Сәйид Абдуллаһ ШәмдиниСәйид Абдуллаһ Шәмдини хазреттері Анадолыда жетіліп шыққан үлкен әулиелерден. Силсилә-и алийаның отызыншысы. Сәйид Абдулқадир Гейлани хазреттерінің оныншы немересі және Сәйид Таха Хаққаридің көкесі. Шәмдинлиде дүниеге келген, асыл, таза және құрметті отбасыдан шыққан Сәйид Абдуллаһ Шәмдини кіші жасынан білім алуға кірісті. Заманының тәсілі бойынша бастауыш білімін алғаннан кейін Ирактың Сүлеймания аймағына барып, сол жақтағы медреседе білім алуын жалғастырды. Ақли және Нақли білімдерін үйреніп, үлкен ғалым болды. Осы медреседе білім алып жүргенде досы Мәулана Халид Бағдадимен туған бауырдай бірге тұрды. Жаратылыстары үстем болған осы екі жан дос захири білімдерді үйренгеннен кейін көңіл ілімі болған тасаууфқа деген қызығушылық сезіне бастады. Бұл қызығушылық махаббат және сүйіспешілік дәрежесіне жетіп, өздерін рухани тұрғыда тәрбиелеп, батыни ілімдерді үйретіп жетілдіретін жол сілтеуші, ұстаз іздеді. Соңында іздеп жүрген ұстазды қайсысы ертерек тапса, сол үлкен әулиеден алатын рухани фәйз бен берекеттің араларында ортақ болуына шешім қабылдады. Осы мәселеде бір-біріне сөз берді. Яғни достары сондай үлкен әулиені қайсысы ертерек тапса және таныса, дереу екіншісінің де сол әулиені тануына, оған байланып, фәйз алуына себеп болатын еді. Өздеріне жол көрсететін рухани ұстазды іздеп жүргенде Мәулана Халид Бағдади алған рухани аяндарға орай Үндістанға баруға шешім қабылдады. Захири білімдерде ғалым болған Абдуллаһ Шәмдини де онымен бірге барғысы келді. Бірақ Мәулана Халид Бағдади оған «Мен өзім барып келейін, ол жақтан алып келгендеріме ортақпыз» деді. Сөйтіп Үндістанға баруға Сүлейманиядан жолға шықты. Ұзақ және қиын сапардан кейін Үндістанға жетті. Соңында Нақшибандия рухани жолының мүршиди кәмілі Шах Ғұлам Әли Абдуллаһ Деһлеуи хазреттерінің сұхбатына қатысып абыройланды. Қысқа уақытта өзі лайық болған құндылықтар мен жетіктікке қолжеткізді. Тасаууф жолында өсіп, әулиелік дәрежесіне көтерілді. Ұстазы оған Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарын үйрету жолымен адамдардың дүние мен ахирет бақытына қауышуына себеп бола алуы және шәкірт жетілдіре алуы тұрғысында толық ижазат (диплом) және халифалық (орынбасарлық) берді. Ұстазының толық өкілі болып, алған жоғары фәйз бен кәмілдікті білім мен әдеп ғашықтарына ұсыну және оларды жетілдірумен міндеттеліп, Бағдатқа жіберілді. Бұдан кейін бүкіл әлем себеппен және себепсіз фәйз қайнары болған Мәулана Халид Бағдади хазреттерінің рухани нұрымен нұрлана бастады. Осылайша Бағдатта фәйз бен нұр шашқан мейірім күні туды. Сәйид Абдуллаһ Шәмдини әуелгі келісімдері бойынша белгілі бір уақыт Бағдатта қалғаннан кейін Сүлейманияға қайтқан Мәулана Халид Бағдади хазреттерін зиярат етіп барды. Мәулананың Үндістанда қолжеткізген марифет пен кәмілдікті көргенде оған деген сүйіспеншілігі арта түсті. Медреседен бері досы екенін ойламастан сол әулиелік күнінің сұхбатына үзбей қатыса бастады. Оның алдыңғы қатарлы шәкіртінің бірі болды. Кейбір көре алмайтын, қарсы болған адамдардың Мәулана Халид Бағдади хазреттеріне қарсы шығып, сөзбен және жазумен оны жамандауға, әртүрлі жалалармен және өтіріктермен оның сүйгендерінің жолын кесуге тырысқан кездерінде ол әрдайым оның қасында болды. Бойындағы