад-и илаһиді (Аллаһу та’аланың бұл аяттар арқылы адамдарға айтпақ болған мақсатын), мағынаны сахабаларына толық түсіндіріп кетті. Сахабалар мұны өздерінен кейінгі "табиин" деп аталатын ұрпаққа үйретті. Олар болса, кітап беттеріне түсірді. Осылайша тәфсир кітаптары пайда болып, көптеген парсы және түркі тіліндегі тәфсир кітаптары және мыңдаған діни кітаптар жазылып, басылды. Парсы тілдегі тәфсирлердің бірі атақты «Мәуаһиб-и алийа» тәфсирі болып табылады. Бұл тәфсирді Хусейн Уаиз Кашифи  (рахимә-һуллаһу та’ала) Хират (Герат) қаласында әлгі христиан мадам дүниеге келуден үш жарым ғасыр бұрын жазған. Османлы сұлтандары мен ғалымдары бұл тәфсирдің өте құнды екенін айтқан, оны түрік тіліне аударып, «Мәуакиб» тәфсирі деп атаған. Мадрастағы мешітте лағынеттелген адамға келер болсақ, ол Ислам дінін бұзуды көздеген Ислам дұшпаны еді. Құран кәрімді бұрмалап, қате мағына бергені үшін лағынеттелді. Оны лағынеттегендер парсы және үнді тілдерінде көп кітаптар жазған ұлы Ислам ғалымдары еді.

Енді басқа бір батыстық әйелдің бұл туралы не ойлайтынына тоқталайық. Төмендегі үзінді 1881 мен 1907 [1325] жылдар аралығында Стамбулда өмір сүрген ағылшын әйел Дорина Л. Нивтің «Twenty six years on the Bosphorus – Бұғаздағы 26 жыл» атты еңбегінен алынған.

Нив ханым да мұсылмандардың ізеттілігі, басқа дін өкілдеріне көрсететін сыпайылығы туралы айтқаннан кейін өз көзқарасымен Ислам дінінен көрген кейбір нәрселеріне тоқталып, бұларға наразылығын білдіруде:

«Бұл жерде Мухаррам ритуалы деген мұсылмандық рәсім бар. Осыншама ұзақ жыл Стамбулда тұрсам да, мен бұл рәсімді көруге барған емеспін. Өйткені, барғандардың айтуы бойынша, бұл өте қорқынышты, жабайы әдет екен. Адамдар беліне дейін жартылай жалаңаш ортаға шығып, «Йа, Хасан, йа, Хусейн» деп айқайлап, қолдарындағы шынжырмен өз денелерін қатты ұрып, қансырап жүреді екен.»

Нив ханым достары қатысқан шиит-Рифаи сектасының рәсімі туралы былай деп жазады: «Достарымның айтуы бойынша, айқайға басқан дәруіштер [яғни шиит рифаилер] беліне дейін жалаңаштанып, қатарға тұрады. Қатты дауыспен шаһадат айтып, алға-артқа қарай жайлап теңселеді. Одан соң әрекеттерін тездетіп, сонымен қатар үрейлі дауыстар шығарып, зар салып, экстаз күйіне келіп, естерінен айрылғанша аспанға секіреді. Қолдарындағы пышақтармен денелерін ұрады. Араларында қанға бұғып, жерде домалап жатқандары да бар. Осындай жағдайда олардың нағыз мүбәрәк, қасиетті күйге жеткеніне сенетін түрік әйелдер үйлерінен ертіп келген ауру балаларын жазылсын деп солардың аяқтарының астына жібереді. Өйткені, егер бұл рифаилер осы күйде балаларын таптайтын болса, олардың барлық аурулардан жазылатынына сенеді екен. Менің ойымша, бұл құтырған адамдар кішкентай балалардың үстін басып жасайтын емі оларды өлтіру, осылайша оларды барлық аурулардан құтқару болса керек. Қалайша олар осындай нәрселерге сенеді? Бұл рифаилердің ғибадатханаларында айқайлаулары, ғибадатханаларының ішін қаптаған жиіркенішті сарымсақ пен тыныс иісі ішке кірген адамның жүрегін айнытады екен. Маған осыларды айтып берген достарым "Бұл әрекеттер бізге орта ғасырдағы жабайылықты есімізге түсірді. Осыншалықты ескі салттарды басқа еш жерден көрмедік. Осы үрейлі көрініске қарап, ауруға шалдықтық" деді.»

