19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамдар өзгерген сайын ниғметтер де өзгереді

Адамдар өзгерген сайын ниғметтер де өзгереді

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Қызмет еткен адам қызмет көреді» деген. Аллаһу та'ала қызмет еткен адамға міндетті түрде қызмет етушілер жібереді, оның жұмысын жеңілдетеді. Дінге қызмет етушіге дүние қызметші болады. Бұл жердегі дүние – адамдар деген сөз.

Бәрімен жақсы қарым-қатынаста, жақсы мәміледе болу керек, бірақ өзімізге жақсы қарамауымыз, өз-өзімізді ұнатпауымыз қажет. Өз-өзін ұнатқан адам жанұясынан бастап ешкіммен жақсы тұра алмайды, сиыспайды. Үлкен ғұламалардың адал шәкірттерінің алғашқы күніндегі әдебі пен қарапайымдылығы отыз жылдан кейін де сол қалпында қалады, мүлдем өзгермейді. Өйткені адам кішкене өзгерсе, Аллаһу та'ала беретін ниғмет те өзгереді. Құран кәрімде «Егер сендер өздеріңді өзгертпесеңдер, Аллаһ сендерге берген ниғметін өзгертпейді» делінген.

Егер адамдардың басына қиыншылық келіп жатқан болса, бәрі оның өзгергені себебінен. Өзгерген сайын ниғмет те өзгереді. Демек, өзгермеу, Ислам дінінен айрылмау керек.

Мұсылман болудың, дұрыс иман иесі болудың, ғалымдарды жақсы көрудің тысында басқа абырой іздемеу қажет. Сипаттарда, әдепте, ұстанымда абырой іздеу үлкен қателік. Бәрі сырт көрініске қарап бағалайды. Алайда Аллаһу та'ала жүректегі ниетті маңызды санайды. Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері «Захир мамур, батын харап» (Сырты бүтін, іші түтін) дейтін еді. Көпшілік күл-қоқысқа айналған ішкі дүниесіне мән бермей, адамдарға көрсету үшін сыртқы дүниесін сәндейді. Алайда Аллаһу та'ала ішкі дүниеге қарайды. Бұған мән беретін адам ішкі дүниесін тазалайды. Жұрттарға мән беретін адам болса, сыртқы дүниесін тазалайды.

Егер бір адам Раббымыздың разылығын көздеген болса, Оның сүйікті құлы болуды таңдаған болса, оның ең бірінші жұмысы – ішкі дүниесін тазалау болмақ. Сыртқы көрінісін сәндеуді әулиелер ешқашан ойламаған. Бірақ ішкі дүниелерін зикруллаһпен (Аллаһу та'аланы зікір етумен), Құран кәріммен тазалаған. Міне осы себептен олар мың жыл өтсе де өлмейді. Ахмет Яссауи, Жүнәйд Бағдади хазреттері сияқты әулиелер ғасырлар бұрын өмір сүрген болса да, әлі күнге дейін адамдар оларды құрметпен еске алады. Сахабалар жайлы сөз қозғалғанда ешкім олардың үйлері, түйелері, мал-мүліктері туралы әңгіме айтпайды. Бұл нәрселер тіпті ойға да келмейді. Бірақ олардың сахаба болулары, әдептіліктері әрқашан барлық ерекшеліктерден артық және абзал деп үлгі тұтылады. Сол сияқты Силсилә-и алийа ғұламаларын тану, оларды үстем деп білу бізге абырой ретінде жеткілікті. Оның тысында басқа бір сипатпен бір-бірімізді бағалауымыз масқаралық және төменгілік болады.