УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (17)17) Екі жүз жетпіс бір және одан кейінгі беттерінде: «Үмбетімнің басына адасқан имамдар келуінен қорқамын делінген. Яғни мұсылмандарды адастыратын басшылар, ғалымдар келеді, кітапқа қайшы фәтуалар береді. Олардың көбісі дерттері, тілектері бар адамдар мазарыма келсін, тілегін орындаймын дейді. Мен Аллаһқа тым жақындадым. Ғибадат жасау міндеті менін мойнымнан алынды, кешірілді дейді. Әулиелер қалағанына көмектеседі. Тілектерді олардан сұрау керек. Қиналғандар олардың тірілеріне және өлілеріне жүгінсе, бақытқа қолжеткізеді. Олар қалағанын істейді. Керемет көрсетеді. Ләухи махфузды біледі. Адамдардың жасырын ойларын біліп қояды. Пайғамбарлардың және әулиелердің қабірлеріне кесене жасатады. Олар Аллаһтан басқа нәрселерге табыну болып саналады. Хадисте мұнафиқтар хақ сөздерді айтып алдайды делінген. Хадисте үмбетімнен көбісі пұттарға табынбағанша қиямет басталмайды делінген. Қабірлерге табынған, Аллаһқа серік қосқандар бұған не дейді? Соңғы жылдары пұттарға табыну фитнасы артқаны соншалық, ешкім байқамайтын болды. Мұхаммед бин Абдулуаһһаб шығып, мұның алдын алды. Үкіметтер бұған қарсы шықпақшы болды, дегенмен оның аты барлық жерге тарады. Оған сенгендер де, сенбегендер де көп болды. Әбу Тахирдың айтуынша, Сауд ұлдары Абдулуаһһаб ұлының тәухид байрағын Арабстанның барлық жеріне жеткізді. Ширктің жайылуының алдын алу, ширкті жою керек. Қабірлердің үстіне соғылған кесенелер де осындай. Кесенелердің бәрі пұтханаға айналды. Жер бетінде олардың ешқайсысын қалдырмау керек. Олардың көбі Лат пен Узза пұттары сияқты. Мұсылмандардың көбісі мүшрик болды. Үмбетімнен отыз дәжжал шығады деген хадис баршаға әйгілі. Сәйид Мұхаммед Сыддық бин Хасан хан «Китаб-ул-изаға»-сында осы дәжжалдардың бірі ғұлам Ахмед Қадияни екенін жазуда. Бұл үнді кәпір әуелі Мәһди екенін айтты. Кейін христиан мемлекетінің көмегімен пайғамбар екенін жариялады. Абдуллаһ ибн Зубәйрдің халифалығы заманында шыққан Мұхтар Сақафи да осы дәжжалдардың бірі еді. Әһли бәйтті жақсы көргенін, хазреті Хусейнді өлтіргендерден кек алатынын айтты. Көп мұсылман өлтірді. Кейін пайғамбар екенін, оған Жәбрейіл келгенін айтты» дейді. Кітаптың авторы мұсылмандардың басына адасушы, дінсіз үкіметтердің және дін адамдарының келетінін хабар беруде. Ислам ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) осы адасқан дін адамдарының мұсылмандарды тура жолдан шығарғанын айтуда. Мазһабсыздар Ислам мемлекеттерінде тыңшыларды өз тарапына өткізіп, сол сатылған мазһабсыз агенттері арқылы мұсылмандарды алдап жатыр. Бұзылған кітаптар бастырып, Әһли сүннетті құлатуға, Әһли сүннеттің үлкен ғалымдарына, әулиелеріне (рахимә-һумуллаһу та'ала) дақ түсіруге тырысуда. Имам Раббани (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз) екі жүз елу бесінші хатында былай дейді: «Хазреті Мәһди (рахимә-һуллаһу та'ала) Ислам дінін жаяды. Расулуллаһтың сүннеттерін қайта шығарады. Бидғат істеуге және бидғаттарды мұсылмандық ретінде таратуға үйреніп қалған Мәдинадағы дін адамы Мәһдидің сөздеріне таңқалып, бұл адам біздің дінімізді жоймақшы дейді. Хазреті Мәһди осы дін адамын өлтіруді бұйырады.» Бұл хабардан мазһабсыздардың Мәдинада пайда болатыны және ұзақ уақыт қалатыны, хазреті Мәһди тарапынан толықтай жойылатыны аңғарылуда. [Сыддық Хасан хан уаһһаби 1307 [м.1891] жылы Үндістанда өлді.] Кітаптың авторы бұл жерде де кәпірлер, мүшриктер және мұнафиқтар туралы айтылған аяти карималар мен хадис шәрифтерді жазуда. Әһли сүннет ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та'ала) соларға жасаған түсіндірмелерін ұзақ көрсетіп, дұрыс жолды ұстанушы болып көрінуде. Кейін