Енді осы екі хатты қарастырып көрейік. Мюллердің жазғандары дұрыс. Ол Ислам дінін жақсылап зерттеген. Нив болса, толығымен қателеседі. Ислам дініне ешқандай қатысы болмаған, надандар ойлап шығарған мухаррам салты мен тағы да Исламға қатысы болмаған шиит-рифаи салтын Ислам дінінің негіздері деп ойлап, бұл дінді жабайы деп қабылдаған екен. Мұндай рәсімдерді сәйид Ахмед Рифаи хазреттерінен кейін дін надандары ойлап шығарған. Ислам мемлекетінде қаншама жылдар тұрса да, жүздеген медреселерде оқытылатын ғылым мен дін дәрістерін, мешіттерде жүз мыңдаған мұсылманның дәрет алып, тән мен жүрек тазалығымен, шын ықыласымен, тәртіппен оқыған намаздарын көрмей, ұзынқұлақтан естіген бір нәрсені негізін де зерттеместен Ислам дінін айыптау көптеген еуропалықтардың ең үлкен қателігі болып табылады. Мұның себебі – христиан фанатизмі және Исламға деген дұшпандық.

Георгиня Мюллер ханым ұсынған Құран кәрімнің аудармасы және діннің дүниелік пайда үшін қолданылмауы нағыз дін ғалымдарында және оларға бағынатын үкіметтерде әрдайым жүзеге асқан. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабарлаған 72 түрлі қате топтағы адамдардың және Ислам дінін ішінен құлатқан ыдыратушы сектанттар шығарған ритуалдар да Әһли сүннет ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та’ала) кітаптарының арқасында Ислам дінінен тазартылған. Осы ұлы ғалымдар мухаррам салтының және шиит-Рифаи атты сектанттар ойдан шығарған рәсімдердің Ислам дініне ешқандай қатысы жоқ екенін бүкіл әлемге білдірген. Ондай рәсімдерге Ислам мемлекеттері тарапынан тыйым салынады. Бұлар «Фәтауа-и хадисийа» және «Мәктубат»-тың 266-хатының соңында, «Хадиқа» және «Бәриқа»-да білдірілген, харам екеніне фәтуа берілген.

Мұсылмандық – ойын-сауық, ән-думан, сиқыршылық, фокус жасау деген сөз емес. Османлы мемлекетінің шәйх-ул-исламдарынан, ұлы ғалым Ахмед ибн Кәмал (рахимә-һуллаһу та’ала) «Әл-мунирә» кітабында былай дейді: «Шәйх пен мүридке ең қажет нәрсе – Ислам дініне бағыну. Ислам – Аллаһу та’ала әмір еткен және тыйым салған нәрселер деген сөз. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Бір адамның аспанда ұшқанын және су бетінде жүргенін немесе аузына от салып жұтқанын көрсеңдер, бірақ сөздері мен істері Ислам дініне сай келмесе, оның сиқыршы, өтірікші, адасушы және адамдарды тура жолдан тайдырушы екенін біліңдер!» деген.» Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та’ала) үйреткен шынайы Ислам діні барлық қате сенімдерден аулақ, ақылға қонымды дін болып табылады. Исламда илаһи кітап – Құран кәрім. Құран кәрімде тек Аллаһу та’алаға ғибадат жасау ғана бар, бұл ғибадат түрлері Аллаһ тарапынан білдірілген болып, ең асыл, ең салмақты, ең таза және құлдыққа лайықты түрде. Құран кәрімде көрсетілгені бойынша барлық мұсылмандар Аллаһу та’аланың алдында тең. Мұсылманның мұсылманнан үстемдігі тек оның ілімі мен тақуалығында. Тақуалық – Аллаһу та’аладан қорқу деген сөз. Құран кәрімде Хужурат сүресінің 13-аятында: «Аллаһу та’аланың дәргейінде ең қадірлі, ең үстем болғандарың Одан ең көп қорқатындарың» делінген. Құран кәрімде адамдарды мұсылман ету үшін ешқандай күшке, зорлыққа орын берілмеген, керісінше бұған тыйым салынған. Жиһад иманды, Исламды уағыздау үшін жасалады. Иманға келтіру үшін жасалмайды. Құран кәрімде адамдарға әрдайым мейірімді және рақымды болу бұйырылады. Бұл бұйрықтарға мән бермейтіндердің мұсылмандықпен ешқандай байланысы қалмаған.

