19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (21)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (21)

21) «Фәтх-ул-мәжид» кітабының үш жүз сексен бесінші бетінде: «Дін имамдарының ижтиһад етуіне болады. Шығарған үкімдерін олар дәлелдерімен жазады. Кімде-кім алдынан шыққан дәлелді, яғни аят пен хадисті ұстанбай, имамының үкімін ұстанса, ол адам адасушы болады. Имам Малик, Ахмед және Шафии де осылай айтты» делінген.

Әһли сүннеттің осы үш үлкен имамы және тіпті Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахметуллаһи алейһим) мұны мүжтәһид болған үлкен ғалымдарға айтты. Мүжтәһид бір аяти карима және хадис шәриф көргенде, осы дәлелді ұстанады. Ешқандай мүжтәһидтің және өзінің ижтиһадтарын ұстана алмайды. Өйткені, аят немесе хадис айқын көрсеткен бір іске ижтиһад жасау жаиз (рұқсат) емес.

«Бәриқа» кітабының үш жүз жетпіс алтыншы бетінде жазылған: «Біз мүжтәһид емеспіз. Бізге «Муқаллид» делінеді. Біз сияқты муқаллидтерге дәлел, құжат – фиқһ ғалымдарының, яғни мүжтәһидтердің сөздері. Біз білетін аяти карималар және хадис шәрифтер олардың сөздеріне сәйкес келмейтіндей болып көрінсе, оларға емес, ғалымдардың сөзін ұстануымыз керек. Ғалымдар оларды көрмеген немесе көрсе де түсіне алмаған деп айтуға болмайды.» Автор Ахмед ибн Тәймияны және шәкірті Ибн Қайим Жәузияні мүжтәһид деп біледі. Аяти карималардан және хадис шәрифтерден олардың түсінгенін ұстанып, дін имамдарымыздың ижтиһадтарын ұнатпайды.

Алайда, жоғарыда өзі де айтқанындай, дін имамдарымыз ижтиһад еткен үкімдерді шығарған кезде сүйенген аяти карималары мен хадис шәрифтерімен бірге жазған. Кітаптың авторы дін имамдарына жүгінген Әһли сүннетті Аллаһу та'аланың кітабын тастап, поптарға, монахтарға ерген христиандарға және яһудилерге ұқсатуда. Мұсылмандарды мүшрик деуге дейін барған. Ал өзі мүжтәһид болмаған надандарға, Әһли сүннет ғалымдарының ұлылығын түсіне алмағандарға ергендіктен, өзінің адасып жүргенін түсіне алмауда. Егер түсіне алғанда, қандай жақсы болар еді. Ибн Абидин тазалануды түсіндіре бастағанда былай деген: «Мүжтәһидтердің дәлелдерін, құжаттарын муқаллидтердің зерттеуі, түсінуі қажет емес.» Уаһһаби автор бұған да сенбейді. Муаз хадисін жазуда. Алайда, бұл хадис шәриф оның қате сенімдерін жоққа шығаруда. Ана тілі болғаны үшін араб тілін жақсы білгендіктен, әр сөзін дәлелдеу үшін көптеген аяти карима мен хадис шәриф жазуда. Ақылы жетпегендіктен, қисыны мен пайымдамасы болмағандықтан, дәлел ретінде жазған аяти карималары мен хадис шәрифтерінің өз ұстанымдарын қате, теріс екенін айқындап жатқанын түсіне алмауда. Имам Ағзам Әбу Ханифаның (рахимә-һуллаһу та'ала) шәкіртіне «Аятты, хадисті алыңдар! Менің сөзімді тастаңдар» дегенін жазуда.

Мүжтәһидтерге қарата айтылған осы сөздердің біз сияқты және Ибн Тәймия, Ибн Қайим, Мухаммед Абдух, Сәйид Құтб және Мәудуди сияқты муқаллидтерге де қатысты екенін ойлауда. Олардың бір мазһаб имамының кітаптарын оқып үйренуі және мазһаб имамын ұстанып, бақытқа қауышуға тырысуы қажет.

[Ибн Тәймия 728 [м.1328] жылы Шамда өлді.]

[Абдух 1323 [м.1905] жылы Мысырда өлді.]

