21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


ЖЕТІНШІ ТАҚЫРЫП

БҰЛ ТАҚЫРЫП ЕКІ СУРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ КІДІРІСТІ БАЯНДАУДА

Сурдың бірінші үрленуіндегі өлім – екінші өлім. Өйткені бұл өлім ішкі сезімдерді де кетіреді, жоқ қылады. Ал бірінші өлім тек қана [сөйлеу, есту, дәм білу сияқты] сыртқы сезімдерді жоқ қылған еді. Ол кезде кейбір мәйіттер әрекет ететін еді. [Пайғамбарлардың қабірлерінде намаз оқитындығын хабарлаған хадис шәриф мұның айқын дәлелі. Бұған адасқан топтағы адамдар сенбейді.] Ал екінші өлімнен кейін намаз оқи алмайды, ораза ұстай алмайды, ғибадат жасай алмайды. Аллаһу та'ала бір жерге періште қойса, ол әлбетте сол жерде тұрар еді. Өйткені періште де өз әлемінде қалуға құштар. Нәпіс [яғни рух] бөлшектерден құралмаған, қарапайым. Егер денеде болса, сезінуге және әрекет етуге себепші болады. Ғалымдар осы екі сурдың арасындағы өлім уақытына қатысты әртүрлі пікір білдірген. Көп ғалымдардың үкімі бойынша, бұл қырық жылдық мерзім.

Білім мен марифетте кәміл екеніне сенген бір адамым хабар беріп «Мұны Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Бұл Аллаһтың сырларынан» деді. Тағы маған хабар берді: «"Илла мән ша Аллаһ" аяти каримасындағы ерекшелік – Аллаһу та'аланың өзі» деді. Мен жауап ретінде оған: «Хазреті пайғамбар алейһиссаламның "Қиямет күнінде ең алғаш менің қабірім ашылады. Ол кезде бауырым Мұса алейһиссаламды Арштың аяғына жабысқанын көремін. Менен бұрын тірілді ме, әлде Аллаһу та'аланың ерекшелік жасаған құлдарынан ба, білмеймін"  деген хадис шәрифінің мағынасы қандай?» дедім.

Біздің түсінгеніміз бойынша, егер денесіз болып, Мұса алейһиссаламның рухы дене күйінде көрінген болса, бұл хадис шәрифке қайшы емес және хазреті пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ерекше жағдайынан кейін әмри фәзада, яғни қорқынышты, үрейлі уақытында болса да, сондай. Өйткені барлық жанды ол кезде қорқу мен үрейде болады. Яғни бірінші сур үрленген кезде адамды қорқыныш басады және бірден қайтыс болып кетеді. Екінші сурға дейін сол жағдайда қалады. Сол уақытта барлық жаратылыста дене, тән сияқты ештеңе болмайды. Хазреті пайғамбарға жердің жарылу уақыты осы уақыт.

Расында Каб-ул-ахбар (рахметуллаһи алейһ) хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) мәжілісінде осы жағдайдың қорқынышы мен ауыртпалығынан хабар берген кезінде айтты: «Йа, Хаттаб ұлы! Бұл уақытта жетпіс пайғамбардың амалын жасаған болсаң да, менің ойымша, сен құтыла алмайсың, бұл қиындық пен азаптан Аллаһу та'аланың сыйлаған адамдары ғана құтылады. Олар – төртінші қабат аспандағы адамдар.» Күмәнсіз, Мұса алейһиссалам солардан. Аллаһу та'аланың ерекшелік жасап сыйлауы «Бүгін мүлік кімдікі?» деп сұрағынан бұрын болады.

Егер әмір етілген кезде адам бар болса, Аллаһу та'аланың «Лимән-ил-мүлк-ул-йәум» сұрағына жауап беріп, міндетті түрде «Ей, Уахид, ей, Қаххар болған Аллаһым, әлбетте сеніңкі» дейтін еді.