УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (12)12) Екі жүз жиырма төртінші бетінде: «Шарани шайхы Алийулхауастың Расулуллаһтан бір сәтке де айрылмағанын жазуда. Бұлардың бәрі өтірік. Дұрыс болса, пайғамбар келіп, сахабалары арасындағы бөлінудің алдын алар еді» дейді. Түйірдей ақылы мен діни білімі бар адам бұлай сөйлей алмайды. Өйткені, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабалары арасында болатын фитналардың, бөлінудің бәрін хабар берген еді. Келіп мұның алдын алуын қалай ойлауға болады? Шарани (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан бірге болу кәшф пен мушаһәдә еді. Бұл ақымақтардың түсінгеніндей материалдық жағдай емес еді. Олар түсінбегенін, білмегенін мойындамайды. «Адам білмейтін нәрсесінің дұшпаны» деген мақал дәл осы жағдайға тиісті болып тұр. Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу та'ала анһ) Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әр сәтте көргенін айтып, сізден ұяламын дейтін еді. Отыз екінші бөлімді оқыңыз! |