19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Өлімді көп ойлаған адам аз сөйлейді

Өлімді көп ойлаған адам аз сөйлейді

Ахмед Қадир-биллаһ хазреттері жиырма бірінші Аббаси халифасы болып, кәлам, хадис және Шафии мазһабының фиқһ ғалымы еді. 336 (м.947) жылы туылды, 381 (м.991) жылы халифалыққа өтті. Қырық бір жыл, үш ай халифа болып, 422 (м.1031) жылы қайтыс болды. Көптеген шәкірттер жетілдіріп, құнды кітаптар жазды. Осы еңбектерінің бірі «Әл-Усул» кітабын әр жұма сайын «Мәһди» мешітінде жиналған хадис ғұламаларына оқытатын еді. Бұл кітабында Әмәуи халифасы және «Екінші Омар» атағымен аты шыққан Омар бин Абдулазиздің қасиеттері және Мутазила сектасының адасушылықтары туралы жазған еді. Осы кітаптан кейбір бөлімдер:

Омар бин Абдулазиз хазреттері Әузаиге жазған хатында: «Біліп алыңдар, өлімді көп еске алған адам аздаған дүниелікпен қанағат етеді, сөйлеген сөздерінің есебін беретінін ойлаған адам өте аз сөйлейді, тек қажет кезде ғана сөйлейді» деді. Тағы бір күні: «Өзімді мақтап қоямын деген қорқынышпен көптеген сөздерді айтудан сақтанамын» деген.

Омар бин Абдулазиз хазреттерінің қасына біреу келіп, «Пәленше кісі сіз туралы былай деп жатыр» деді. Омар бин Абдулазиз «Қаласаң, біз бұл істі зерттестіріп көрейік. Егер өтірікші болсаң, «Хужурат» сүресінің алтыншы аятының үкімі бойынша, айтқаның қате болса, «Қалам» сүресінің он бірінші аятының үкімі бойынша жауапкер боласың. Екі жағдайда да сен жауаптысың. Қаласаң, үшінші жағдайды таңдап, сені кешірейік және бұл мәселені жабайық» деді. Осыған орай әлгі кісі тәубе етіп, «Өкіндім, ендігәрі ондай нәрсе істемеймін» деді.

Омар бин Абдулазиз хазреттері бір түні намаз оқыды. Намазда «Мойындарында темірден жасалған алқалар мен шыншырлар тұрған кезде, сол күйде ыстық судың ішінде сүйреледі, кейін отта жағылады» деген (Мүмин сүресі, 71-72) аяти карималарды оқыды. Намаздан кейін осы аяттарды қайта-қайта оқыды да, көп жылады.

Омар бин Абдулазиз Шамда минберге шығып хұтба оқыды. Аллаһу та'алаға шүкір мен мақтау айтқаннан кейін үш нәрсе айтты. «Ей, адамдар! Ішкі дүниелеріңді, жүректеріңді түзетсеңдер, сыртқы дүниелерің, денелерің де жақсы болады. Дене мүшелерің, көздерің, құлақтарың, аяқ-қолдарың жақсы амалдармен, Аллаһу та'аланың ұнатқан істерімен айналысады. Ахиреттерің үшін салих амал істеңдер. Осылайша дүниелеріңді де қорғаған боласыңдар. Хазреті Адамнан бастап өзіне дейінгі барлық ата-бабалары өліп кеткен адам өзі де бір күні өледі.»