[Сәйид Құтб 1386 [м.1966] жылы Мысырда өлтірілді.]

Үш жүз тоқсан үшінші бетінде: «Мұнафиқтарды Аллаһу та'алаға және Расулына шақырсаңдар, олар теріс бұрылып, келмейді» деген аяти кариманы жазып, Әһли сүннетті осы мұнафиқтарға ұқсатуда. «Әһли сүннетке аят, хадис көрсетілгенде, бұлардан теріс бұрылып, мазһаб имамдарына жүгінуде табан тірейді, сөйтіп мүшрик болады» дейді.

Бұл жерде де Әһли сүннет болған мұсылмандарға жала жабылуда. Аяти карималардан және хадис шәрифтерден шығарған қате, бұзылған мағыналарға сенбегеніміз үшін бізге дұрыс жолдан адасты дейді. Біз оларға жауап ретінде айтамыз, біз бұл аяти карималардан теріс бұрылып жатқан жоқпыз. Бұл аяти карималарға емес, сендердің оларға берген қате мағыналарыңа жүгінбейміз. Бұл аяти карималар мен хадис шәрифтердің мағыналары сендердің түсінгендеріңдей емес. Олардың дұрыс мағыналарын пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабаларына (радиаллаһу та'ала анһум) түсіндірді. Ал «Әһли сүннет» ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) сахабалардан сұрап үйренді. Түсінгендерін кітаптарына жазды. Ашық түрде көрсетілгендерін ашық түрде жазды. Жабық түрде көрсетілгендерін ижтиһад етіп, өздері түсінгеніндей айқындады. Біз осы үлкен ғалымдардың түсініп жазғандарына жүгінеміз. Мазһабсыздардың қате түсінгендеріне сеніп, алдануды қаламаймыз. Кітап пен сүннеттен айрылған біздер емес, сенсің дейміз.

«Усул-ул-әрбәа фи-тәрдид-ил-уаһһабия» кітабының төртінші бөлімінде парсы тілінде жазылғанындай, Ислам дінінің үкімдерін біз сауатсыздарға үлкен ғалымдар және жетілген салихтар үйретті. Олар «Мухаддистер» және «Мүжтәһидтер» (рахимә-һумуллаһу та'ала). Хадис ғалымдары хадис шәрифтерді зерттеген. Дұрыс болғандарын ажыратқан. Ал мүжтәһидтер аяти карималардан және хадис шәрифтерден үкімдер шығарған. Біз ғибадаттарымызды және бүкіл амалдарымызды осы үкімдерді ұстанып орындаймыз. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) заманынан өте алыс болғанымыз үшін, әрі насстардың насиһ және мәнсуһ болғандарын, мухкәм (мағынасы ашық) және муәууәл (мағынасы ашық аңғарылмайтын) болғандарын, бір-біріне сәйкес келмейтіндей болып көрінгендерінің негізінде сәйкес екенін түсіне алмағанымыз үшін бір мүжтәһидке еруіміз керек. Өйткені мүжтәһид Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) заманына жақын болғандықтан және үлкен ғалым, тақуа және үкім шығаруда ұста болғандықтан, әрі хадис шәрифтердің мағыналарын жақсы түсінгендіктен, оның түсінгеніне бағынудан басқа шарамыз жоқ.

