19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Түсіну – жүрекке орнықтыру деген сөз

Түсіну – жүрекке орнықтыру деген сөз

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыз: «Пайдасыз білімнен саған сыйынамын, йа, Раббым» деп дұға еткен. Бұл дұға «Үйренгендерімізбен амал ету керек, әйтпесе жауапкершілігі мойнымызда қалады» деген сөз. Естігеннен, үйренгеннен кейін орындамау өте қауіпті. Өйткені хадис шәрифте «Ахиретте ең ауыр азап білімін пайдаланбаған ғалымдарға беріледі» делінген.

Білім – жүздеген кітапты жаттап алу деген сөз емес. Өйткені мақсат автомобиль, ұшақ сияқты көлікпен Меккеге бару. Егер көлік Қағбаға, Меккеге апармаса, онда ол көліктің керегі қанша? Білім алудағы мақсат та – Аллаһу та'аланың разылығына қол жеткізу. Бұл мақсатқа жетуге пайдасы тимейтін білімнің жауапкершілігі ауыр және дұрыс емес білім үйрендік деген сөз. Біз естіген, үйренген нәрсемізді орындауға мәжбүрміз. Пайғамбарымыз: «Естіген, үйренген бола тұра харамнан сақтанбаған, Аллаһтың әмірі мен тыйымын ұстанбаған кісі ахиретте ең ауыр азапты көреді» деген. Өйткені Аллаһу та'ала «Құлым, сен бұл үкімді естідің, үйрендің, пәленше құлым арқылы мұны саған жеткіздім. Сен не істедің?» дейді. Оған жауап бере алмайтын адамның жағдайы не болмақ?

Құдай сақтасын, егер су ыстық болса, ол сумен тіпті дәрет алуға да шыдай алмаймыз. Тозақ – өте қорқынышты жер, есеп күні – өте қорқынышты күн. Ахиретке бет бұрайық, біраз өзімізбен айналысайық. Неге біз басқа біреумен айналысамыз? Біз киелі, әулие адамбыз ба? Қателігіміз, кемшілігіміз жоқ па? Неге айналамыздағыларға тіл тигізіп жүрміз? Бәлкім, қысқа уақыттан кейін өлеміз. Біз нені күтіп жүрміз, неге сүйеніп жүрміз? Қай амалымызға сеніп, қайырлы амалдарымызды кешіктіріп жүрміз?

Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері «Баязид мешітінде 30 жыл бойы иманды түсіндірдім, бірақ түсінгендер 3-5 адамнан аспады» деген екен. Қалайша түсінгендер осыншалықты аз шықты? Түсіну – жүрекке орнықтыру деген сөз, иманның жүрекке орнығуы қиын. Мысалы, Имам Раббани хазреттері «Кімде-кім пайғамбарлардың ғибадатын жасаса, бірақ мойнында біреудің бір тиын ақысы бар болса, сол ақысын өтемегенше жәннатқа кіре алмайды» деген. Құл (кісі) ақысының маңызын түсінген адам тіпті аяғын созып та жата алмайды. Кісі өз жанын дін жолында құрбан етіп қайтыс болып, жәннаттың есігіне дейін барса да, егер мойнында біреудің ақысы бар болса, Аллаһу та'аланың әділеті орнамағанша жәннатқа кіре алмайды.