19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Жамағатпен намаз оқудың құндылығы

Жамағатпен намаз оқудың құндылығы

Сұрақ: Жамағатпен намаз оқудың құндылығы қандай?

Жауап: Кімде-кім жамағатпен екі рәкат намаз оқыса, жалғыз өзі жиырма жеті рәкат намаз оқыса, сонда да жамағатпен оқыған екі рәкатының сауабы одан көбірек болады.

Бір риуаят бойынша, жалғыз өзі мың рәкат намаз оқыса да, жамағатпен оқылған екі рәкаттың сауабы көбірек болады. Жамағатпен намаз оқудың сауабы көп. Олардың бірнешеуі мынадай:

1) Мүминдер бірге жиналып, бір-біріне деген сүйіспеншілік пайда болады.

2) Сауатсыздар ғалымдардан намаздың мәселелерін сұрап үйренеді.

3) Кейбірлерінің намазы қабыл болып, ал кейбірлерініңкі қабыл болмаса, қабыл болғандарының құрметіне олардың да намазы қабыл болады.

Хадис шәрифте: «Ей, үмбетім және сахабаларым! Сендерге екі жол қойдым: біріншісі Құран кәрім, екіншісі сүннетім. Бұлардан басқа жол ұстанған адам үмбетім емес!» делінген.

[Абдулғани Наблуси (рахимә-һуллаһу та'ала) «Хадиқа» кітабының тоқсан тоғызыншы бетінде айтады: «Аллаһу та'ала Ислам дінінің бір бөлігін Құран кәріммен үйреткеніндей, бір бөлігін пайғамбарының (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сүннетімен үйреткен. Расулуллаһтың сүннеті – Оның сенгендері, айтқандары, істегендері, мінезі және біреудің сөзі немесе әрекетіне үндемеуі (осылайша қабыл еткенінің аңғарылуы).» Бұл хадис шәриф «Әдиллә-и шәрия»-дан екіншісін көрсетіп тұр.] (Ислам Ахлақы, 258-бет)