19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сараңдық – көңіл ауруы

Сараңдық – көңіл ауруы

Сараңдық – ақшаны жұмсалуы керек болған жерге беруді қаламау деген сөз. Мысалы, тамағы бар адамның аш отырған көршісіне бермеуі сараңдық болады. Сараңдық – көңіл ауруына жатады. Басқа көңіл аурулары сияқты ықыластың кемдігімен, иманның әлсіздігімен, тіпті күпірмен байланысы бар. Әр ауру өз себебінің терісімен емделеді. Нәпістің түрлі қалауларынан құтылудың емі – азға қанағат және сабыр. Көптеген сараң кісілердің ғапіл болып өлгенін, мал-мүлкін қимағанын, қалған мал-мүлкін мирасқорлары пайдаланып жұмсағанын елестету қажет. Сараңдықтың қайдан қарасаң да жаман екенін ойлап, жомарт болуға тырысу керек!

Қонаққа дастархан жаюмен, садақа берумен адам кедей болып қалмайды. Сараңдық өте жаман. Үйге қонақ шақырып тұрып, сараңдықтан құтылуға тырысу керек! Хадис шәрифте айтылған:

«Амалдардың ең құндысы – мүминнің кемшілігін жабу, қарнын тойғызу және бір қажеттілігін өтеу жолымен оны қуанту.»

Бағдадта ешкімге ештеңе бермейтін өте сараң бір адам өмір сүретін. Өзі сондай сараң болғандықтан, жомарт адамдарды мүлдем жақтырмайтын. Бір күні қасындағы адамдарға «Менің Ахмед Хаддадтан басқа ешкімге дұшпандығым жоқ. Өйткені ол адамдарға көп сыйлық беріп, сияпат көрсетеді» деген екен.

Сол күні кешке осы сараң кісі түсінде бүкіл мал-мүлкінің Ахмед Хаддадқа берілетінін көрді. Шошып оянып, қатты қорқты. Біраз уақытқа дейін сол түсінің әсері қайтпай тұрды. Сол кезде өз-өзіне «Мұның алдын алу үшін бір қулық ойлап табуым керек» деді. Сөйтіп ортасы бос болған үлкен аса таяқ жасатты. Алтындарының жартысын аса таяқтың ішіне салды. Таяқтың екі ұшын жақсылап бекітті. Кейін аса таяқты Тигр өзеніне тастады...

Бұлардың бәрінен бейхабар Ахмед Хаддад хазреттері қайыққа мініп, өзеннің арғы бетіне өтіп бара жатқанда байқамай аса таяғын Тигр өзеніне түсіріп алды. Қайықшыға бір дирхам ақша беріп, оны судан шығарып беруін сұрады. Қайықшы суға сүңгіп, аса таяқты тауып берді. Бірақ өзеннің түбінен шығарған аса таяғы өте ауыр еді. Бұған таңқалды. Ахмед Хаддадтың кәсібі темірші еді. Сонымен қатар тіс емдеумен да айналысатын. Тапқан аса таяғын дүкеніне алып келіп, ұшын ашқан кезінде іші алтынға толы екенін көрді. Сараң бұл жағдайды естігенде «Мен не істесем де, алтындарымның қалған жартысын оған беріп қоймауым керек» деп уайымға түсті. Қалған алтындарын алып келді. Бәріне ұн алып, нан пісірді де, барлығын кедейлерге сатты. Аллаһтың хикметі, жегендердің бәрінің тістері ауыра бастады. Хадис шәрифте «Сараңның берген тамағы ауру тудырады» делінген. Кедейлер нанның ақшасын Ахмед Хаддадқа беріп, тістерін емдетті. Осылайша сараңның барлық ақшасы Ахмед Хаддадқа өткен болды. Бұл хабар сараңға жетіп барғанда бірден іші аурып жатып қалды, біраз күннен кейін қайтыс болды...