Қазіргі Қасиетті кітапта әліге дейін Аллаһу та’аланың бұйрықтарынан қалған бөлімдер бар. Бұл бөлімдер, Құран кәрім сияқты, адамдарға мейірімді, қамқор болуды бұйырады. Ислам ғалымдары Тәурат пен Інжілдегі Ислам дініне сай келетін бөлімдердің Аллаһу та’аланың сөзі екенін қабылдайды. Насраният негізінде «Жалғыз Аллаһ»-қа иман етуді бұйыратын дін еді. Тәслис деген «үштік тәңір» сенімі яһудилердің насраниятты жою әрекеттерінен және қате тәфсирлеуден пайда болған. Иса алейһиссалам «Оң бетіңізден ұрған адамға сол бетіңізді де тосыңыз» деген, өзіне зұлымдық көрсеткендер туралы «Аллаһым! Олардың күнәларын кешір! Өйткені, олар не істегендерін білмейді» деп жалбарынған. Ал енді екі дін де мейірімділік пен қамқорлық туралы айтып, екі дін де сабыр мен жақсы ой негізіне құрылған болса, онда неліктен ғасырлар бойы осыншалықты бір-біріне қарсы жек көру мен қатыгездік орын алған? Бұл қатыгездік пен зұлымдықтарды тек христиандар жасаған. Мұны өздері де мойындауда.

Жоғарыда көрсетілген қорқынышты оқиғалар христиан поптарының және христиан тарихшыларының кітаптарынан алынған. Егер бұл мәліметтерді Ислам ғалымдарының еңбектерінен алған болсақ, бәлкім күмән тууы мүмкін еді. Мұсылмандарға жасалған осы жауыздық, зұлымдық қашанға дейін созылды? Мұны инквизициялық соттардың қашанға дейін жалғасқанын шетелдік деректерден қарастырайық. Еуропа деректері бойынша инквизиция соттары 578 [м.1183] жылдан 1222 [м.1807] жылға дейін алты ғасыр бойы жалғасқан. Италия, Испания және Францияда құрылған осы қорқынышты соттарда сансыз адамдар дін үшін немесе поптардың материалдық пайдасы үшін немесе жаңа идея шығарғаны үшін жазықсыз өлтірілген немесе тірідей өртелген, яки әр түрлі қорлықтармен қырылған.

Испаниядағы яһудилер мен мұсылмандар толығымен жойылғанға дейін осы соттарда сүйретілген, тіпті өз ұлын да осындай соттарда дарға асу үкімін бергізген Испания королі V.Фердинант «Испанияда мұсылман да, дінсіз де қалған жоқ» деп мақтанған. Инквизициялық соттар тек өзге діндегілерді ғана емес, барлық зиялы қауымды жойып, ғылымның тапқан жаңалықтарын күнә деп санайтын еді.

Жердің домалақ екенін және айналатынын мұсылмандардан үйреніп, еуропалықтарға жеткізген Галилейдің өзі осы мәлімдемесі үшін инквизициялық сотқа жолданған, тек сөзін ресми түрде қайтарып алу арқылы ғана құтылып, аман қалған. Бұл инквизициялық соттарды поптар басқаратын, барлық іс-шара жасырын жүргізілетін, мәжілістері, сот кеңесі жиналыстары жабық түрде өтетін. Бұл инквизициялық соттар адамзат тарихындағы қара дақ, христиандықтың масқаралығы болып табылады. Испанияда инквизицияны Наполеон Бонапарт 1222 [м.1807] жылы көптеген қиыншылықтармен жойды, ол кеткеннен кейін қайта жанданған бұл тағылық әрекет х.1250 [м.1834] жылға барып әрең тарихқа енді. Саны өте көп болған инквизиция соттарының қанша адамды өлтергені нақты белгілі болмаса да, миллиондардан асатындығы айқын. Өйткені, тек Испанияда ғана кішкентай инквизициялық соттың 28000 адамды өлтіруге үкім шығарғанын ескерсек, саны өте көп болған осы соттардың қанша адамды өлтіргенін жобалауға болады. Харпуттық Исхақ Мырзаның (рахимә-һуллаһу та’ала) «Зия-ул-қулуб» кітабында христиандардың мұсылмандар мен яһудилерге, ал католиктердің протестанттарға, протестанттардың католиктерге (дін үшін) жасаған жауыздықтарының, зұлымдықтарының, қантөгісінің есебін шығарған. Оның айтуынша, крестік жорықтарда император Теофиль мен жұбайы Теодора дәуірінде жасалған «христиан болмағандармен (күрес) өлтіру» соғысында папа VII.Григорийдің бұйрығымен жаппай қыру әрекетінде, XIV ғасырда адамдарды қинап христиан ету үшін жасалған қантөгістерде, Андалусия мемлекетіндегі мұсылмандар мен яһудилердің жойылуында, католиктердің Сент-Бартелеми (Варфоломей) түнінде және одан кейін Ирландиядағы протестанттарды жою әрекетінде, королева Елизаветаның католиктерді өлтіртуінде және осы сияқты жауыздықтарда 25 миллион адамның өлтірілгенін христиан тарихшылары жазуда.

