19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:

1.       Мұсылман болу тиіс.

2.       Ақылды болу тиіс.

3.       Балиғат жасына толу тиіс.

Дiнiмізде ақыл-есi толмаған, балиғат жасына жетпеген балалар намаз оқуы мiндеттi емес. Алайда, ата-аналар балаларына дiни тыйымдар мен ғибадаттарды әдеттендіруі тиiс. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда былай деген: «Әрбіріңіз бiр отардың шопаны сияқтысыз. Шопан отарын қорғағаны сияқты, сіздер де жанұяңыздағы және қол астыңыздағы жандарды тозақтан сақтауға тиiссiздер. Оларға мұсылмандықтың шарттарын үйретулерiңіз керек. Үйретпесеңіз жауапқа тартыласыздар.» Тағы бiр хадисте: «Дүниеге келген әрбiр сәби мұсылмандыққа икемді болып туылады. Оны кейiннен ата-аналары христиан, яһуди немесе дiнсiз қылады.»- деген. 

Олай болса, әрбiр мұсылманның ең басты мiндетi балаларына Құран Кәрiм мен исламның шарттарын үйрету. Баласының мұсылман болуын, бұл дүние мен ахыретте бақытқа кенелуiн қалаған ата-ана алдымен осы мiндетiн орындауы керек. Өйткенi, ағаш жас кезiнде егіледі.

Ислами iлiм мен әдептен бейхабар өскен бала жаман жолдағы адамдарға тез алданады. Осылайша ата-анасына, еліне, халқына және ұлтына лағынет келтіретін бұзақы адам болып шыға келедi..