Жұмысқа барарда ниет етуСұрақ: Жұмысқа барарда қалай ниет ету керек? Жауап: Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Күнде таңертең былай ниет ету керек: "Өзімнің және жанұямның ризығын табу, оларды ешкімге мұқтаж қылмау, Аллаһу та'алаға рахат және дұрыс ғибадат ете алу, ахирет жолында жүре алу үшін жұмысыма бара жатырмын." Сол күні мұсылмандарға жақсылық, жәрдем және насихат, әмри маруф, нәхий мүнкәр жасауды ойлау керек. Намазда қателік жіберетіндерге, күнә істеушілерге әмри маруф жасау керек. Осылай ниет еткен адам жұмысын істеген уақыты бойы тоқтамай сауап алады. Оның әрбір ісі ғибадат болады.» (К.Саадәт) Сөзімізді қабылдамайтын болса, сөз тартысуға себеп болса, ешкімнің ісіне араласпау керек, әмри маруф ретінде түсінетін адамдарға бір дұрыс діни кітапты, мысалы «Ислам Ахлақы» кітабын сыйлау керек. Студент те «Пайдалы кәсіп иесі болу, яғни мұсылмандарға және дінімізге қызмет ету үшін оқып жатырмын» деп ниет етсе, оқуын бітіргенге дейін үздіксіз сауап алады. Намазын тәрк етпегенше сабағын оқуы да ғибадат болып саналады. Кімде-кім әрбір ісінде ниетін дұрыстаса, көріністе дүниелік болған істері де ахирет ісі болады, сауап алады. Бірақ ниеті жаман болса, мысалы мақтану үшін ғибадат жасаса, ахирет үшін болған істері де дүниелікке айналады, сауап алудың орнына күнәға батады.
Жұмыс іздеген кезде Сұрақ: Жұмыс іздеген кезде қандай жайттарға мән беру керек? Жауап: Мыналарға мән берген жөн: 1) Жұмыс намазға тосқауыл болмау керек, рахат намаз оқи алу керек. 2) Жұмыс табиғатымызға лайықты болғаны жөн, біреудің жұмысын істеп жүргендей болмау керек. 3) Айлығының да жеткілікті болғаны жақсы. |