19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (3)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (3)

3) Кітаптың тоқсан сегізінші және жүз төртінші беттерінде Аллаһу та'аладан басқа нәрселерге табынғандардың, оларды арашы қылғандардың мүшрик екендіктерін айтқан аяти карималарды жазып: «Пайғамбарлардан және салих құлдардан өлген немесе алыста болғандарынан қандай да бір сөзбен көмек сұрағандар осы аяти карима бойынша мүшрик болады» деген.

Біз мұсылмандар әулиелердің (рахимә-һумуллаһу та’ала) өздігінен бір нәрсе істейтініне сенбейміз. Аллаһу та'ала оларды жақсы көргендіктен, олардың дұғасы және құрметімен жарататынына сенеміз. Құлдарға табыну дегеніміз – олардың сөзіне еріп, Ислам дінінің сыртына шығу, олардың сөздерін кітап пен сүннеттен үстем тұту деген сөз. Ислам дінін бұйырғандарға еру ондай емес. Оған еру – Ислам дініне еру деген сөз. Хайбар соғысында хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) көзі ауырған еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк сілекейін оның көзіне жақты да, дұға етті. Көздері жазылып кетті. Пайғамбардың құрметіне Аллаһу та'ала шипа нәсіп етті. Уаһһаби кітабы да тоқсан бірінші бетінде осыны жазған және Бұхари мен Мүслим хабар бергенін айтқан. Он сегізінші бөлімді оқыңыз.