Маңыздының да маңыздысыСұрақ: Кейде маңызды нәрселердің маңыздырағы да болады. Осы мәселеде не білдірілген? Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам кейбір маңызды нәрселерді білдіріп, одан да маңыздырағы жайлы хадис шәрифтерде былай деген: «Барлық нәрсенің жолы бар. Жәннаттың жолы – ілім.» (Дәйләми) «Барлық нәрсенің тірегі бар. Діннің негізгі тірегі – фиқһ.» (Бәйһақи) «Барлық нәрсенің өзегі бар. Иманның өзегі – намаз.» (Бәйһақи) «Барлық нәрсенің зекеті бар. Дененің зекеті – ораза.» (Ибн Мажа) «Барлық нәрсенің зекеті бар. Үйдің зекеті – қонақ бөлмесі.» (А.Рифаи) «Барлық нәрсенің есігі бар. Ғибадаттың есігі – ораза.» (Ибн Мубәрәк) «Барлық нәрсенің негізі бар. Діннің негізі – Асхаби кирамды (сахабаларды) және Әһли бәйтті (пайғамбарымыздың отбасы мен ұрпағын) жақсы көру.» (Ибн Нәжжар) «Барлық нәрсенің қайнары бар. Тақуалықтың қайнары – әулиелердің жүректері.» (Табарани) «Барлық нәрсенің негізі бар. Иманның негізі – уәра (тақуалық).» (Хатиб) «Барлық нәрсенің әшекейі бар. Құран кәрімнің әшекейі – әдемі дауыс.» (Хаким) «Барлық нәрсенің бұтағы бар. Иманның бұтағы – сабыр.» (Хатиб) «Барлық нәрсенің жылтырағы бар. Жүректің жылтырағы – Аллаһты еске алу.» (Бәйһақи) «Барлық нәрсенің жылтырағы бар. Жүректің жылтырағы – "Әстағфируллаһ" деп айту.» (Дәйләми) «Барлық нәрсенің жүрегі бар. Құранның жүрегі – Ясин сүресі.» (Тирмизи) «Барлық нәрсенің мырзасы болады. Отырудың мырзасы – құбылаға қарап отыру.» (Табарани) «Барлық нәрсе мен Аллаһтың арасында перде бар. Ата-ана дұғасында перде жоқ.» (Дәйләми) «Барлық нәрсенің апаты бар. Үмбетімнің апаты – ақшаға көңіл бөлу.» (Дәйләми) «Әр үмбеттің фитнасы (емтиханы) бар. Үмбетімнің фитнасы – ақша.» (Хаким) «Әр үмбеттің бір саяхаты бар. Үмбетімнің саяхаты дінге қызмет.» (Табарани) «Әр діннің ерекшелігі бар. Үмбетімнің ерекшелігі – ұялу.» (Ибн Мажа) «Әр ағаштың жемісі болады. Жүректің жемісі – перзент.» (Бәззар) «Барлық нәрсенің кілті бар. Жәннаттың кілті – намаз.» (Дәйләми) «Барлық нәрсенің кілті бар. Аспанның кілті – "Лә илаһа иллаллаһ" сөзі.» (Табарани) «Барлық дерттің шипасы бар. Жүректің (көңілдің) шипасы – Аллаһу та'аланы еске алу.» (Бәйһақи) «Барлық дерттің дауасы бар. Тек өлімге ғана шара жоқ.» (Табарани) «Барлық нәрсенің бұзушы пәлекеті болады. Ал бұл діннің пәлекеті – жаман басқарушылар.» (Харис) «Барлық нәрсенің ақиқаты бар. Тағдырға сенбейтін адам иманның ақиқатына жете алмайды.» (Нәсаи) «Барлық нәрсенің тірегі бар. Мүминнің тірегі – ақыл, әркім өз ақылына лайықты ғибадат жасайды.» (И.Ғазали) «Иманның белгісі – Ансарды (Мәдиналық сахабаларды) жақсы көру, мұнафықтың белгісі – Ансарды жек көру.» (Бұхари) Әһли хикмет ғұламалар айтқан: Барлық нәрсенің құндылығы бар, ал адамның құндылығы – білімі, ихсаны және әдебі. Барлық нәрсенің ұрығы бар. Дұшпандықтың ұрығы – қалжың мен мазақ. Барлық нәрсенің қысқа жолы бар. Жәннаттың қысқа жолы – дінге қызмет. Барлық нәрсе тотығады. Жүректің тотығуы – тоқтық. Барлық нәрсенің зекеті бар, ақылдың зекеті – мұң мен тәфәккур. |