21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


БІРІНШІ ТАҚЫРЫП

Аллаһу та'ала Адам алейһиссаламды жаратқанда белін құдіретімен сипаған кезде одан екі уыс алды. Біріншісін оң жағынан, екіншісін сол жағынан алды. Әр адамның түйірін бір-бірінен айырды. Адам алейһиссалам оларға қарады, олардың түйірлердей болғанын көрді. Әл-Уақия сүресіндегі бір аяти каримада «Осы оң жақтағылар жәннат халқының амалын жасағаны үшін жәннаттық болғандар. Маған олардың амалдарынан ешқандай пайда мен зиян жоқ. Мына сол жақтағылар тозақ халқының амалын жасағаны үшін тозақтық болғандар. Маған олардан да ешқандай пайда мен зиян жоқ» делінген.

Адам алейһиссалам Аллаһу та'алаға «Йа, Раббым! Тозақ халқының амалы қандай?» деп сұрады. Аллаһу та'ала «Маған серік қосу және жіберген пайғамбарларыма сенбеу және илаһи кітаптарымда (пайғамбарларға берілген кітаптар) көрсетілген әмірлер мен тыйымдарымды ұстанбай, маған қарсы шығу» деді.

Осыған орай Адам алейһиссалам Аллаһу та'алаға дұға етіп «Йа, Раббым! Оларды өздеріне куә қыл. Тозақ халқының амалын жасамайды деп үміттенемін» деді. Аллаһу та'ала нәпістерін куә қылып «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деді. Бәрі «Раббымызсың. Біз куәлік еттік» деді. Аллаһу та'ала періштелерді және Адамды (алейһиссалам) да куә қылды, олар Аллаһу та'аланың рубубиятын (құдайлығын) қабылдап растады. Бұл (әл-мисақ) келісімнен кейін оларды қайтадан бұрынғы мекендеріне жіберді. Өйткені олардың өмірлері тек рухани өмір еді. Материалдық (денелік) өмір емес еді. Аллаһу та'ала оларды Адам алейһиссаламның беліне орналастырды. Рухтарын алып қалып, арштың қазыналарының бірінде сақтады.

Әкенің ұрығы ананың жатырына еніп, баланың денелік кейіпі қалыптасқан кезде ол әлі өлі болып тұрады. Мәләкути түп негізі болғандықтан, дененің нашарлауына тыйым салынды. Аллаһу та'ала жатырда өлі жатқан осы балаға рух беруді қалаған кезде арштың қазыналарында белгілі бір уақыт сақтаған рухты сол денеге береді. Бала сол кезде әрекет ете бастайды. Көп балалар анасының ішінде жатып қимылдайды. Анасы кейде сезеді, кейде сезбейді. Аллаһу та'ала рухтардан «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұраған мисақтан (келісімнен) кейінгі өлім, яғни рухын арштың қазыналарына жіберуі – бірінші өлім және қазіргі ана жатырындағы өмірі – екінші өмір.