Беруге дағдылануӘһли хикмет ғұламалар былай деген: Әлемдегі ең үлкен ақымақ – ризығын уайымдайтын адам. Өйткені бала әлі анасының жатырында жатқанда Жәбірейіл алейһиссалам оған: «Сенің өмірін пәлен жыл. Аллаһу та'ала жейтін ризықтарыңның бәрінің үстіне сенің атыңды жазып қойған» дейді. Барлық ризықтарды Аллаһу та'ала береді. Бір аяти каримада: «Әрбір жандының ризығын Аллаһу та'ала береді» делінген. Аллаһқа жүгінбеген адам әрине ақымақ саналады. Аллаһу та'ала берушіні, қолы ашық адамды жақсы көреді. Құран кәрімнің көптеген жерінде беру әмір етілген. Адамдар сөз береді, бірақ ақша бермейді. Берушілердің марапатын Аллаһу та'ала қайтарады. Сый-сияпаты көп болады. «Сый-сияпаттың марапаты – тек қана сый-сияпат» делінген. Беруді үйренбеген, беруге дағдыланбаған адам жанын да әрең береді. Осы себептен ғұламалар «Кәпір болса да, жомарт кісінің мұсылман болып, иманмен өлу ықтималы жоғары. Сараң мұсылманның иманмен өлуі қиын. Өйткені, Аллаһ сақтасын, сараңдар соңғы демде шайтанға тұтқын болуы мүмкін» деген. Құрбан айтта адамдар беруді үйренеді. Адамдар сараң болып жаратылған. Аллаһ үшін беру өте құнды. Өйткені бұл жерде иманның белгісі бар. Иманды кісі мұны тек Аллаһ разылығы үшін сояды. Иманды екенінің белгісінің бірі – құрбандық шалу. Адамдарды қуанту салих мұсылман үшін қуаныш қайнары. Молда Жами хазреттері дәуірінде бір бай кісі үлкен дастархан жайып, сол аймақтағы барлық кедейлерге ас тарататын еді. Молда Жами хазреттері бұл көршісін жақсы көретін және бұл амалдарынан разы болатын. Бірақ бұл істерінде рия, мақтану бар ма екен деп уайымдайтын еді, өйткені бар болса, барлық сауаптары босқа кететін еді... Бір күні әлгі көршісін шақырып, «Осыншама кедейдің қарнын тойдырып жүрсің, осы амалдарың үшін ішіңде рия, мақтаныш, ел көрсін деген ой келеді ме?» деп сұрады. Ол адам ант етіп «Мен өзімді асханадағы шөміштей көремін. Шөміштің болып жатқан құбылыстардан қалай хабары жоқ болса, мен де сондаймын» деді.
Беру де, құрмет те қайтады Демек, маңызды болғаны беру емес, Аллаһ разылығы үшін беру. Ешкімнен ештеңе күтпеу керек, ел көрсін деген ойдан аулақ болу қажет. «Тек маған ғана, тек маған ғана» деген дұрыс емес, яғни тек басқалар берсін, мен ештеңе бермейін деген болмайды. Басқа нәрселер де осындай. Адамдар арасында барлық нәрсе қайтып келеді. Мысалы елдер мені құрметтесін деуге болмайды. Бүкіл мұсылмандарды құрметтеу керек, ешкімді өзінен төмен санамау керек, осылайша олар да бізді құрметтесін. Сыйламағанмен ешкім сыйласпайды, жақсы көрмегенді ешкім жақсы көрмейді, бермегенге де ешкім бермейді. Алдымыздағылардан не күтсек, әуелі өзіміз соны жасауымыз керек.
|