21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (4)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (4)

4) Жүз сегізінші бетінде: «Тасаууфшылар ширк пен күпірге батты. Шәкірт ұстазына табынуда. Шаранидің кітаптары осы күпірлерге толы. Адамдар Хусейннің әкесі және балаларының, Шафиидың, Абу Ханифаның және Абдулқадир Гейланидің мазарларын пұтқа айналдырып, оларға табынып жатыр» дейді.

«Усул-ул-әрбәа фи-тәрдид-ил-уаһһабия» кітабының үшінші бөлімінде парсы тілінде былай жазылған:

Осылай сенген адам ғайып болған, яғни қасында болмаған бір адамды есімін атап шақыру үлкен ширк болады. Осылайша Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк рухының да келетінін ойлап шақырған адам мүшрик болады дейді. Йемендік Шәуқани да «Дурр-ун-надид» кітабында: «Мазарларды киелі деп білу, қабірлерге қарап қажеттіліктерін сұрау күпір болады» деді. Тағы ол «Татхир-ул-итиқад» кітабында да «Періште, пайғамбар немесе әулие болса да, өліні немесе ғайып болған тіріні осылай шақырған адам мүшрик болады» дейді. Мазһабсыздардың бір бөлігі осы мәселеде екі пікір айтуда. Олардың айтуынша, егер еститінін ойламастан жақсы көргендіктен «Йа, Расулаллаһ!» десе мүшрик болмайды. Егер еститініне сеніп айтса кәпір болады. Сәләф-и салихин (рахимә-һумуллаһу та’ала) жасаған нәрселерге ширк деген және мұсылмандарға мүшрик деп айтқан осы адамнан сұраймыз: «Ғайып болған» деген сөзбен не айтпақшысың? Егер «Біз көрмейтін нәрсенің бәрі ғайып» десең, онда «Йа, Аллаһ» деп айтуымыз да ширк болады. Өйткені бұл Аллаһу та'аланың жәннатта да көрінетініне сенбеу деген сөз. Егер «Ғайып – жоқ нәрсе деген сөз» десең, пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) және әулиелердің (рахимә-һумуллаһу та’ала) рухтарын қалайша жоқ дей аласың. Рухтардың бар екенін кітабымыздың екінші бөлімінде анықтаған едік. Жоқ егер «Рухтардың бар екеніне және ұғынатына, ойланатынына, яғни түсінетініне, еститініне сенеміз. Бірақ іс-әрекет жасай алатынына сенбейміз» десең, бұл сөз Аллаһу та'аланы жоққа шығаруда, «Ән-назиат» сүресінің бесінші аятында «Қиын істерді атқаратындарға ант етемін» делінген. Тәфсир ғалымдарының көбі, мысалы «Бәйдауи тәфсирі» [және мұның Шәйхзада шәрһі, тәфсир-и Азизи, Рухул баян тәфсирі, тәфсир-и Хусейни] бұл аяти карима періштелер мен әулие рухтарының іс атқаратынын мәлімдеуде деді.

Рух – зат (материя) емес. Сондықтан періштелер сияқты Аллаһу та'аланың әмірі және рұқсатымен дүниеде іс атқарады. Періштелердің Аллаһу та'аланың рұқсатымен осы дүниеде іс атқаратыны, жоқ қылатыны, тірілту, өлтіру сияқты істердің жасалуына себепкер болғандығы Құран кәрімнің әртүрлі жерлерінде айтылған. Жын мен шайтандар да қиын істерді оңай жасайды. Сулейман алейһиссаламға жындардың қызмет еткендігін Құран кәрім хабар беруде. Мысалы, «Сәбә» сүресінің оныншы аятында: «Жын Оның барлық қалауын, қамал, сурет, үлкен қазандар және орнынан қозғату мүмкін болмаған құмыралар жасайтын» делінген. Жындар періштелер мен рухтар сияқты жетік және қуатты болмаса да, үлкен істер атқаруда. Бұл дүниеде адам күші жетпейтін істер атқарылып жатқан, біз көре алмайтын көп нәрсе бар. Мысалы, өте жеңіл болған бізге көрінбейтін ауа боран, құйын кейіпін алып, ағаштарды қопарып, ғимараттарды құлатуда.

