Шайтандардың үйге кірмеуі үшінСұрақ: Шайтандардың үйге кірмеуі үшін не оқу керек? Жауап: Үйге кірерде Аят-әл-күрси оқылса, шайтан ол үйге кіре алмайды. Одан бөлек үйде Құран кәрім оқылғанда шайтандар үйден алыстайды. Ибн Мәсуд хазреттері айтқан: «Бақара сүресінің басындағы 5 аят оқылған түні үйге шайтан кіре алмайды.» (Дарими) Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Үйге кірерде бисмиллаһ айтылса, шайтан "Бұл үйге кіруім мүмкін емес" деп қайтып кетеді.» (Тибйан) «Үйден шығарда "Бисмиллаһи, тәуәккәлту алләллаһи, лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп оқыған адам қауіп-қатерден қорғанады және шайтан одан алыстайды.» (Тирмизи) «"Әузу бикәлиматиллаһит таммати мин шәрри мә халәқа" дұғасын оқыған адамға сол жерден кеткенге дейін ештеңе зиянын тигізе алмайды.» (Мүслим) |