Харам істеушіні Аллаһ көріп тұрӘһли хикмет ғұламалар былай деген: Ауыр науқас кісіге «Әлемдегі барлық зәулім үйлерді иеленуді қалайсың ба?» деп сұралса «Сіз жындысыз ба? Мен өлім аузында жатырмын, сіз маған зәулім үйлер туралы айтып жатырсыз. Олардың менің ауруыма қандай пайдасы бар, өлуіме тосқауыл болады ма?» деп жауап бермейді ме? Адамдар өлерде және өлгеннен кейін еш пайдасы тимейтін сол байлықтарды жинаумен өмірін өткізіп жатыр. Алайда бір зат халал жолмен келмеген болса есебі, харам жолмен келген болса азабы бар. Әр тиынның қалай табылғаны және қайда жұмсалғаны сұралады. Ахиретте қол, аяқ, көз сияқты барлық мүшелер сөйлейді. «Ол дінін білетін еді, бірақ нәпсіне ерді, оның дерті, ниеті басқа еді» дейтін болса, жағдайымыз не болмақ? Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқып, дінімізді үйренуге тырысуымыз керек. Үйреніп қойсақ та, сол кітаптарды оқудан бастартпау керек. Өйткені ол кітаптарды оқығанда әрі біліміміз жаңарады, әрі сол кітаптарды жазған үлкен ғалымдардан пайдаланған боламыз.
Өлім оған ұмтылады Өмір өте қысқа. Бір әулие кісі айтқан: Ажибту лимән таләб-әд-дүния, уәл-мәуту йәтлибуһу, Ажибту лимән бәнәл-касрә, уәл-қабру мәнзилуһу, Ажибту лимән зәнәбә уәр-Раббу шаһидуһу, Уәл-мәуту бабун, күллун наси дахилуһу.
Мағынасы: Таң қаламын сол адамға, дүниеге, атақ-даңққа, ақша мен мансапқа ұмтылады, ал өлім оған ұмтылады. Зәулім сарайлар, үлкен үйлер соғады, алайда негізгі үйі – қабір. Күнә істейді, бірақ Аллаһу та'ала оны көруде. Өлім сондай есік, әркім одан өтеді. Құран кәрімде: «Мен істеген жақсы-жаман амалдарыңның бәрін көремін, білемін» делінген. Осыны біле тұра күнә істеген адам не жынды, не үлкен ғапілдікте болса керек. Бірақ нәпсіміздің кәпір екенін де ұмытпау керек. Аллаһу та'ала нәпісті сондай қылып жаратқан, не істесе де, өзіне зиян. Тек өзін отқа жетелейтін нәрселерді істейді. Дұшпанын танымаған адам досына қауыша алмайды. Адам дұшпаны болған осы нәпсіне ерсе, Раббысын ұмытып, күнәларға батады. Күнәлардан аулақ бола алу үшін өлімді көп еске алу қажет. Өлімді ойлай алатын кісінің дүниелік қалаулары азаяды. |