21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (13)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (13)

13) Жүз сексенінші бетінде Имам Бусайридің «Қасида-и бурда» кітабынан мысал келтіріп: «Бұл сөздер Аллаһтан басқасына жүгіну, махлұқты (жаратылғанды) ұлықтау саналады. Бұл ширк» дейді.

Расулуллаһты Аллаһу та'ала мақтаған. Ол өзі де өзін-өзі мақтап, Аллаһу та'аланың берген ниғметтерін айтқан. Бұл мақтауларының көп болғаны соншалық, Бусайри хазреттерінің мақтауы олардың қасында түк болмай қалады. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтау – ғибадат. Асхаби кирамның бәрі мақтаған. Олардың арасында Хассан бин Сабит және Қа’б бин Зухайрдың ұзақ мақтаулары мәшһүр. Қа’б бин Зухайр «Банәт су’ад» қасидасында Бусайриден көбірек мақтаған еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұны ұнатып, Қа’бтың алдыңғы айыбын кешіріп, мүбәрәк шапанын оған сыйлаған. Бұл шапан қазір Стамбұлда Топкапы сарайында сақталған. Уаһһаби кітабы Бусайри қасидасындағы «Йа әкрәмәлхалқи мә ли мән әузу биһи-сиуака индә һулул-и хадисил-амәми» деген шумағын жазып, Расулуллаһтан истиғаса ету ширк деген. Бұл шумақтың мағынасы: «Ей, бүкіл жаратылыстардың ең үстемі және ең жомарты ұлы пайғамбар! Соңғы демімде жүгінетін сізден басқа ешкімім жоқ.» Уаһһаби автор Табарани жеткізген хадис шәрифті жазып, құлға истиғаса жасау ширк дейді. Бұл хадис шәрифте айтылғаны бойынша, бір мұнафиқ мүминдерге жәбір көрсетіп жүрген еді. Әбу Бәкір Сыддық «Жүріңдер, Расулуллаһқа истиғаса жасайық, оған сиынайық» деді. Сонда Расулуллаһ «Маған истиғаса жасалмайды. Аллаһқа истиғаса жасау керек» деді. Уаһһаби осы хадис шәрифті негізге алып, Әһли сүннетке лай шапқылау ниетінде. Алайда хадис шәриф «Әр адамды барлық зияннан қорғайтын Аллаһу та'ала. Қорғаушы себептерді жарататын және осы себептерге қорғау күші мен әсерін беретін Ол. Ол қорғауды қаламаса, себепке жүгіндірмейді. Себеп болса да, әсер ете алмайды» деген сөз. Хадис шәриф «Маған сиынғандар нәтижесін менен емес, Аллаһтан білсін» дегенді білдіреді. Хазреті Әбу Бәкір осындай екенін білмейтін бе еді? Әлбетте білетін еді. Бірақ қияметке дейін келетін мүминдердің оның осы сөзін қате түсінбеуі үшін Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оның осы қысқа сөзін түсіндіріп берді. Сондықтан, барлық мүминдер әрдайым нәтижені тек қана Аллаһу та'аладан деп біледі. Имам Мұхаммед Масум «Мәктубат» кітабының бірінші том, жүз оныншы хатында айтқанындай, «Аллаһу та'ала өз құдіретін себептер арасына жасырды.»

Құдірет иесі тек өзі екенін айтуымен қатар, себепке жүгінуді де әмір етті. Нағыз мұсылманның себептерді орындау және себептерге күш берген жаратқанға жүгіну керектігін көрсетті. Яқуб алейһиссаламның осы екеуін бірге істегенін Құран кәрімде айтып, оны мақтады. Юсуф сүресінде «Яқуб алейһиссалам біздің айтқанымызды біледі. Бірақ, адамдардың көбі қанша алдын алу шаралары қолданылса да, тағдырдың жазғаны болатынын білмейді» деді. Тибян тәфсирінде бұл аяти каримаға «Мүшриктер Аллаһу та'аланың әулиелеріне шабыт еткен нәрселерін білмейді» деген мағына берілген. Нәтижені себептерден біліп, Аллаһу та'аланың қуатымен әсер еткенін білмейтіндер – адасушылар. Себептерді алып тастауды көздегендер де Аллаһу та'аланың хикметін білмеген, Аллаһу та'аланың махлұқтарды бостан босқа, пайдасыз жаратқанын мәлімдеген болады. Бұл адамдарды жалқаулыққа жетелейді. Себептерге әсер ету күшін Аллаһу та'аланың беретініне сенген адам хақ жолға қауышқан болып, екі қауіптен де құтылған болады. Жүз оныншы хаттың аудармасы тәмәм болды. Осы нәзік мәселені түсіне алған адам жоғарыдағы хадис шәрифті де дұрыс түсіне алады.

