19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жамандық жасағанға жақсылық жасайтындар

Жамандық жасағанға жақсылық жасайтындар

Хасан Чәләби Осман империясының ұлы фиқһ және кәлам ғалымдарынан. Ол «Ахлақи алаи» атты кітаптың авторы Әли бин Әмруллаһ хазреттерінің ұлы болады. 953 (м.1546) жылы Бурсада туылып, 1012 (м.1604) жылы Мысырда Рашид ауылында қайтыс болды.

Бұл мүбәрәк кісі бір дәрісінде әкесінің кітабын негізге алып былай деген:

Жақсы мінезді болу және жақсы мінезін сақтап қала алу үшін салих адамдармен, жақсы мінезді кісілермен достық құру керек. Адамның мінезі досының мінезіндей болады. Мінез – ауру сияқты жұқпалы. Жаман мінезді адаммен достық құрмау қажет. Хадис шәрифте «Адамның діні досының діні сияқты болады» делінген.

Адам дүниеде бақи (мәңгі) қалмайды. Дүниенің қызықтарына берілген сайын дерттер, қайғы-қасіреттер, қиыншылықтар артады. Мына хадис шәрифтерді еш ұмытпау қажет:

1) «Ғибадаттары аз болған құл жақсы мінезінің арқасында қияметте үлкен дәрежелерге жетеді.»

2) «Ғибадаттардың ең оңайы және өте пайдалысы – аз сөйлеу және жақсы мінезді болу.»

3) «Бір құлдың ғибадаттары көп болса да, жаман мінезі оны тозақтың түбіне түсіреді. Кейде күпірге жетелейді.»

4) Бір адамның күндерін ораза ұстап, түндерін намаз оқып өткізгені, бірақ жаман мінезді екені, тілімен көршілерін, достарын қинайтыны айтылғанда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жауап ретінде: «Ондай болу жақсы емес. Оның баратын жері – тозақ оты» деді.

5) «Жақсы мінезді толықтыру, орнықтыру үшін жіберілдім.» Сәмәуи діндердің барлығында жақсы мінездер бар еді. Бұл дін осыларды толықтыру үшін жіберілді. Бұл дін бар кезде жақсы мінезді үйрететін басқа жерлерге, басқа адамдарға қажеттілік жоқ. Сондықтан Мұхаммед алейһиссаламнан кейін пайғамбар келмейді.

6) «Жақсы мінезді болған адам дүние мен ахирет бақытына қауышады.» Өйткені жақсы мінезді кісі Аллаһу та'ала мен құлдар алдындағы ақыларды, міндеттерді орындайды.

7) «Сыртқы көрінісі мен мінезі жақсы болған адамды тозақ оты жақпайды.»

8) «Өзінен алыстағандарға жақындау, зұлымдық көрсеткендерді кешіру, өзін мақрұм еткендерге сый-сияпат көрсету – жақсы мінезді болу деген сөз.» Жақсы мінезді адам өзіне ренжіген кісіге жақсылық жасап, сый-сияпат көрсетеді. Мал-жанына, абыройына, денесіне зиян тигізген адамды кешіреді.

9) «Ашуланған кезде жылы шырай танытқан адамның жүрегін Аллаһу та'ала сенімділік пен иманға толтырады.» Ол қорқынышсыз және сенімді болады. Жамандық жасағанға жақсылық жасау – жақсы мінездердің ең үстемі. Бұл кәміл адам болудың белгісі. Осы қасиет дұшпандарды досқа айналдырады.