Пайғамбарымыз Миғражда ахиретті көрдіӘһли хикмет ғұламалар былай деген: Имам Раббани хазреттері «Адам ғибадат жасау үшін жаратылған. Ал ғибадат йақин, яғни шынайы иманға қол жеткізу үшін қажет» дейді. Йақин – иманның ақиқаты деген сөз. Құран кәрімде «Ей, иман келтірген құлдарым, иман келтіріңдер» делінеді. Бұл «Сөзбен иман келтірген құлдарым, жүрекпен иман келтіріңдер! Шынайы иманға қол жеткізіңдер! Имандарың сөзде ғана қалмасын» дегенді білдіреді. Шынайы иманға қол жеткізу ғибадат жасау арқылы іске асады. Ғибадат жасауымыздың себебі не? Аллаһу та'ала керек кезде салқын сумен жуынуды, ғибадат етуді неліктен әмір етеді? Мұның себебі шынайы иманға қол жеткізу үшін. Дүние бар, тағы ахирет те бар. Дүниеде біздің ахиреттен хабарымыз жоқ. Кәпірлер, өздерін прогресшіл санайтындар «Жәннат пен тозақты көріп келгендер бар ма?» дейді. Алайда дүниеде ахиретті көру мүмкін. Көңіл көзімен көруге болады. Көңілде ашылған терезе арқылы ахиретті көреді. Сырат көпірін, таразыны, есепті, кітапты, бәрін көреді. Онсыз да ахиретте уақыт жоқ. Пайғамбарымыз алейһиссалам Миғражға шыққанда хазреті Османның жәннатқа жүгіріп кіргенін көрді. Қазір жүгіріп кірді ме? Жоқ, қиямет басталғанда кіреді. Бірақ ол қиямет басталғандағы кіргенін миғражда көрді. Ұқсасын, қиялын емес, өзін көрді. Миллиондаған жылдар өткеннен кейін кіреді, бірақ ол қазір дәл соны көрді, өйткені ол жақта уақыт жоқ. Басы мен соңы, миллиондаған жыл негізінде «Бір сәт». Біз уақытқа тәуелді жаратылдық. Уақытқа тәуелді болып туылдық, өстік. Уақытқа тәуелсіз болудың не екенін түсіне алмаймыз. Көңіл көзі ашық болғандар бәрін көре алады. Қияметті де, жәннатты да көреді, Ислам дұшпандарының тозақта жанып жатқанын көреді. Көңілде ашылған терезеден ахиретті көреді.
Намаз мүминнің миғражы Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Көзімнің нұры намаз» деген. Қауышу намазда, миғраж – намаз. Пайғамбарымыз миғражда Аллаһу та'аланы екі көзімен көрді. Осы қауышқан ниғметке үмбетінің де қауышуын қалады. Аллаһу та'ала бес уақыт намазды әмір етті. Міне, мүминнің миғражы – намаз. Намаз жайлы мың жыл айтылса да аз, өйткені намазда бәрі бар. Намазда иман бар, калима-и шаһадатты оқимыз. Намазда ораза бар, ештеңе жей алмаймыз, бір нәрсе жесек, намаз бұзылады. Намазда қажылық бар, құбылаға қарап тұрмасақ, намаз болмайды. Намазда зекет те бар. Намаз бар болса, бәрі болады. Намаз болса, өмір бар! Намаз болмаса, өте қауіпті. Өйткені сүйікті пайғамбарымыз «Мүмин мен кәпірді ажырататын ерекшелік – намаз» деген. |