19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Денсаулық – ниғмет

Денсаулық – ниғмет

Сұрақ: Мүлдем ауырмау, үнемі сау болу жаман ба?

Жауап: Мүлдем ауырмау, әрдайым сау болып жүру жаман емес, Аллаһу та'ала дүниелік бақытты да тілеуімізді әмір етуде: «Ей, Раббымыз, бізге дүниеде және ахиретте хасана бер!» (Бақара 201) (Хасана – жақсылық, денсаулық және сау-саламаттықта бақытты өмір сүру деген сөз.)

Әр пайғамбар бәле-жаладан Аллаһу та'алаға сиынған, дүние мен ахирет әсемдіктерін тілеген. Аллаһу та'ала иман келтіріп, салих амал істесеңдер, сендерге дерт, бәле-жала мен қорқыныш бермеймін, қайғыртпаймын деген. Олай болса, бір адамда иман, салих амал және денсаулық бар болса, бұл ең үлкен бақыт пен байлық. Денсаулықтың маңызы туралы айтылған хадис шәрифтердің бірнешеуі төменде:

«Дұғаның абзалы – дүние мен ахиретте Раббынан кешірім мен денсаулық тілеу. Кешірім мен денсаулыққа қауышқан кісі дүние мен ахиретте құтылды деген сөз.» (Тирмизи)

«Ықыластан кейін денсаулықтан жақсысы жоқ. Олай болса, Аллаһу та'аладан денсаулық сұраңдар!» (Нәсаи)

«Денсаулық тақуа кісіге байлықтан да қайырлы.» (Мүслим)

«Саяхат етіңдер де, денсаулыққа қауышыңдар.» (Шира)

«Ораза тұтыңдар да, денсаулыққа қауышыңдар.» (Табарани)

«Йа, Раббым, денеме, құлағыма, көзіме саулық бер!» (Тәрғиб)

«Йа, Раббым, денсаулық, саламаттық және көркем мінез бере гөр!» (Хараити)