19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Дұға етуге қалау туындағанда

Дұға етуге қалау туындағанда

Сұрақ: Кейде ішімнен дұға етуге деген қалау туындайды. Сондай жағдай орын алған сайын дұға етуімнің зияны жоқ па?

Жауап: Дұға етудің зияны болмайды. Имам Раббани хазреттері айтқан:

«Қалау – қолжеткізудің сүйіншісі. Күйіну де қауышудың бастамасы деген сөз. Ғұламалар «Беруді қаламаса, қалауды бермес еді» деген.» (61 хат)

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Дұға етуге деген қалау туындағанда дұға етіңдер. Өйткені бұл – дұғаның қабыл болуының белгісі.» (Тирмизи)

«Аллаһу та'ала біреуге дұға етуін тағдырға жазған болса, қабыл етуді де тағдырға жазған.» (Әбу Нуайм)