19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Алғашқы адамдар жабайы болған ба?

Алғашқы адамдар жабайы болған ба?

Сұрақ: Алғашқы адамдар жабайы болған деп айтылып жатады. Ең алғашқы адам хазреті Адамға өмір сүруге қажетті болған азық-түлік, киім-кешек, құрал-жабдық сияқты нәрселерді және осыларға қол жеткізудің жолдарын Аллаһу та'ала білдірмеді ме?

Жауап: Әрине Аллаһу та'ала білдірді. Хазреті Адам және балалары білімсіз, сауатсыз және әдепсіз емес еді. Хазреті Адам және оған иман келтірген немерелері қалаларда тұратын. Оқуды, жазуды білетін. Теміршілік өндірісі, жіп иіру, мата тоқу, егіншілік сияқты кәсіптері бар еді. Ислам әріптерімен жіберілген жазу алғашқы адам хазреті Адам алейһиссаламмен бірге әлемге тараған. Кейіннен немерелерінен ұлттар, әр түрлі тілдер және әліппелер пайда болған. (С.Әбәдийа)

Қазіргі таңда Азия, Африка шөлдерінде және Америка ормандарында жабайы адамдар өмір сүргеніндей, хазреті Адамнан кейін де білімсіз, қарапайым өмір сүргендер бар еді. Бірақ осыған сүйеніп қазіргі адамдардың да, алғашқы дәуірдегі адамдардың да бәрін жабайы деп айтуға болмайды. Аллаһу та'аланың хазреті Адамға жіберген кітаптарында иман келтіру керек болған нәрселер, әр түрлі тілдерде сөздіктер, намаз, ораза, ғұсыл, көптеген өнеркәсіптер, медицина, дәрі-дәрмек, арифметика, геометрия сияқты білімдер білдірілген еді. Алтын ақша басылған еді.

Тас дәуірінің, қола дәуірінің негізі жоқ. Адамдардың маймылдан шығуы, ғарыш адамдары, НЛО өтіріктері сияқты бұл да қиял туындысы. Бір құмырсқаны, бір жасушаны да жарата алмайтын дінсіздер бүкіл әлемді жоқтан жаратқан Аллаһу та'аланы жоққа шығару мақсатымен осындай нәрселерді ойлап шығаруда. Барлық нәрсеге құдіреті жететін Аллаһу та'ала алғашқы адам мен алғашқы пайғамбар болған хазреті Адамға барлық ілімді үйретті. Құран кәрімде былай делінеді:

«Адамға бүкіл есімдерді үйретті.» (Бақара 31)

Осы тақырыптағы хадис шәрифтердің екеуі мынадай:

«Адам жәннаттан дүниеге түскенде Аллаһу та'ала оған барлық кәсіпті, өнерді, барлық ілімді үйретті.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала хазреті Адамға мың түрлі өнер үйретіп, оған айтты: Перзенттерің мен ұрпағың бір кәсіппен ризығын талап етсін! Дінді күнкөріс құралы қылмасын!» (Хаким)

Алғашқы адамдардың белгі беріп, ишарамен сөйлескені де өтірік. Христиандар мен яһудилер де хазреті Адамның жәннатта періштелермен сөйлескенін қабыл етеді. Хадис шәрифте: «Адам – Аллаһу та'аламен сөйлескен пайғамбар» делінген. (Бәйһақи)

Хазреті Адамның балалары топтасып басқа аймақтарға кетті. Басқаша тілмен сөйлесті. Осылайша әкелері білген тілдерді ұмытты. (Мират-и Каинат)

Хазреті Адамнан кейін мәдениетте артта қалған қауымдар болған. Осыған қарамастан хазреті Нұх дәуірінде де кен орындары жасалып, түрлі құрал-жабдықтар, машиналар құрылған. Хазреті Нұхтың кемесі қазаны қайнап жүргені, яғни бу арқылы жүретін кеме (пароход) болғандығы Құран кәрімде білдірілуде. (Худ 40)

Археологтардың қазба жұмыстарында мәдениеттерді табуы ежелгі адамдардың жабайы болмағанын көрсетуде. Қазба жұмыстарында алғашқы қоғамдарды да табуы мәдениеттердің шыңға шығып, кейін түрлі себептермен құлағанын көрсетуде. Әр мәдениет жойылған кезде жаңасын құру үшін нөлден бастау қажет болады.

