Раббымыздың алдындағы құлшылық міндеттерімізӘр мұсылманның бірінші міндеті – бізді жоқтан бар қылған және бар қылып ұстап тұрған Раббымызды тану және Оған иман келтіру. Раббымыздың алдында әдепті болу және құрмет көрсету. Аллаһу та'ала бір хадис құдсида «Мен жасырын қазына едім, танылғым келді де, әлемді жараттым» және «Зарият» сүресінің 56-аяти каримасында «Мен жындарды және адамдарды тек мені танып, құлшылық жасасын деп жараттым» деген. Раббымыздың алдындағы біздің құлшылық міндеттерімізді қысқаша былай тізуге болады: 1) Құлшылық – Аллаһу та'аланың бар екеніне және бір екеніне, ұқсасының жоқтығына, ешкімге мұқтаж еместігіне, барлық адамдар мен барлық нәрселердің Оған мұқтаж екеніне сену. Затының қандай екенін ойламастан тек сипаттарын, есімдерін және істерін үйреніп, солай қабылдау. 2) Құлшылық – Раббымыз жіберген Исламның әмірлері мен тыйымдарына қарсы шығудан және солай күпірге түсуден қатты қорқу. Өйткені «Күпірден бет бұрмағанша достық болмайды» деген мақал бар. Яғни күпірден және кәпірлерден аулақ болмағанша Аллаһқа дос болу мүмкін емес. Осы себептен Оның дұшпандарын мүлдем жақсы көрмеу керек. 3) Құлшылық – Раббымыздың иманнан кейін ең маңызды әмірі болған намазды жақсы көріп тұрып, жалықпастан, уақытылы оқу және басқа ғибадаттарымызды қалдырмай өз уақытында орындау. 4) Құлшылық – Раббымыздың бүкіл құлдарына мейірім мен қамқорлық көрсету және осылайша Оның разылығына қолжеткізуге тырысу. 5) Құлшылық – Раббымызды әр уақытта және барлық жерде тілімізбен зікір ету және Оны бүкіл кемшіліктер мен нұқсандықтардан пәк қылу. 6) Құлшылық – Раббымыздың әмірлері мен тыйымдарын ұстануда қайратты болу және Оған бағынбай қалудан қатты қорқу. Аллаһтың ашуының күнәлардың ішінде жасырылғанын еш ұмытпау. 7) Құлшылық – Аллаһу та'аланы жақсы көру және ниғметтеріне әрдайым шүкіршілік ету. Адамдарға барлық ниғметті жіберетін Аллаһқа шүкір ету – осы сүйіспеншіліктің белгісі. Шүкір ету – Оның әмірлері мен тыйымдарына бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл сүйіспеншілік Аллаһтың алдындағы құлшылық міндеттері болған ғибадаттарын орындау қалауын да арттырады. 8) Құлшылық – Раббымыздың тағдырына разылық көрсету және «Тағдырға иман еткен адам тағдырына сенімді болады» хадис шәрифін еш ұмытпау. Дерт пен бәле-жалаға сабыр ету. Хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала айтқан: Бәле-жала жіберген адамдарым сабыр етіп, адамдарға шағымданбаса, оларға иманмен өлуді нәсіп етемін» делінген. 9) Құлшылық – Раббымызға қарсы істеген қателеріміз бен айыптарымызға өкіну және Одан кешірім сұрау. Бұл «Тәубе ету» деп аталады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Күнәларына тәубе еткен адам мүлдем күнә істемендей болады» деген. 10) Негізгі құлшылық – Аллаһу та'аланы ешқашан ұмытпау. Әр істі бастайтын кезде Оны зікір ету. Бисмиллаһсыз ештеңе бастамау. Бір сәтке болса да Оны ұмытпау. Бір хадис шәрифте: «Таңертең-кешке (Бисмиллаһпен) үш рет "Бисмиллаһиллләзи лә йәдурру мә-асмиһи шәйун фил әрди уәлә фиссәма-и уә һуәссәмиул алим" дұғасын оқыған адам сиқыр мен көз тиюден қорғанады» делінген. (Ибн Мажа) |