Осындай болмаған адамның насстардан, яғни Кітаптан және сүннеттен үкім шығаруының рұқсат еместігін мазһабсыздар үлкен ғалым деп санайтын Ибн Қайим Жәузия «И’лам-ул-мүлки’ин» кітабында жазған. «Кифая» кітабында жазылған: «Мүжтәһид болмаған адам бір хадис шәриф естігенде одан өз түсінгеніне қарап амал етуіне болмайды. Бәлкім, оның түсінгенінен басқаша мағына берілуі керек болады. Немесе мәнсуһ болуы мүмкін. Ал мүжтәһидтің фәтуасы ондай күмәнді емес.» «Тахрир» шәрһі болған «Тақрир» кітабында да осылай жазылған. Мұнда «Мәнсуһ болуы мүмкін» дегеннен кейін «Фиқһ ғалымдарының көрсеткенін ұстануы керек» деп жазылған. Сәйид Сәмһуди (рахимәһуллаһ) «Иқд-и фәрид» кітабында жазғанындай, Ханафи ғалымдарының үлкендерінен Ибнул Хумам Имам Әбу Бәкір Разидің «Ауамның (қарапайым халықтың) Асхаби кирамды тікелей тақлид етуіне жол бермей, олардан кейін келген ғалымдардың оңай түсінілетін, тарауларға бөлінген және түсіндірмесі жасалған сөздерін ұстану керектігін үлкен ғалымдар бір ауыздан айтқан» дегенін хабар берген. 1119 [м.1707] жылы қайтыс болған Мухибуллаһ Бихари Хиндидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мусәлләм-ус-субут» кітабында және мұның «Фәуатиһ-ур-рахәмут» шәрһінде «Ауамның сахабаларды тікелей тақлид етуіне жол бермей, олардың Ислам дінін түсіндірген, сөздері оңай түсінілетін, тарауларға бөлген ғалымдарға еруі керектігін үлкен ғалымдар бір ауыздан айтқан. Тақиуддин Осман ибнус-Салах Шәһри зури (рахимә-һуллаһу та'ала) 577 [м.1181] – 643 [м.1243] төрт имамнан басқасын ұстанудың жаиз еместігін осыдан шығарған» деген. «Шәрһи минхаж-ул-усул» кітабында жазылған: «Имам-ул-Харамәйн «Бурхан» кітабында ауам сахабалардың мазһабтарын ұстанбай, дін имамдарының, яғни төрт мазһаб имамының мазһабтарын ұстануы керек деген.» [Имам-ул-Харамәйн Абдулмәлик Нишапури Шафии 478 [м.1085] жылы қайтыс болды.]

Ислам ғалымдарының жоғарыда жазған ижмаларына бағынбайтындардың адасушы екендігі аңғарылады. Өйткені, Асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жиһадпен, Ислам дінін жаюмен айналысқандықтан, тәфсир және хадис кітаптарын жазуға уақыт таба алмады. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) нұры Олардың мүбәрәк жүректеріне әсер еткені соншалық, кітаптан оқып үйренуге қажеттіліктері болмады. Әрқайсысы осы нұрдың күшімен дұрыс жолды табатын еді. Ғасырлардың ең жақсысы [болған бірінші ғасыр] біткенде көзқарастарда, білімдерде айрылу пайда болды. Асхаби кирамнан және табииннен нақыл етілген хабарлар бір-біріне қайшы бола бастады. Хақ жолды іздеушілер абдырап қалды. Аллаһу та'ала мейірім танытып, бұл үмбет арасынан төрт салих, тақуа ғалымды таңдады. Насстардан үкім шығару үстемдігін оларға нәсіп етті. Оларды ұстану арқылы барша мұсылмандардың хидаятқа қауышуын тіледі. Оларды ұстану керектігін «Ниса» сүресінің елу сегізінші аятында әмір етті. Бұл аяти каримада: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһу та'алаға бағыныңдар және Расулға бағыныңдар және Улул әмірлеріңе бағыныңдар!» деді. Бұл жердегі Улул әмір – ижтиһад дәрежесіне көтерілген ғалымдар деген сөз. Ол ғалымдар болса – баршаға мәлім төрт үлкен имам. Яғни мәшһүр болған төрт мазһабтың имамдары. Бұл аяти каримадағы Улул әмір деп аталған үстем тұлғалардың мүжтәһидтер екендін «Ниса» сүресінің сексен екінші аяты айқын хабарлауда. Бұл аяти каримада: «Улул әмір – насстардан үкімдер шығара алатын ғалымдар» делінген. Кейбір ғалымдар «Улул әмір – қазылар, әкімдер деген сөз» деді. Егер бұл тұжырым насстардан үкімдер шығара алатын қазылар деген мағынада болса, онда дұрыс. Олар ғалым болғаны үшін Улул әмір саналады. Бірақ қазы болғаны үшін емес! Төрт халифа және Омар бин Абдулазиз (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) осындай еді. Сауатсыз, күнәхар немесе кәпір болған басшылар ондай емес. Өйткені, хадис шәрифте «Ешбір адамның күнәға себеп болатын сөзіне бағынуға болмайды!» делінген. [Бірақ, заңға қарсы шығу, үкіметке бас көтеру ешқашан рұқсат емес. Мұсылмандар әр уақытта үкіметке қолдау көрсетуі керек. Үкімет әлсірейтін болса, фитна, бүлік шығады. Ал бұлар ең нашар үкіметтен де жаман.] «Лұқман» сүресінің он бесінші аятында: «Білмейтін бір нәрсеңді сенің маған серік қылуыңа тырысатын болса, олардың бұл әмірлеріне бағынба!» делінген. Хадис шәриф Улул әмірдің не екенін анық көрсетіп тұр. Абдуллаһ Дарими хабарларған хадис шәрифте: «Улул әмір – фиқһ ғалымдары» делінген. Имам Суюти «Итқан» атты тәфсирінде Ибн Аббастың (радиаллаһу та'ала анһума) «Улул әмір – фиқһ және дін ғалымдары» дегенін жазуда. «Тәфсири кәбир»-дің үшінші томы, үш жүз жетпіс бесінші бетінде, Имам Нәуәуидің (рахметуллаһи алейһ) «Мүслим шәрһі» екінші томы, жүз жиырма төртінші бетінде және «Мәалим», «Нишапури» тәфсирлерінде де жазулы. Аяти карималардың және хадис, тәфсир ғалымдарының осы айқын хабарлары мүжтәһидтерге бағыну керектігін көрсетуімен қатар, мазһабсыздардың «Аллаһтан және пайғамбардан өзгесіне бағыну ширк және бидғат» сөздерінің қате және сандырақ екенін де көрсетіп тұр. Бұл тақырыпта көптеген хадис шәриф пен хабарлар бар. Олардан:

I. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Муаз бин Жәбәлді (радиаллаһу та'ала анһ) Йеменге әкім қылып жіберген кезде «Ол жерді қалай басқарасың?» деп сұрады. Ол «Аллаһтың кітабымен» деп жауатады, сонда «Аллаһтың кітабынан таба алмасаң?» деп сұрады. «Аллаһтың Расулының (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сүннетімен» деп жауаптап еді, «Расулуллаһтың сүннетінен де таба алмасаң ше?» деп сұрады. Бұл сұраққа «Ижтиһад етіп, өз түсінгеніме қарап» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк қолын Муаздың кеудесіне қойып «Әлхамдулиллаһ! Аллаһу та'ала Расулының расулын (елшісінің елшісін) Расулуллаһтың разылығына лайықты етті» деді. Бұл хадис шәриф Тирмизиде, Әбу Даудта және Даримиде жазулы. Улул әмірдің мүжтәһид деген сөз екенін және оған бағынған кісіден Расулуллаһтың разы екендігін осы хадис шәриф анық көрсетіп тұр.

II. Әбу Дауд және Ибн Мажа хабарлаған хадис шәрифте: «Білім үшеу: Аяти мухкәмә, Сүннәти қаимә және Фаридати адилә» делінген. «Әшиат-ул-ләмәат» атты «Мишқат» шәрһі бұл хадис шәрифті парсы тілінде түсіндіргенде «Фарида-и адилә – Кітап пен сүннетке сай білім. Бұл ижмаға және қиясқа ишара. Өйткені ижма мен қияс Кітап пен сүннеттен шығарылуда. Сондықтан, ижма мен қияс кітап пен сүннетке тепе-тең қаралып, Фарида-и адилә деп аталды. Осылайша екеуімен амал етудің уәжіп екендігі ескерілді. Хадис шәрифтің мағынасы «Діннің қайнар көзі төртеу: Кітап, Сүннет, Ижма және Қияс» болды» делінген.

III. Омар ибнул Хаттаб (радиаллаһу анһ) Шурәйһті қазы ретінде жіберерде «Аллаһтың кітабында анық көрсетілгенге қара. Мұны өзгеден сұрама! Мұнда таба алмасаң, Мұхаммед алейһиссаламның сүннетіне жүгін! Ол жақтан да таба алмасаң, ижтиһад ет және түсінгенің бойынша жауап бер!» деді.

