19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Амалдар жеті түрлі болады

Амалдар жеті түрлі болады

Сұрақ: Бірдей күнә немесе сауап істелген жағдайына қарай азаяды немесе көбейеді ме?

Жауап: Иә. Кейбір жерлерде, кейбір жағдайларда, кейбір күндер мен айларда ерекшеленеді. Мысалы жұма күні жасалған ғибадаттар да, күнәлар да екі еселеніп жазылады. Хадис шәрифте: «Сауаптардың арасында жұма күнінде және түнінде жасалғанынан құндырағы, күнәлар арасында да жұма күнінде және түнінде жасалғанынан жаманы жоқ» делінген. Рамазан айында бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда орындалған парыздар сияқты. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда орындалған 70 парыз сияқты.

Осы сияқты, ерекше жағдайлардан басқа, амалдардың жағдайы бірдей. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Амалдар жеті түрлі:

1) Екеуінің үкімі уәжіп.

2) Екеуі теңдей қайтарымын көреді.

3) Біреуі он есе сауапқа қауыштырады.

4) Біреуіне жеті жүз есе сауап беріледі.

5) Біреуінің сауабын тек Аллаһу та'ала ғана біледі.

 

Бұлардың түсіндірмесі мынадай:

1) Сенімі мен амалдары дұрыс болған адамға жәннат уәжіп болады. Мүшрик болғанға тозақ уәжіп болады.

2) Бір күнә істеген кісіге бір күнә жазылады.

3) Бір жақсылық жасаған кісі он есе сауапқа қауышады.

4) Мал-мүлкін Аллаһ жолында жұмсаған кісіге жеті жүз есе сауап беріледі.

5) Ал ораза тұтқан кісінің сауабын Аллаһтан басқа ешкім білмейді.» (Хаким)

 

Ғибадаттардың маңызына қарай дәрежелері

Сұрақ: Дінімізде әмірлерді орындау және тыйымдардан сақтану мәселесінде маңыздылығы жағынан реті қандай, бұлардың өзара реттілігі бар ма?

Жауап: Ислам дінінде ғибадаттардың маңызына қарай дәрежелері бар, мынадай:

Бірінші дәреже: Ғибадаттардың ең құндысы және ең абзалы – харамдардан сақтану. Харамды көрген кезде бетін бұрған адамның жүрегін Аллаһу та'ала иманмен толтырады. Бір адам харам істеуге ниет етіп, ол харамды істемесе, оған күнә жазылмайды. Харам істеу Аллаһу та'алаға қарсы келу болғандықтан, одан сақтану ғибадаттардың ең абзалы болған. Ислам дінінде ешкім күнәхар немесе кәпір болып туылмайды. Онсыз да бұл ақылға қонымсыз.

Екінші дәреже: Парыздарды орындау. Парыздарды тәрк ету үлкен күнә. Аллаһу та'аланың «Істеңдер» деп әмір еткен нәрселеріне «Парыз» делінеді. Парыздарды орындау өте құнды. Әсіресе парыздар ұмытылған, харамдар жайылған заманда парыздарды орындау одан да құндырақ болады. Парыздарды орындаушыларға үлкен сауап пен марапат бар.

Үшінші дәреже: Тахримән мәкрухтардан, яғни харамға жақын мәкрухтардан сақтану. Тахримән мәкрухтардан сақтану уәжіптерді орындаудан құндырақ.

Төртінші дәреже: Уәжіптерді орындау. Уәжіптерді орындау, парыз сияқты болмаса да, үлкен сауап. Уәжіптер парыз екені күмәнді болған ғибадаттар.

Бесінші дәреже: Тәнзиһән мәкрухтардан сақтану. Тәнзиһән мәкрух дегеніміз – халалға жақын мәкрухтар.

Алтыншы дәреже: Муәккәд сүннеттерді орындау. Сүннеттерді тәрк ету күнә емес. Үзірсіз (себепсіз) тұрақты түрде тәрк ету кіші күнә болады. Ал сүннетті ұнатпау күпір.

Жетінші дәреже: Нәпілдер мен мүстаһабтар. Нәпілдерді орындау мұсылмандардың өз еркінде. Орындамаған, тәрк еткен кісіге жаза берілмейді, жақсы ниетпен орындаған кісіге сауап пен марапат бар.