21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / ҚИЯМЕТ ЖӘНЕ АХИРЕТ КІТАБЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

ҚИЯМЕТ ЖӘНЕ АХИРЕТ КІТАБЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Дүние мен ахиретте бақытқа қолжеткізу үшін «Әһли сүннет сенімін» үйреніп, иманын соған сай түзету, одан кейін фиқһ білімін үйреніп, онымен амал ету және Аллаһу та'аланың достарын, сүйікті құлдарын жақсы көріп, Ислам дінінің дұшпандарын танып, оларға алданбау керек. Әһли сүннет сенімін және парыздар мен харамдардан қажетті болғандарын үйрену әрбір мұсылманға парыз айн. Бұларды үйренбеу үлкен күнә. Үйрену зәру болған осы білімдер дұрыс және айқын түрде «СӘАДАТИ ӘБӘДИЯ» және «Ислам ахлақы» кітаптарында жазылған. Әр мұсылман Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан жинақталып дайындалған илмихал кітабын алып, бала-шағасына, жора-жолдастарына, жақындарына оқытқызуы керек. Дүниеге және ахиретке пайдасы тимейтін, тіпті зиянды болған дінді және мінезді бұзатын араңдатушы газет-журнал мен кітаптарды оқымау керек, қажетті, пайдалы болған кітаптарды оқып үйрену қажет.

Қажетті кітаптардың өте құндысы Имам Ғазалидің кітаптары мен Имам Раббанидің (қуддисә сирруһума) «Мәктубат» атты кітабы. Осы екі кітаптың аудармасы «Сәадати әбәдия» және басқа да кітаптарымызда жазулы. Хадис шәрифте: «Әулиелер еске алынған жерге рахмет (мейірім) түседі» делінген. Бұл хадис шәриф әулиелерді жақсы көріп еске алған адамның фәйз бен берекетке кенелетінін және дұғаларының қабыл болатынын хабар беруде. Әр адам өзінің сүйіспеншілігі шамасында сол әулиелердің фәйздері мен нұрларынан пайдаланады. Олардың назары дауа, сұхбаттары ауру, өлі жүректерге шипа. Оларды көргендер Аллаһу та'аланы еске алады. Қазіргі таңда оларды табу, көру мүмкін емес болып қалды, дегенмен олардың кітаптарын оқып, олардың үстем, таңдаулы тұлғалар екендігіне сенген, сол үшін оларды жақсы көрген адам олардың рухтарынан фәйз алады, пайдаланады. Бұл жайлы осы кітабымыздың ішіндегі «Мұсылманға насихат» бөлімінде кеңірек мәлімет бар. Пайғамбарлар (алейһимуссалам) – құлдарды Аллаһу та'алаға жақындататын себепкерлер. Хадис шәрифте әулиелердің, яғни «Ислам үкімдерін жақсы біліп, білгенімен амал еткен ғалымдардың пайғамбарлардың мұрагерлері екендігі» айтылған.

Осы себептен әулиелер де (алейһимуррахмә) адамды Аллаһу та'аланың разылығы мен мейіріміне жеткізетін себепкерлер. Құран кәрімде «Аллаһу та'алаға жақындау үшін арашы іздеңдер!» делінген. Бұл арашылардың ең ұлыларының бірі пайғамбарлар (салауатуллаһи алейһим әжмаин) және олардың мұрагерлері болған ғалымдар (рахметуллаһи алейһим әжмаин). Хужжәт-ул ислам Имам Мұхаммед Ғазали және Имам Ахмед Раббани мүжәддид-и уә мунәууир-и сани Фаруқи Сәрһәнди (рахметуллаһи алейһима) осы мұрагерлерден.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұрагері болған және Оның мүбәрәк көңіліндегі нұрлар мен марифеттерді алып, таза жүректерге жеткізген осы екі ұлы тұлғаны арашы етіп бақытқа кенелу өте оңай. Өйткені олардың кітаптарын, аудармаларын оқып, оларды тану және жақсы көру тым оңай болмақ. Әулиелерді жақсы көргендер кешіріледі деп сүйіншіленген.

[Имам Ахмед Раббани 1034 [м.1624] жылы Сәрһәндте қайтыс болды.]