IV. Хазреті Әбу Бәкірге (радиаллаһу анһ) шағымданушы келгенде Аллаһу та'аланың кітабына қарайтын, тапқаны бойынша үкім беретін еді. Бұл жерден таба алмаса, Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) естігеніне қарай жауап беретін. Естімеген болса, Асхаби кирамнан (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) сұрап, олардың ижмасымен үкім шығаратын еді.

V. Абдуллаһ ибн Аббастан (радиаллаһу анһума) бір нәрсе сұралғанда жауабын Құран кәрімнен тауып жауап беретін еді. Құран кәрімнен таба алмаса, Расулуллаһтан естігенін айтатын. Естімеген де болса, Әбу Бәкір мен Омардан (радиаллаһу анһум) сұрайтын. Жауап ала алмаса, өз көзқарасымен үкім шығаратын еді.

[Мұхаммед ибн Қайим 751 [м.1350] жылы қайтыс болды.]

[Ибнулхумам Мұхаммед 861 [м.1456] жылы қайтыс болды.]

[Яхия Нәуәуи 676 [м.1277] жылы Шамда қайтыс болды.]

[Сүлейман Әбу Дауд Сижстани 275 [м.888] жылы Басрада қайтыс болды.]

Енді мүжтәһид ғалымдардан сұрау – төрт мазһаб имамдарынан сұрау деген cөз екенін түсіндірейік! Төрт имамды ұстанудың бірінші дәлелі: Асхаби кирам ғасырынан және одан кейінгі ғасырдан осы уақытқа дейін барлық мұсылмандар осы төрт имамды ұстанған. Оларға бағыну керектігіне ижма (ғалымдардың сөзбірлігі) пайда болған. «Үмбетім адасушылық болған нәрседе ижма жасамайды (бірікпейді)!» және «Аллаһу та'аланың разылығы ижмада. Жамағаттан айрылған адам тозаққа кіреді» деген хадис шәрифтер осы ижманың сахих екендігін анық көрсетіп тұр.

Төрт имамды (рахимә-һумуллаһу та'ала) ұстанудың уәжіп екендігін көрсететін екінші дәлел: «Исра» сүресінің жетпіс бірінші аяты. Бұл аяти каримада «Ол күні әр топты имамдарымен шақырамыз!» делінген. Қазы Бәйдауи (рахимә-һуллаһу та'ала) бұл аяти кариманың тәфсирінде «Әр үмбетті өздеріне басшы қылған пайғамбарлары және дінде бағынған адамдарының есімдерімен шақырамыз» деді. «Мәдарик» кітабында да осылай жазылған «Мәалим-ут-тәнзил» тәфсирінде «Ибн Аббас өздерін адасушылыққа немесе хидаятқа жетелейтін мемлекет басқарушыларымен шақырылады деді. Саид бин Мусәйиб әр қауым өздерін жақсылыққа немесе жамандыққа жетелеген басшыларының қасында жиналады деді» деп жазылған. Тәфсир-и Хусейниде және «Рухул баян»-да «Мазһабының имамымен шақырылады. Мысалы, Ей, Шафии немесе Ей, Ханафи делінеді» деп жазылған.

Бұдан аңғарылып тұрғаны, кәміл болған имамдар өздеріне бағынғандарға шапағат етеді. «Мизан» кітабында шайх-ул-ислам Ибраһим-ул-Лақани қайтыс болғанда кейбір салихтар оны түсінде көріп, «Аллаһу та'ала саған не істеді?» деп сұрады. «Сұрақ періштелері мені отырғызғанда Имам Малик келіп, "Осындай адамды Аллаһу та'алаға және Расулына иман етуінен сұраққа тартуға болады ма? Оны жіберіңдер" деді. Олар мені дереу жіберді» деп жауаптады. [Ибраһим ибнул Лақани малики кәлам ғалымы болып, 1041 [м.1632] жылы қайтыс болған.] Тағы да «Мизан» кітабында: «Тасаууф ғұламалары және фиқһ ғалымдары өздеріне бағынғандарға шапағат етеді. Рух тапсырылғанда, қабірде Мүнкәр-Нәкир періштелері сұраққа тартқанда және қайта тірілуде, махшарға жиналуда, есепке тартылуда, сыратта қасында болады. Оны ұмытпайды. Тасаууф ғұламалары өздеріне бағынғандарды барлық қорқынышты жерлерде қолдау көрсетсе, мүжтәһид имамдар қорғамайды ма? Олар мазһаб имамдары. Бұл үмбеттің қорғаушылары. Қуан, ей, бауырым! Төрт мазһаб имамдарынан қалағаныңды ұстан да, бақытқа қауыш!» делінген. Көрініп тұрғанындай, қиямет күні бәрі имамдарының есімімен шақырылады. Имам өзін ұстанушыларға шапағат етеді. Төрт мазһаб имамдарының әрқайсысы осындай жоғары дәрежелі еді. Аллаһу та'ала «Лұқман» сүресінің он бесінші аятында «Маған бетбұрғанның жолын ұстан!» деді.

