Ислам дінінің негізі – көркем мінезМұсылмандардың үйренуі керек болған білімдер «Ислам ілімдері» деп аталады. Ислам ілімдері «Дін білімдері» және «Пән білімдері» болып екіге бөлінеді. Пән білімдеріне «Хикмет» делінеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Хикмет мұсылманның жоғалған мүлкі сияқты. Оны қайдан тапса да алсын!» деген. Дін білімдерінің негізі жиырма ілім. Олардың сегізі жоғары ілімдер, он екісі көмекші ілімдер. Жоғары ілімдердің бірі – «Ахлақ ілімдері». Әрбір мұсылманның осы білімдерді өзіне қажетті шамада үйренуі парыз. Осы ебептен Ислам ғалымдары көптеп кітаптар жазған. Ислам дінінде жағымсыз саналған мінездерді және одан қорғану, құтылу шараларын әрбір мұсылман үйрену керек. Осы жаман мінез жүрек (көңіл) ауруларынан саналады. Жүректі және рухты мәңгі өлімге, яғни тозақ азабына жетелейді. Ислам ахлақын үйренген таза жастар ата-бабаларының сау денелі, жақсы мінезді, еңбекқор, мәдениетті, озат болғанын түсінеді, Ислам дұшпандарының өтіріктеріне, жалаларына алданудан құтылады. Бәріміз, өмірлерін Ислам дінінің көркем мінезін үйренумен, жаюмен өткізген және жандарын Аллаһу та'аланың дінін адамдарға жеткізуде пида еткен батырлардың асыл және қадірлі ұрпағы ретінде, құрметті ата-бабаларымыздың толық және дұрыс күйде алып келген, аманат қылған Ислам дінін және ол көрсеткен көркем мінезді жақсылап үйренуіміз керек. Отанымызға көз тіккен, мал-жан, дін және ар-намыс дұшпандарының қастандықтарына қарсы осы киелі аманатты қорғауымыз керек. Дініміз жақсы мінезді болуымызды, бір-бірімізді сыйлауымызды, үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуімізді, дінді-дінсіз бәріне жақсылық жасауды бұйыратынын білейік. Аллаһ дұрысшыл кісілердің жәрдемшісі екенін еш ұмытпайық! Бір-бірімізді құрметтейік, жәрдемдесейік – Аллаһу та'ала біздің жәрдемшіміз болсын! Аллаһу та'ала дүниеде барлық адамдарға жанашырлық танытуда. Адамдар мұқтаж болған ниғметтерді жаратып оларға жіберіп жатыр. Дүние мен ахиретте бақытқа жету үшін осы ниғметтердің қалай қолданылатынын да көрсетуде. Көрсеткен жолымен жүрген, Ислам ахлақымен мінезделген адам дүниеде де, ахиретте де қорқыныштан аман болады. Дін ғұламаларымыз көркем мінез туралы былай деген: «Ислам дінінің негізі – көркем мінез. Көркем мінез күлімдеу, жылы жүзді болу, жомарт болу және ешкімді ренжітпеу деген сөз. Көркем мінездің ең азы – қиыншылықтарға төтеп беру, жасаған жақсылығына адамдардан рахмет күтпеу, бүкіл адамдарға қамқор болу. Көркем мінез – Жаратқан үшін, жаратылғанды қош көріп, олардан келген қиыншылықтарға сабыр ету. Күлімдей алмайтын адам мүмин сипатты емес...» |