Тәубем қабыл болды ма?Сұрақ: Тәубенің қабыл болғанын білуге болады ма? Жауап: Имам Ғазали хазреттері айтқан: «Тәубенің қабыл болғанына қатысты белгілері бар. Ол адам: 1) Тәубе еткен күнәларына бет бұрмайды. 2) Барлық жерде әрдайым Аллаһу та'аланың оны көріп тұрғанын біліп, күнә істеуге ұялады. 3) Күнәхар адамдардан қашып, салихтармен бірге болады. 4) Дүниелікке ашкөздік жасамайды. Ахирет үшін жасағандарын аз санайды. 5) Парыз амалдарын толық орындайды. 6) Істеген күнәлары есіне түскенде қайғырады және истиғфар етеді. Бүкіл мүшелерін күнә істеуден қорғауға тырысады.» Осындай адамның тәубесі қабыл болды деген сөз. Құран кәрімде былай делінген: «Әлбетте, Аллаһу та'ала тәубе етушілерді де, тазаланғандарды да жақсы көреді.» (Бақара 222) |