Мәдениет графигі төмен түсіп, кейін көтерілген. Мәдениеттердің шыңда тұрған жағдайын көріп, ежелгі адамдардың бәріне мәдени деп айту қалай мүмкін емес болса, мәдениеттер жойылғанда жаңадан құрылған мәдениет дәрежесі өте төмен болғандарға қарап, бәрі жабайы болған деп айтуға да болмайды.

Пұттарға табынатын қоғам табылғанда алғашқы адамдардың көп құдайға табынғанын айтуға да болмайды. Яғни «Алғашқы адамдар көп құдайға табынатын еді, кейін жалғыз құдайға табынды» деген пікір қате болып табылады. Алғашқы адам және сонымен қатар алғашқы пайғамбар болған Адам алейһиссалам Аллаһу та'алаға ғибадат ететін еді. Ғасырлар өткеннен кейін пұтқа табынатындар шыққан. Қазірдің өзінде жер бетінде әр түрлі діндер бар. Отқа, сиырға табынатындар бар. Қандай да бір себеппен қазіргі мәдениет жойылатын болса, Үндістанда қазба жұмыстары жасалса, бүкіл әлем сиырға табынатын еді деп айтуға болады ма?

Осы мәліметтер бойынша, алғашқы адамдар жабайы болмаған. Тас, қола дауірі сияқты дәуірлердің жалған екендігі айдан анық, ғылымға еш қатысы жоқ. Бұл эволюционисттер мен революционерлердің ойдан шығарғаны. Олар өз теорияларына білім дейді. Эволюцияға сын айтылса, сендер білімге қарсы шығып жатырсыңдар деп мұсылмандарды жамандауға тырысады. Дініміз білімге мүлдем қарсы емес. Онсыз да дін бөлек, білім бөлек емес. Жаратылыстану білімі Ислам білімдерінің бір тармағы. «Дін білімге қайшы» деп айту эволюционисттер мен революционерлердің жаласы болып табылады.

 

Тілдердің пайда болуы

Дінсіздер ешбір дәлелге сүйенбей, тек қана діндерді жоққа шығару үшін алғашқы адамның сөйлеу білмейтін, белгі беру арқылы ойын жеткізетінін айтып жатқан болса да, хадис шәрифте былай делінген:

«Адам алейһиссалам – Аллаһу та'аламен сөйлескен пайғамбар.» (Хаким)

Аллаһу та'ала Адам алейһиссаламға қазіргі таңда әлемде бар болған барлық тілдерді үйретті. Адам алейһиссалам арабша, сурияни, ибрани және басқа барлық тілдерде кітаптар жазып, барлық тілде сөйлескен. Осы тұрғыдағы дәлелдердің бірі Бақара сүресінің: «Аллаһу та'ала Адамға барлық есімдерді үйретті» мағынасындағы аяти каримасы.

Хазреті Адам Аллаһу та'аладан үйренгендіктен, бүкіл болмыстың атауларын, барлық тілдер мен сөздіктерді білетін еді. Балалары барлық тілдерде сөйлесетін еді. Хазреті Адам қайтыс болғанда балалары топ-топ болып, басқа-басқа аймақтарға кетті. Әр топ бөлек тілде сөйлесетін еді. Осылайша балалары әкелері сөйлеген басқа тілдерді ұмытты. Сол кезде сөйлескен тілдерімен қалды. (Мират-и Каинат)