Имам Мұхаммед бин Саид Бусайри (рахимә-һуллаһу та'ала) софия-и алияның ұлыларынан. Шазили болған Әбул Аббас Мүрси жетілдірген әулиелерден. Әбул Аббас Мүрси болса Әбул Хасан Шазилидің шәкірті. 695 [м.1295] жылы Мысырда қайтыс болған. Оның аяқ-қолы істемей, сал болып ауырды. Денесінің жартысы әрекетсіз қалды. Расулуллаһқа тәуәссул етіп, адамдардың ең үстемін мақтайтын мәшһүр қасидасын жазды. Түсінде Расулуллаһқа оқып берді. Бұл Расулуллаһқа қатты ұнап, мүбәрәк шапанын шешіп, имамға кигізді. Денесінің сал болған жерлерін қолымен сипап шықты. Оянғанда денесі сауығып кеткен еді. Иығында әлгі шапан тұр еді. Осы себептен бұл қасида «Қасида-и бурда» деп аталды. Бурда – шапан, пальто дегенді білдіреді. Имам Бусайри (рахметуллаһи алейһ) қуанып, таң намазына бара жатқанда дұрыстығы және тақуалығымен танымал бір кісіні кезіктірді. Имамға «Қасидаңды тыңдағым келеді» деді. Имам «Менің қасидаларым көп, барлығын бәрі біледі» деп еді, әлгі кісі «Ешкім білмейтінін, осы түні Расулуллаһқа оқыған қасидаңды тыңдағым келеді» деді. Сонда имам «Мұны ешкімге айтпадым ғой. Сен қайдан біліп қойдың?» деп сұрады. Әлгі кісі имамның түсін болғанындай айтып берді. Уәзір Бахауддин бұл қасида туралы естігенде бәрін оқытып, құрметпен түрегеп тұрып тыңдады. Ауруларға оқылғанда жазылып кеткендігі, оқылған жерлердің дерттерден, бәле-жаладан сақ болғандығы байқалды. Пайдалану үшін сену және таза ниетпен оқу керек.

Қасида-и бурда он бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) деген сүйіспеншіліктің құндылығы айтылуда.

Екінші бөлімде адамдардың нәпсінің жамандығы баяндалуда.

Үшінші бөлімде Расулуллаһ мақталуда.

Төртінші бөлімде Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дүниеге келуі баяндалуда.

Бесінші бөлімде Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дұғаларының бірден қабыл болғандығы хабарлануда.

Алтыншы бөлімде Құран кәрім мақталуда.

Жетінші бөлімде Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) миғражындағы нәзік мәселелері баяндалуда.

Сегізінші бөлімде Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) соғыстары баяндалуда.

Тоғызыншы бөлімде Аллаһу та'аладан кешірім тіленуде және Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) шапағат сұралуда.

Оныншы бөлімде Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәрежесінің жоғарылығы айтылуда.

Уаһһаби автор мыңдаған мұсылманды өлтірген залымдарды мақтауда. Олардың жазықсыздардың қандары тамған қылыштарын Ислам жауынгерлерінің мүбәрәк қылыштарына ұқсатып, Аллаһу та'аланың ұлы пайғамбарын мақтауды пұтқа табынушылардың пұттарын мақтауына ұқсатуда. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтағандарды мүшрик деп айыптауда. Кәпірлер пұттарын жаратушы, құдай ретінде мақтаған еді. Бұл мақтаулар тек Аллаһу та'алаға қатысты болады. Мұсылмандар тек Аллаһу та'аланы осылай мақтайды. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтап, жаратылыстардың ең үстіне шығарамыз. Расулуллаһқа ғашық болған, Оны көп мақтаған Ислам ғалымдарының ешқайсысы ол ұлы пайғамбарды жаратушы және құдай дәрежесіне шығармаған. Аллаһу та'аланы мақтағандай етіп мақтамаған. Бұл кітапты жазған адам хақ пен қатені бір-бірінен ажырата алмайды. Кітабын кәпірлер туралы айтылған аяти карималарға және хадис шәрифтерге толтырған. Оларға қате мағыналар беріп, Ислам ғалымдарына тиісуде, тасаууф ғұламаларына, Аллаһу та'ала жақсы көретін мұсылмандарға мүшрик және кәпір деуде. Бұл уаһһаби кітабын оқығандар әр бетіндегі аяти карималар мен хадис шәрифтерді көріп, алданып жатыр, оларға берілген қате мағыналарды дұрыс деп санап, пәлекетке жетеленуде.