19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Білімді жасыру

Білімді жасыру

Сұрақ: Діни сұрақ сұраған адамға жауап бермеудің жауапкершілігі бар ма?

Жауап: Иә, жауап бермеудің жауапкершілігі үлкен. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Білетін болса да, жауап бермеген ғалымның қияметте аузы отпен жүгенделеді.» (Тирмизи)

«Білімін жасырған адамды теңіздегі балықтан аспандағы құсқа дейін барлық нәрсе лағнет етеді.» (Дарими)

Білімнің қадірін білмейтін адамға білім үйретілмейді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Білімді лайықты болмаған адамға үйрету – білімді жоғалту деген сөз.» (Ибн Әби Шәйба)

«Білімді лайықты болмаған адамға үйреткен кісі шошқаның мойнына гауһартастан алқа таққанға ұқсайды.» (И.Мажа)

«Ақыл жетпейтін нәрсені айтпа – фитна болады.» (Ибн Асакир)

Хазреті Әли кеудесін көрсетіп «Мына жерде жеткілікті шамада білім бар. Оны көтере алатын біреу болса ғана, бәрін соған үйретемін» деді. Сонда біреу сұрағына жауап бермеген ғалымға қарап:

- Сіз «Білімін жасырған адамға оттан жүген тағылады» деген хадис шәрифті білмейсіз бе? – деп сұрады. Сонда ол:

- Егер сөзімді түсіне алатын біреуге айтпасам, сол кезде маған жүген тағылады, – деп жауаптады.

Құран кәрімде: «Ақылсыздарға, ақымақтарға мал-мүліктеріңді бермеңдер» делінген. Егер мал-мүліктің өзі берілмесе, демек білім мүлдем берілмейді. Оған білім беру фитнаға себеп болады. (Ихия)

Қажетсіз сұрақ сұрайтындарға да жауап берілмейді.