Әһли сүннет болған таза мұсылмандарға тиісуде. Кесенелерге пұтхана, әулиелерге пұт деп айта алу үшін аяти карималар мен хадис шәрифтерге қате мағына беруден қысылмайды. Тәуилді аяти карималар мен хадис шәрифтерге қате мағына берген адам тәуилін білсе, «Бидғатшы», яғни адасушы болады. Ал тәуилге қажеттілік болмаған айқын насстарға қате мағына беріп, Ислам дініне тиіскен, мұсылмандарға мүшрик деген адам кәпір болады. Насстарды қате тәуил еткен кісі кәпір болмағанымен, мұсылмандар арасында алауыздық тудыруда. Сонда өзі ғана мұсылман екен, ал ғасырлар бойы келіп кеткен миллиондаған мұсылмандар мүшрик екен. Қазір жер бетіндегі мұсылмандардың көбі өлілерге табынып жатыр екен. Хадис шәрифте айтылған сауатсыз, адасқан имамдардың кімдер екендігі анық. Олар мың жылдан бері келген мүминдердің дұрыс жолдарынан айрылып адасқандар. Мұсылмандарды дұрыс жолдан адастырған залым мемлекет адамдарының да кімдер екенін әр мүмин білуде. Олар мұсылман және «тәухидшілер» атағымен мұсылмандарға зұлымдық еткен, Әһли сүннетті, тура жолдағы мүминдерді өлтірген уаһһабилер. Уаһһаби автор Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден қате мағыналар шығарып, Әһли сүннет кітаптарына сай келмейтін фәтуалар беруде. Мұсылмандарды мүшрик деп атауда. Ешбір Ислам ғалымы (рахимә-һумуллаһу та'ала) «Тілегі бар адам қабіріме келсін, қалағанын істеймін» демеген. Мұны кітаптың авторы өз ойынан шығаруда, мұсылмандарға жала жабуда. Ислам ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) «Аллаһқа тым жақындадым» демеген. Аллаһу та'аланың оларға нәсіп еткен кереметтерін басқалардың тіпті естуін де қаламаған. Ең үлкен керемет Ислам дінінің үкімдеріне, яғни әмірлері мен тыйымдарына бағыну, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жолында болу екенін айтқан. Абдулқадир Гейлани (рахимә-һуллаһу та'ала) шәкіртімен шөлде кетіп бара жатқанында қараңғы түсті. Найзағай жарқырап, аспан күркіреп, бұлттардың арасынан бір дауыс шығып, «Құлым Абдулқадир! Сені жақсы көремін. Бүгіннен кейін ғибадат ету міндетін мойныңнан алдым, сені кешірдім!» деген үндеу келді. Сонда әулие (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз) дереу «Кәззәбтә йа Кәззәб!» деді. «Өтірік айттың! Ей өтірікші шайтан! Мені алдай алмайсың. Аллаһтың сүйіктісі болған Мұхаммед алейһиссаламның мойнынан ғибадат міндеті алып тасталмады. Тіпті өлім ауруында да ол біреуге сүйеніп жамағатқа келді. Ешбір құлынан ғибадат ету міндеті кешірілмейді!» деді. Кітаптың авторы осындай мүбәрәк әулиелерге (рахимә-һумуллаһу та'ала) жала жабуға ұялмайды. Кесенедегі әулиелерге тәуәссул етуді ширк дейді. Алайда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Жұмыстарыңда қиналған кездеріңде қабірдегілерден көмек сұраңдар!» деді. Мұсылмандардың, әулиелердің қабірлерін зиярат етуі, олардан көмек күтуі осы хадис шәрифке сай амал еткендіктен туындауда. Ислам ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) осы хадис шәрифті ұстанып, әулиелердің (рахимә-һумуллаһу та'ала) қабірлерін зиярат еткен, фәйз алғандарын мәлімдеген. Имам Раббани (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз) екі жүз тоқсан бірінші хатында айтқан: «Дели қаласында айт күні ұстазым Мұхаммед Бақи Биллаһтың қабірін зиярат етуге барған едім. Мүбәрәк қабіріне тәуәжжуһ еткен кезімде ол руханиятымен маған ілтипат етті. Қожа Убайдуллаһ Ахрардан (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз) өзіне келген фәйздерді маған берді. Осы байланысқа қауышқанда тәухид марифеттерінің ақиқаты пайда болды.» Жоғарыдағы хадис шәриф көптеген кітаптарда жазылған. Мұсылмандар арасында кеңінен тараған. Осман Империясының шайх-ул-исламдарының