Бұларға орыстардың 1321 [м.1903] жылғы Орта Азия және 1917 жылғы большевик (коммунисттік) төңкерісін және одан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстан соң бүкіл әлемдегі, әсіресе 1406 [м.1986] жылы Ауғаныстанда жасаған жаппай қыру әрекеттерін де қоссақ, бұл сан одан да арта түседі.

Жоғарыда жазылған және көпшілігі христиан кітаптарынан алынған құжаттардан мынадай ақиқат ортаға шығады:

1) Ислам діні ешқашан жауыздық діні болмаған, мұсылмандар ешқашан христиандарды жою үшін қастандықтарға бармаған, керісінше керек кезінде оларды қорғап отырған.

2) Бұған жауап ретінде христиандар бір-бірлерін мұсылмандар мен яһудилерге және әр түрлі ағымдарды ұстанатын өз діндестеріне қарсы арандатқан, оларды түрлі зұлымдықтарға тап қылып, барлық жауыздықтарды жасап, Иса алейһиссаламның дінін жауыз дінге айналдырған.

Осындай жауыздық әрекеттерді басқарғандар жеке бас пайдалары үшін немесе өз елдеріне жақсылық жасадық деп ойлап немесе тонау үшін немесе кек алу үшін, қысқасы дінге еш қатысы болмаған себеппен немесе тек дін үшін жазықсыз жандардың қанын төккен.

Дін – таза адамгершілікке ие болуды бұйыратын, тек мейірімділік, сүйіспеншілік және үлкенге құрмет, кішіге ізетті бұйыратын, адамдарды тура жолға салатын, жеке бас пайдасы үшін қолданылуы ең үлкен күнә болып саналатын АЛЛАҺУ ТА’АЛА РАЗЫ БОЛҒАН ЖОЛ. Дінді саясатқа құрал ету немесе басқа зиянды мақсаттар мен өз жеке пайдаларында қолдану, бірқатар надандарды дін атымен арандату – өте үлкен күнә болып табылады. Кешірімді және рақымды болған Аллаһу та’ала ең көп осы күнәні қаралаған. Мұсылмандарды өлтіру үшін өзінің қасиетті кітабының бұйрығына қарсы келіп, әскер жинайтын папа немесе кардиналды дін қызметкері деп санауға болады ма? «Дінімізге бағынбады» деп мұсылмандарды өз патшаларына, өз мемлекетінің билігіне қарсы айдап салатын фанаттардың Ислам дініне қандай қатысы бар? Аллаһқа шүкір, қазіргі таңда дін мен ғылым фанаттарының артынан еретін ақымақтар, надандар қалмағандай. Қазірде христиан жастары мен мұсылман жастары бір-бірінің тілін үйренуде, жылдам көлік құралдары арқылы бір-бірлерінің елдеріне барып, бір-бірімен танысуда, түсінісуде. Қазір христиандар да мұсылмандықтың жауыздық діні еместігін көруде, расында екі діннің де бірдей негіздерді бұйыратынын ұғынуда.

Қазір көптеген ынсапты христиандар тарихтан оқыған христиан зұлымдықтарынан қатты әсерленгендерін айтып, енді өздері ондай қате пікірде еместіктерін, керісінше Исламды ең мәдениетті дін, ал нағыз мұсылмандарды оқыған, мәдениетті, көркем мінезді, сүйкімді адам ретінде танитындықтарын білдіруде. Тіпті, бұған қарсы пікір айтқандарға керекті жауапты өздері беруде. Енді біз бұдан кейін халықтардың Исламды «ДІН» ретінде танысын, оны жеке бас пайдасына және жаман мақсаттарда қолданатындармен, оны үйренуге тосқауыл болатын залымдарға қарсы күресіп, олардың тұзақтарына түскен тұтқын халықтарды, езгідегі бейшара адамдарды азаттыққа, адам құқықтарына қауыштыруға тырыссын деп дұға етейік! Аллаһу та’ала барлық адамдарға өзінің дәргейінде хақ дін болған исламды ұстануды және Оған толық бағынуды нәсіп етсін! Әмин.