Әкесі қызын үйлендіретін кездеСұрақ: Мұсылман әкесі қызын үйлендіретін кезде неге мән беруі керек? Жауап: Қызын үйлендірмекші болған жігіттің салих (діндар) мұсылман болуына, Әһли сүннет сенімінде болуына, намаз оқуына, ішкілік ішпеуіне, яғни Ислам дінін ұстануына және напақа таба алатындай жұмысы бар болуына қарау керек. Қызын осы сипаттарда болған жігітпен үйлендірмеген адам перзентін өз қолымен пәлекетке жетелеген, тозаққа тастаған болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Қызын пасық (күнәхар) жігітпен үйлендірген адамға әр күні мың лағнет жауады, оның ғибадаттары мен дұғасы қабыл болмайды, парыз бен нәпілдері қабыл емес.» (Шир'а шәрһі) (Пасық – ашық түрде күнә істеуші деген сөз. Мысалы намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орануға мән бермейтін адам – пасық.) «Қызын немесе жанұя мүшелерінің бірін ішкілік ішетін адамға берген кісі оны отқа тастаған болады.» (Дәйләми) «Пасық еркекпен үйленуге разы болған адамның қабірінен тұрғанда маңдайында "Аллаһтың рақымынан үміті үзілген" деген жазу болады.» (М.Жинан) «Қызын үйлендіру – оны қолдан шығару деген сөз. Олай болса, қыздарыңды үйлендірерде қайда бергендеріңе мұқият болыңдар!» (Бәйһақи) «Қызын пасыққа берген адам Аллаһу та'аланың аманатына қиянат еткен болады. Аманатқа қиянат етушінің баратын жері – тозақ.» (С.Әбәдийа) «Қызын пасыққа берген адам – малғұн.» (С.Әбәдийа) «Шапағатыма қауышуды қалаған адам қызын пасыққа бермесін!» (Шир'а) |