Әр түні өзін есепке тартатындарШәрәфуддин Исмаил бин Әби Бәкр хазреттері Шафии ғалымдарының бірі. 754 (м.1353) жылы Йеменде туылды. 837 (м.1434) жылы Зәбидте қайтыс болды. Бір дәрісінде былай деген: Ең құнды тәсбих – бес уақыт намаздан кейін айтылатын «Субханаллаһ», «Әлхамдулиллаһ» және «Аллаһу әкбар». Бұл тәсбихтерден кейін ең құнды тәсбих пен зікір – «Лә илаһа иллаллаһ» деп айту. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ең үстем тәсбих Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбәр.» «Лә илаһа иллаллаһ деп айту 99 пәлекетті қайтарады, олардың ең төмені – мұң.» «Зікірдің Лә илаһа иллаллаһтан абзалы жоқ.» «Зікірдің абзалы – лә илаһа иллаллаһ, дұғаның абзалы – әлхамдулиллаһ.» «Аллаһ дәргейінде ең құнды сөз – Субханаллаһи уә бихамдиһи.» «Субханаллаһ деген адам Ухудтан үлкен сауап алады. Лә илаһа иллаллаһ және Аллаһу әкбар деп айту да осындай.» «Түнгі ғибадат қиынға соққан, қайырымдылыққа мал-мүлік жұмсай алмаған немесе дұшпандармен күресуге қорыққан адам көп Субханаллаһи уә бихамдиһи десін. Бұл Аллаһ жолында жұмсайтын бір алтын таудан да құндырақ.» «Қиын жағдайға тап болған адам "Бисмиллаһир рахманир рахим уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм" десе, Аллаһу та'ала оны әртүрлі бәле-жала мен қиыншылықтардан қорғайды.» «Жәннат қазынасы болған "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, уәлә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп тұрақты түрде айтып жүрген адамның ағаштан түскен жапырақтар сияқты күнәлары төгіледі.» «Айтылуы жеңіл, бірақ таразыда ауыр және кешіруші болған Аллаһ дәргейінде ең құнды екі сөз – Субханаллаһи уә бихамдиһи, Субханаллаһил азыйм.» «Мына бес сөзді ауыздарыңнан тастамаңдар: Субханаллаһ, әлхамдулиллаһ, Аллаһу әкбар, лә илаһа иллаллаһ және Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ.» «Аллаһу та'аланың дәргейінде тәкбірі, тахмиді, тәсбихі және тәһлилі себебімен мұсылман болып қартайған мұсылманнан абзалырақ ешкім жоқ.» Құран кәрімде Бақият-ус-салихат (мәңгі қалған жақсы амалдар) деген тіркес өткен. Расулуллаһ айтқан: «Бақият-ус-салихатты көп айтыңдар. Бақият-ус-салихат: тәсбих, тәхлил, тахмид, тәкбір және тәмжид.» Әр түні жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам жүз рет тәсбих, тахмид және тәкбір айтқан болады. Осылайша өзін есепке тартқан болып саналады. |