тектілік және жоғары қабілетімен Мәулана Халид Бағдади хазреттерінің шәкірт жетілдіру тұрғысындағы ұсталығының бірігуімен қысқа уақытта бүкіл білімдерде және тасаууф халдерінде жетілді. Мәулана хазреттерінің мыңдаған шәкірті арасында ең жоғары дәрежелісі болды. Мәулана Халид Бағдади хазреттері оған шәкірт жетілдіруге ижазат, диплом берді. Мәулана хазреттерінен ижазат пен халифалық алғандардың басынан үшіншісі болған Сәйид Абдуллаһ Шәмдини бауыры Сәйид Ахмед Гейлани хазреттерінің баласы Сәйид Таха Хаққариді де Мәулана Халид Бағдадидің сұхбаттарына алып барып, оның да осы жолда жетілуіне себепші болды. Мәулана Халид Бағдади хазреттері бір кездері Бағдатқа барды. Сол кезде Абдуллаһ Шәмдини шәкірттерінің басына өтіп, оларды жетілдірумен айналысты. Кейіннен қайтадан Сүлейманияға қайтқан Мәулана хазреттері адамдарға Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарын үйрету үшін түрлі аймақтарға жетілдіріп жіберген шәкірттерімен бірге Сәйид Абдуллаһ Шәмдиниді де Шәмдинлиге жіберді. Сәйид Абдуллаһ Шәмдини Шәмдинли маңындағы Нехри ауылына орналасты. Нехриде медресе, мешіт соққызып, сонда шәкірт жетілдіре бастады. Түркия, Иран және Ирактың әртүрлі жерлерінен білім мәжілісіне және сұхбаттарына келген көптеген адамдарды захири және батыни білімдерде жетілдірді. Пайғамбарымыздан осы күнге дейін әулиелер мен Ислам ғалымдары үйреткен және ұстанған Ислам дінін, көркем мінезді адамдарға үйретті. Әсіресе әдеп пен ахлақтан мақрұм қалған әулеттерді қатты әсерлендіріп, олардың түзелуіне себепші болды. Әулеттерге олар түсінетін түрде көркем насихаттар беру жолымен олардың дұрыс жолға түсуіне себепші болды. Мәулана Халид Бағдади хазреттері ол туралы Сәйид Таха Хаққариге: «Сәйид Абдуллаһ қандай жақсы шайх. Онда ешқандай кемшілік жоқ. Жалғыз кемшілігі – оның алдына шығып, оның ұлылығын жоққа шығаратын адамдардың жоқ болуы» деді. Тағы бір күні: «Мені Сәйид Абдуллаһ пен Сәйид Тахадан үстем санамаңдар» деді. Шәкірттері «Олар сіздің шәкірттеріңіз ғой, неге олай айттыңыз?» деп сұрады. Сонда: «Олар шахзадалар, патша болады. Ал біз белгілі бір уақыт оларды тәрбиелеумен айналысқан және осындай үлкен міндет берілген тәрбиешіміз. Тәрбиеші патша болатын шахзададан үстем бола алады ма?» деп жауаптады. Өмірін білім алуға, Ислам дінін үйренуге және үйретуге атаған және өте көп кереметтері байқалған Сәйид Абдуллаһ Шәмдини хазреттері 1813 жылы Шәмдинлидің Нехри ауылында қайтыс болды. Нехри мазарының кіреберісіне жерленді. Қабірінің үстінде қарапайым кесене бар. Мүбәрәк қабірі сүйгендері тарапынан зиярат етілуде, ғашық болғандары дұға етіп, мүбәрәк рухынан фәйз алуда. Оны арашы қылып дұға етушілердің заттық және рухани дерттеріне дауа тапқандары ауыздан ауызға айтылып келеді. Шәмдинлидің Нехри ауылында алғаш рет білім мен фәйз қайнары болған Сәйид Абдуллаһ Шәмдини Шафии мазһабының фиқһында және басқа білімдерде үлкен ғалым болып, білімімен амал ететін, үлкен әулие, пайғамбарлық сипаттарға ие және хазреті Османның көркем мінезін еске түсіретін көркем мінез иесі болып, ұяттылық пен әдептіліктің қайнары еді. Барлық жағдайы дұрыс жолда еді. Сұхбаттары науқас рухтарға азық, назары қарайған жүректерге шипа еді. Адамдардың дүние мен ахиретте құтылуының, бақыт есігінің кілті еді. |