Бұл төрт үлкен имамның Аллаһу та'алаға бетбұрғандығы, құштар болғандығы бірауыздан хабарланған.

[Саид бин Мусәйиб 91 [м.710] жылы Мәдинада қайтыс болды.]

Мазһаб ұстанудың уәжіп екенін көрсететін үшінші дәлел: «Ниса» сүресінің жүз он төртінші аяти каримасы. Аллаһу та'ала бұл аяти каримада: «Хидаят жолын үйренгеннен кейін пайғамбарға бағынбай, мүминдердің жолынан айрылған адамды адасқан жолына жетелейміз және өте жаман тозаққа тастаймыз!» деген. Имам Шафии  хазреттерінен «Ижманың дәлел екенін көрсететін аяти карима қайбірі?» деп сұралды. Ол Құран кәрімді үш жүз рет оқып дәлел іздеді. Жауап ретінде осы аяти кариманы тапты. Бұл аяти карима мүминдердің жолынан айрылуды харам қылғандықтан, бұл жолды ұстану уәжіп болады. Нәсәфи Абдуллаһ «Мәдарик» тәфсирінде осы аяти кариманы түсіндіргеннен кейін «Ижманың дәлел екенін және Кітаптан, сүннеттен айрылу жаиз (рұқсат) болмағанындай, ижмадан айрылудың да жаиз еместігін осы аяти карима көрсетуде» деп жазылған. «Бәйдауи» тәфсирі де осы аяти кариманы түсіндіргенде «Бұл аят ижмадан айрылудың харам екенін көрсетіп тұр. Мүминдердің жолынан айрылу харам болса, бұл жолды ұстану уәжіп болады» деген. Бұл үмбеттің салихтары, ғалымдары «Мазһаб ұстану уәжіп. Мазһабсыз болу үлкен күнә» деді. Ғалымдардың сөзбірлігінен айрылу осы аяти каримадан айрылу болады. Өйткені Аллаһу та'ала «Али Имран» сүресінің жүз оныншы аятында «Сендер адамдарға қайырлы үмбетсіңдер! Жақсы нәрселерді бұйырып, жаман нәрселерден тыясыңдар» деді. Бұл үмбеттің ғалымдары мазһабсыздықтың жаман екенін айтты. Мазһабсыз болмаңдар деді. Сондықтан, мазһабсыз болу жаиз (рұқсат) деп, ғалымдардың осы сөздерінен айрылған адам осы аяти кариманы жоққа шығарған болады.

 

Сұрақ: Қадиянилер мен Ничәрилер және басқа мазһабсыздар мүмин емес пе? Оларға еру де мүминдердің жолында болуға жатпайды ма?

Жауап: Бұл мазһабсыздардың ғалымдары «Әдиллә-и шәрия»-нің төрт дәлелінен тек екеуін ғана ұстанатынын айтады. Қалған екеуін қабылдамайды. Осылайша мұсылмандардың көбінің жолынан айрылуда. «Әһли сүннет уәл жамағат» жолынан адасты. Оларға еру адамды тозақтан құтқармайды. «Шии»-лер, «Харижи»-лер, «Мүтәзилә», «Жәбрия», «Қадария» [және «Таблиғи жамағат»] және «Уаһһаби» ағымдарында болғандар да өз ғалымдарын ұстанғандығын айтады. Мазһабсыздардың сол ағымдарға берген жауаптарын біз де мазһабсыздарға жауап ретінде айтамыз.

[Нәсәфи 710 [м.1310] жылы Бағдатта қайтыс болды.]