[Электр қуаты, лазер сәулелері, электромагниттік толқындар, атомдар көзбен, тіпті ультрамикроскоппен көрінбейтін болса да, таңғажайып істер атқаруда.] Назар (көз) тию, сиқыр (яғни дуа) және осыған ұқсас қуаттарды біз көре алмаймыз. Алайда, бұлардың қорқынышты әсерлерін естімеген адам жоқ. Осылардың барлығының жасағандарының орындаушысы еш күмәнсіз Аллаһу та'ала. Бұлар Аллаһу та'аланың жасауына, жаратуына себеп болғандықтан, солар істеді деп санап жүрміз. Олардың істегенін айту күпір, ширк болмайды да, әулиелердің рухтары жасап жатыр деп айту неліктен ширк болсын? Олар Аллаһу та'аланың рұқсатымен және жаратуымен жасағанындай, әулиелердің рухтары да Аллаһу та'аланың рұқсат беруі және жаратуымен жасауда. Олардың істегенін айту да ширк болады делінсе, Құран кәрімге қарсы шыққан болады.

[Абдулқадир Гейлани 561 [м.1166] жылы Бағдадта қайтыс болды.]

[Абдуллаһ Бәйдауи 685 [м.1286] жылы Тебризде қайтыс болды.]

[Шәйхзада Мұхаммед 951 [м.1544] жылы қайтыс болды.]

Бұл адам «Жынның, шайтандардың және ауаның әсер ететінін Құран кәрім хабар берген. Сондықтан олар істеді деп айту жаиз болуда. Әулиелердің рухтарының бір нәрсе істейтінін Құран кәрім айтпағандықтан, рухтардан бір нәрсе сұрау ширк болады» десе, жоғарыда жазған «Ән-назиат» сүресінің бесінші аятымызды ұмыттың ба дейміз. Көздерінің көруін қалаған соқырға айтылған хадис шәрифтегі дұға және шөлде жалғыз қалған адамға оқуы әмір етілген дұға, «Қабір зиярат еткенде өліге сәлем беріңдер!» әмірі, Осман бин Хунәйф (радиаллаһу та’ала анһ) хабар берген оқиғасы осыған дейінгі бөлімде жазылған еді. Осылардың бәрі және осыған ұқсас тағы әртүрлі дәлелдер ғайып болғаннан және қабірдегіден жәрдем сұраудың жаиз екенін көрсетуде. Бірақ бұл адам мәшһүр және сахих болған осы хадис шәрифтерді заиф және мәуду (әлсіз) деп айыптауда.

Әһли сүннет ғалымдарының және тасаууф ұлыларының сөздеріне де мән бермейді. Өйткені төрт мазһабтың бірін ұстану ширк, күпір болады дейді. Мысалы, Ғұлам Әли Қусури «Тахқиқ-ул-кәлам» кітабында «Төрт мазһабтың бірін ұстанған және Қадирия, Чәштия, Сухрауардия сияқты тариқаттарға кірген адам кәпір, мүшрик, бидғатшы болады» дейді. «Усул-ул-әрбәа» кітабынан аударма тәмәм болды. Бұл кітап 1346 [м.1928] жылы Үндістанда парсы тілінде жазылған, Пакистанда басылған, 1395 [м.1975] жылы Стамбұлда екінші басылымы шығарылған. Авторы Имам Раббанидің (рахимә-һуллуһу таала) тегінен Хаким-улуммат хаджа Мұхаммед Хасан Жан (рахметуллаһи алейһим әжмаин). Оның «Тариқ-ун-нәжат» кітабы да «бидғат» топтарына жауап беруде. Араб тіліндегі осы кітап Урду тіліндегі аудармасымен бірге 1350 жылы Пакистанда басылған, 1396 [м.1976] жылы Стамбұлда «Хақиқат кітап үйі» тарапынан офсеттік басылымы шығарылған.

[Мұхаммед Хасан Жан Мүжәддиди 1349 [м.1930] жылы қайтыс болды.]