тоғызыншысы, үлкен ғалым, мүфти-ус-сақалайн, яғни адамдар мен жындарға фәтуалар берген Ахмед Шәмсәддин ибн Камалдың (рахимә-һуллаһу та'ала) «Қырық хадис» кітабының түрік тіліндегі аудармасы хижреттің 1316 жылы Стамбұлда басылған. Осы кітабында былай жазған: «Изә тахаййартум фил-умур, фәстәину мин әһлил қубур!» Яғни жұмыстарыңда қиналған кездеріңде қабірдегілерден жәрдем сұраңдар! Адамның рухы денесіне ғашық. Өліп, рух денеден айрылғанда бұл ғашықтығы өшпейді. Рухтың денеге деген байланысы мен жақындығы өлгеннен кейін жоқ болып кетпейді. Өлінің сүйектерін сындыруға және қабірдің үстін басуға хадис шәрифпен осы себептен тыйым салынған. Бір адам бір әулиенің (рахимә-һуллаһу та'ала) қабірін зиярат еткенде екеуінің рухтары кездеседі. Көп пайда көреді. Қабір зияратына осы пайдаға қол жеткізу үшін рұқсат берілген. Бұдан басқа жасырын пайдалары да жоқ емес. [Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу та'ала) «Рәддул мухтар» кітабының кіріспесінде жазғанындай, Имам Мұхаммед Шафии Имам Ағзам Әбу Ханифаның қабры алдында өте әдепті болып, құрметін сақтайтын еді. «Әбу Ханифамен берекеттенемін. Қабіріне барамын. Қиын сұрақ туындап, жауабын табуда қиналған кезімде қабірінің қасында екі рәкат намаз оқып, Аллаһу та'алаға дұға етемін. Жауабы бірден ойыма келеді» деген.] Қабірдегінің рухы мен зиярат етушінің рухы айна сияқты. Сәулелері бір-біріне шағылысады. Зиярат етуші қабірге қарап, Аллаһу та'аланың тағдырына разы болып, рухы мұны сезгенде, білімі мен ахлақы фәйз алады. Бұл фәйз қабірдегінің рухына беріледі. Мәйіттің рухына Аллаһу та'аладан келген білім мен фәйздер зиярат етушінің рухына шағылысады. Шафии ғалымдарынан Алауддин Әли бин Исмаил Қонеуи (рахимә-һуллаһу та'ала) «Әл алам фи-Хаят-ил әнбия алейһимуссалату уәссәләм» кітабында жазғанындай, пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) және барлық мұсылмандардың рухтары қабірлеріне және еске алынған жерге келеді. Әр бір рухтың өз қабірімен байланысы бар. Осы себептен қабірді зиярат ету мүстаһаб. Оларға берілген сәлемді олар естиді және жауап қайтарады. Хафыз, яғни хадис ғалымы Абдулхақ Әшбили (рахимә-һуллаһу та'ала) «Ақибәт» кітабында жазғанындай, хадис шәрифте: «Кімде-кім таныс бір мүмин бауырының қабіріне барып, оған сәлем берсе, мәйіт оны танып, сәлеміне жауап қайтарады» делінген. Фахреддин Ғазанфер Тәбризи айтқан: «Бір мәселені көп ойланып, еш түсінбеген едім. Ұстаз Тажәддин Тәбризидің (рахимә-һуллаһу та'ала) қабірінің қасында отырып ойландым. Мәселені түсіндім.» Кейбір ғалымдар «Жұмыстарыңда қиналған кездеріңде қабірдегілерден көмек сұраңдар» хадис шәрифіндегі «Қабірдегілерді» «Өлмей тұрып өліңдер!» деген бұйрық бойынша тасаууф жолында дәрежесі көтерілген әулиелер деді. Ахмед ибн Камалдың жазбасы тәмәм болды. [Ибн Абидин 1252 [м.1836] жылы Шамда, Абдулхақ Әшбили Малики 582 [м.1187] жылы қайтыс болған.] [Ахмед ибн Камал 940 [м.1534] жылы Стамбұлда қайтыс болды.] Бұл хадис шәрифтің түсіндірмесі «Әл-Бәсаир ли-мүнкир-ит-тәуәссул-и би-әлһлил мәқабир» кітабында жазулы. Бұл кітап араб тілінде жазылып, Стамбұлда 1395 [м.1975] жылы офсеттік басылыммен жарыққа шыққан. «Мұнафиқтар хақты айтып мұсылмандарды алдайды!» хадис шәрифі де осы уаһһаби кітабының авторына ұқсаған дүмшелер жайлы айтылған. Ол кітабына аяти карималар мен хадис шәрифтерді және Әһли сүннет ғалымдарының хақ сөздерін толтырып, араларына адасқан сенімдерін араластырған. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қабірдегілерден көмек сұраңдар деген. Ол болса осылай істегендерге мүшрик деп, бұл хадис шәрифке тыйым салуда. Расулуллаһтың бұйрығына ширк деуде. [Әли Қонеуи 729 [м.1328] жылы қайтыс болды.] |