Науқастанған жағдайдаСұрақ: Әйелім көбінесе өтіріктен аурып қалғандай болып көрінеді. Бұл дұрыс па? Жауап: Өтіріктен ауру болып көріну дұрыс емес. Хадис шәрифте былай делінген: «Ауру болып көрінбеңдер, әйтпесе ауру боласыңдар.» (Дәйләми)
Сұрақ: Кейбір адамдар кездескен барлық адамдарына аурып қалғанын айтып жүреді. Ауруды жасыру керек емес пе? Жауап: Ауруды жасыра алу, ешкімге айтпау ниғмет саналады. Хадис шәрифте айтылған: «Үш нәрсе жақсылық қазынасы: Ауруды, қиыншылықты, садақаны жасыру. Аллаһу та'ала айтады: "Мүмин ауырған кезде көңілін сұрап келгендерге мені кінәлап шағымданбаса, етінің орнына жақсырақ ет, қанының орнына жақсырақ қан беріп ауруын жазамын, күнәларын кешіремін, қайтыс болса мейіріміме қауышады".» (Табарани) Барлық ауруды ниғмет деп біліп, одан ғибрат алу керек! Хадис шәрифте былай делінген: «Мүмин ауырып, жазылған кезінде ауруы күнәларының өтемі және келешегіне сабақ (ғибрат) болады. Ал мұнафиқ (екі жүзді) ауырып, жазылған кезінде байланып, кейін босатылған түйе сияқты тұрады. Не себептен байланғанын және неліктен босатылғанын білмейді.» (Табарани) Аурулар әр түрлі себептерден туындағанымен, жалпы алғанда көп ішіп-жеуден пайда болады. «Әр аурудың басы – асқазанды тым толтыру» хадис шәрифі мұны айқын көрсетіп тұр. (Ибн Сүнни)
Сұрақ: Ауыр науқасқа не істеу керек? Жауап: Науқас кісі қаламаса да, салих адамдар барып, бір рет Ихлас сүресін оқитындай шамада қасында отыру керек! «Дәрігер ешкіммен кездеспесін, ешкіммен сөйлеспесін деп айтқан» деп науқасты мақрұм қалдырмау керек! Оның қасына салих кісілер кіріп, Ясин сүресін оқуы қажет! Іштен оқудың да пайдасы тиеді. Басқа дұғалар оқуға да болады. Хадис шәрифте былай делінеді: «Ажалы келмеген науқасқа көңілін сұрап барған адам жеті рет "Әсәллуллаһәл азыйм, Раббил Аршил азыйм ән йәшфиәк" десе, Аллаһу та'ала оны бұл арудан сауықтырады.» (Хаким) Науқасқа зияны тиетін азықтардан басқа науқастың өзі қалаған, жақсы көретін тағамдарын беру керек! Хадис шәрифте айтылған: «Науқасқа жегісі келген нәрсесін беріңдер.» (Ибн Мажа)
Өлім ауруы Сұрақ: Өлім аузында жатқан науқасты төсегінде қалай жатқызған жөн? Қайтыс болғаннан кейін жуындыратын кезде қалай жатқызылады? Жауап: Өлім аузында жатқан науқасты оң жанымен жатқызып, бетін құбылаға қаратқан жөн. Осылай жатқызу сүннет. Аяқтарын құбылаға қаратып, арқасымен жатқызуға да болады, бірақ басының астына бір нәрсе қою қажет. Осылайша беті құбылаға қараған болады. Бұларды істеу қиын болса, ыңғайлы болған қалпында жатқызу да рұқсат. Мәйіт арқасымен немесе ыңғайлы болған қалпында жатқызылады. Құбылаға қаратып жатқызу сүннет. |