19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ораза ұстағандар қауышатын ниғметтер

Ораза ұстағандар қауышатын ниғметтер

Раббымыз бізге нені әмір еткен болса, нені істеуімізді бұйырған болса, міндетті түрде сол істің бізге заттық және рухани пайдалары тиеді. Оразада есепсіз пайдалар бар. Бірақ біз оразаны ол пайдалары үшін емес, дініміздің бұйрығы болғаны үшін ұстаймыз. Бәрінен бұрын, денсаулығымыз үшін ораза ұстауымыз керек.

Өйткені хадис шәрифте «Ораза тұтыңдар да денсаулыққа қол жеткізіңдер»,- деп бұйрылған. Ораза ұстаған кісі денсаулығын жақсартады. Біз күні бойы жұмыс істеп шаршаған мүшелерімізді түнде ұйықтап жатқанда демалдырамыз. Бірақ демала алмайтын, тыныға алмайтын кейбір мүшелер бар, олар: асқазан, ішек-қарын және асқорыту жүйесі. Бұлар үздіксіз жұмыс істейді, демалудың не екенін білмейді. Қатты тойып жатсақ та, оянған кезімізде қарнымыздың ашқанын байқаймыз. Біз есімізді білмей ұйықтадық, бірақ асқорыту жүйеміз түнімен ұйықтамастан тоқтамай жұмыс істеген. Бұл үздіксіз жұмыс істеу оларды шаршатады, тоздырады. Ұйықтағанда көзіміз, құлағымыз, аяқ-қолдарымыз және миымыз, бәрі тынығады. Тыныға алмайтын мүшелерімізді ең болмағанда жылына бір рет, тек қана күндіздері, ораза ұстау арқылы тынықтыруға мүмкіндік берген боламыз.

Ораза ұстаған кезімізде жүрегіміз де демалады, асқазан бос болғанда оңай жұмыс істейді. Мұны тексеру оңай, ораза ұстаған кезде жүрек қағысымызды санайық, одан кейін ауыз ашқаннан кейін санап көрейік. Жүрегіміздің кемінде минутына он ретке көбірек соққанын көреміз. Асқазандағы асты қорыту үшін жүрегіміз жылдамырақ жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Денсаулық тұрғысынан тағы бір пайдасы – бауырдағы ас қорының еруі. Дәрігерлердің айтуынша, бауырымыз азық қоймасы. Денемізге керек болған азықтарды қажеттілік туындағанда автоматты түрде керекті шамада беріп отырады. Ораза ұстамағандар бұл қажеттіліктерін жеген тамақтарынан алғандықтан, бауырдағы сақталып тұрған азықтарға тиіспейді. Олар осылай қала беріп ескіріп қалады. Жылдап ауыспай тұрып қалған азықтар қажеттілік туындаған кезде дереу айналымға түсіп кете алмағандықтан жақсы нәтиже бермейді.

Ғылым дамыған сайын ораза ұстаудың денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екені жақсырақ аңғарылуда. Жақын болашақта дәрігерлер ауруларға дәрі жазғанда тізімге «ораза ұстау» деп те қосып жазатын болады.

Құран Кәрімде адамды сабырға шақыратын және бұйыратын жетпістен астам аяти карима бар. Олардың ең үлкені «Раббымыз сабыр етушілермен бірге» деген сүйінші. Сабыр ету адамдарға тән. Періштелер сабыр етпейді, өйткені олар ішіп-жемейді және ауырмайды. Жануарларға да сабыр ету міндеттелмеген, өйткені оларда ақыл жоқ, ешнәрсеге жауапты да емес.

Аллаһу та'алаға бағынбай қарсы шыққандар, харамдардан сақтанбағандар қиямет күні тозаққа тасталған кезде «Әттең-ай, біз дүниеге адам болып келмегенімізде ғой, жылан, шаян болып келіп, мына ауыр азапқа душар болмағанымызда ғой» дейді. Отта жану өте ауыр азап, оны жанбағандар түсінбейді.

Жақсылар мәңгі бақытқа, ал жамандар өздері лайықты болған азаптарына міндетті түрде қауышатынын ұмытпайық...