Өлім азабын кімдер сезбейді?Сұрақ: Өлім азабын әр адам тартады ма? Жауап: Өлім азабы дүниедегі азаптардың барлығынан да ауыр. Бір кәпір ұйықтататын дәрі ішіп немесе наркозбен денесін сезімсіз қылғаннан кейін өлсе де, өте ауыр болған өлім азабын шегеді. Бірақ салих мүмин үстіне оқ жауса да бұл азапты сезбейді. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Аллаһу та'алаға ант етемін, өлім періштесін көру мың қылыш соққысынан да ауыр. Тағы Аллаһу та'алаға ант етемін, мүмин құлдың әр тамыры өлім азабын сезбегенше жаны шықпайды.» (Әбу Нуайм) «Шәһид өлім азабын сезбейді.» (Бәйһақи) «Шәһид өлтірілуінің азабын тек бүргенің шаққанындай сезеді.» (Нәсаи) Өлім азабы 70 рет қылышпен турағаннан да ауыр, бірақ Аллаһу та'ала сүйікті құлдарына бұл азапты сездірмейді. Өлім азабы қабір азабының қасында жеңіл болып қалады. Қабір азабы махшар азабымен салыстырғанда жеңіл. Ал махшар азабы тозақ азабымен салыстырғанда жеңіл. Салих мүмин өлім азабын да, қабір азабын да, тозақ отын да сезбейді. Сырат тозақтың үстіне құрылған. Сырат көпірінен бәрі өтеді. Екі хадис шәрифтің мағынасы: «Жақсы-жаман әр адам (тозақ үстіне құрылған сыраттан) өтеді. Тек мүминге бұл салқын және саламаттық болады. Ибраһим алейһиссаламға оттың салқын болғанындай. Тіпті мүминдердің суықтығынан тозақ "Мүминнің нұры отымды сөндіріп жатыр" деп айқайлайды. Одан кейін Аллаһу та'ала тақуаларды құтқарады, ал залымдарды сол жақта етбетімен қалдырады.» (Ибн Мажа) «Қияметте тозақ мүминге "Тез өт, ей, мүмин! Сенің нұрың отымды сөндіреді" деп айқайлайды.» (Табарани) Салих мүмин рухын тапсыратын кезде рахмет періштелерін және Расулуллаһ алейһиссалам пайғамбарымызды көріп, жан беру ауыртпалығын сезбейді. Бұл таңқалатын нәрсе емес. Расында Мысыр әйелдері Юсуф алейһиссаламның сұлулығына қайран болып, өздерін де ұмытқандықтары соншалық, қолдарын кескенінен хабарлары да болмаған еді.
Өлім азабының ауыртпалығы Сұрақ: Өлім азабы мың қылыш соққысынан да ауыр екендігі хадисте айтылған. Бұл мұсылмандарға да қатысты ма? Жауап: Иә, мұсылмандарға да қатысты. Алайда, мүминдер бұл азапты сезбейді. Аллаһу та'ала әр мұсылманға өлерде Расулуллаһ алейһиссаламды көрсетеді және Оның сұлулығын көріп, ол рухын қалай тапсырғанын да білмей қалады. Юсуф алейһиссаламды көрген әйелдер оның сұлулығының алдында саусақтарын пышақпен кескенін байқамағаны сияқты, мұсылмандар да өлім азабын солай сезбейді. Олай болса, дұрыс иманмен өлуге тырысу керек. |