21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи

Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи хазреттері Силсилә-и алийаның жиырма сегізіншісі. 1745 жылы Үндістанның Пенджап қаласында туылды. 1824 жылы Делиде қайтыс болды. Қабірі «Шахжиһан» мешітінің қасындағы медресесінде.

Әкесі Абдуллатиф ғалым, салих және тақуа кісі еді. Бір күні түсінде хазреті Әли оған «Аллаһу та'ала саған ұл нәсіп етеді, ол үлкен әулие болады. Оған біздің есімімізді қоярсың» деді.

Расуллаһ алейһиссалам әулие кісі болған көкесіне түсінде туылатын балаға Абдуллаһ есімін қоюды бұйырды. Бала туылғанда есімін әкесі Әли, көкесі Абдуллаһ деп қойды. Абдуллаһ Деһлеуи хазреттері алты жасқа толғанда хазреті Әлиге деген сүйіспеншілігі және әдебінен өзін Әли деп атауын қаламай, Әлидің қызметшісі деген мағынаны беретін Ғұлам Әли деп атады және осы есіммен танылды.

Туылғанынан өте үстем зеректікке ие болатын. Құран кәрімді қысқа уақытта жаттап алды. Діни білімдерді және заманының жаратылыстану ғылымдарын үйренді.

Мазхар Жаны Жанан хазреттерінің алдына барып, оны шәкіртікке қабылдауын сұрады. Мазхар Жаны Жанан хазреттері «Сен өзіңе ұнайтын жеріңе бар. Біздің жолымыз тұзсыз тасты жалау сияқты» деді. Сонда ол «Мен барлық нәрсеге разымын» деді. Осыған орай «Мүбәрәк болсын» деп шәкіртікке қабылдады. Абдуллаһ Деһлеуи хазреттері 15 жыл сұхбатына қатысып абырой тапты. Әулиелікте үлкен дәрежелерге жеткенде ижазат (диплом) алып, халифасы (орынбасары) болды.

Абдуллаһ Деһлеуи хазреттері айтқан:

Шәкірт – адал болған (сенімді, берілген) талапкер деген сөз. Аллаһу та'алаға деген сүйіспеншілікпен және Оның сүйіспеншілігіне қауышу қалауымен жанады. Өзі білмейтін, өзі түсінбейтін сүйіспеншілікпен таңырқаған жағдайда. Ұйқысы қашып, көз жасы тоқтамайды. Істеген күнәларынан ұялып, басын көтере алмайды. Барлық іс-әрекетінде Аллаһтан қорқады, Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне қауыштыратын амалдарды жасауға бар күшін салады. Барлық ісінде сабыр етеді. Қиыншылық келген сайын айыпты өзінен көреді. Әр тынысында Раббысын ойлайды. Ғапілдікпен өмір сүрмейді. Ешкіммен сөз таласпайды. Біреуді ренжітіп қоюдан қорқады. Адамдардың жүректерін (көңілдерін) Аллаһу та'аланың үйі деп біледі. Асхаби кирам туралы жақсы сөйлейді және есімдері аталғанда «радиаллаһу анһум» дейді. Олардың бәрінің жақсы екенін айтады. Пайғамбарымыз алейһиссалам сахабалар арасында болған нәрселер туралы сөйлеспеуді бұйырды. Салих мұсылман ол туралы сөйлемейді, жазбайды және оқымайды. Осылайша сол ұлы тұлғалардың алдында әдепсіздік жасаудан өзін қорғайды. Ол ұлы тұлғаларды жақсы көру – Аллаһтың Расулын жақсы көрудің белгісі. Өз білімімен, өз көзқарасымен әулиелерді, ғұламаларды бір-бірінен төмен немесе жоғары деп ажыратпайды. Біреудің жоғары дәрежелі, үстемірек екені тек қана аяти каримамен, хадис шәрифпен және сахабалардың сөз бірлігімен аңғарылады. Махаббат мастығымен басқаша айтқандардың жағдайы кешірімді.