[Бәйдауи Абдуллаһ 685 [м.1286] жылы Тәбризде қайтыс болды.]

[Ахмед Қадияни 1326 [м.1908] жылы Үндістанда өлді.]

Мазһаб ұстанудың уәжіп екенін көрсететін төртінші дәлел: «Наһл» сүресінің қырық үшінші және «Әнбия» сүресінің жетінші аяти каримасы. Бұл аяти каримада «Білмесеңдер, зікір әһлінен сұраңдар!» делінген. Бұл аяти карима ғибадаттардың және амалдардың қалай орындалатынын білмейтіндердің білетіндерден сұрап үйренуін әмір етуде. Аяти каримада сұрап үйрену әркімнен және сауатсыздардан емес, ғалымдардан сұрау және білмейтіндерін сұрап үйрену әмір етілуде. Сондықтан, кімде-кім жасайтын амалын Құран кәрімде және хадис шәрифтерде іздей алмаса, таба алмаса, ұстанған мазһабының мүжтәһидінен сұрап [немесе мазһабының ғалымдарының кітаптарынан оқып] үйренуі керек. Сұрап, үйренгені бойынша амал еткен адам сол мүжтәһидті ұстанған болады. Сұрамаса немесе мүжтәһидтің сөзін ұстанбай, қарсы шықса, мазһабсыз болады.

Аяти каримада айтылған «Зікір әһлі» кім? Мазһаб имамы деген сөз бе? Әлде сауатсыз дін адамдары ма? Мұның жауабын хадис шәриф береді: Ибн Мәрдәуәйһ Әбу Бәкір Ахмед жеткізген және Әнәс бин Малик хабар берген хадис шәрифте «Бір адам намаз оқиды, ораза ұстайды, қажылық пен соғысқа шығады. Бірақ ол мұнафиқ» делінгенде «Екіжүзділігі қайдан келген?» деп сұралды. Сонда «Имамын ұнатпағандықтан мұнафиқ. Оның имамы – зікір әһлі» деген жауап берілді. [Ибн Мәрдәуәйһ Исфехани 410 [м.1019] жылы қайтыс болды.] Бұдан аңғарылып тұрғаны, аяти каримадағы «Зікір әһлі» – Улул әмір деген сөз. Улул әмірдің не екендігі бірінші дәлелде түсіндірілген еді. Сахих болған қаулы бойынша, Улул әмір – улема-и расиһин және төрт мазһабтың имамдары. «Тек ақыл иелері ғана түсінеді», «Әлбетте ақыл иелері түсінеді», «Ей, ақыл иелері, ғибрат алыңдар!» деген аяти карималар төрт мазһаб имамдарының үстемдіктерін көрсетіп тұр. Біраз араб, парсы тілдерін үйреніп алып, захидтерден, тақуалардан, әулиелерден фәйз алмаған және насстарға, яғни аяти карималар мен хадис шәрифтерге өзінің қысқа қөзқарасы бойынша мағына берген сауатсыздар мен адасушылар мазһаб имамдарының үстемдіктерінен өте алыс. Бұл мазһабсыздар «Тәфсир ғылымынан хабары болмай Құран кәрімге өзбетінше мағына бергендер тозақта отты қазықтарға отырғызалды» және «Бір заман келеді, дін ғалымы қалмайды. Сауатсыздар дін ғалымы орнына өтеді, білмей фәтуа береді. Олар дұрыс жолда болмайды және баршаны дұрыс жолдан шығарады» хадис шәрифтерінде көрсетілген адасушылар. «Мишкат» кітабында Жабир (радиаллаһу анһ) айтып берген. Сапарда бір досымның басы жарақаттанды. Ғұсыл алуы керек еді. «Тәйәммум алуыма болады ма?» деп сұрады. «Болмайды, сумен ғұсыл ал» деген жауап алды. Сумен жуынды, қайтыс болды. Мәдинаға келгенде Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мән-жайды айтып хабар бердік. Ол «Оның өліміне олар себеп болды. Аллаһу та'ала да оларды өлтірсін. Білмейтіндерін неге сұрап үйренбеді? Сауатсыздықтың емі – сұрап үйрену!» деді. Бұл сахабалар көбірек білетіндерден сұрамастан өз бетінше фәтуа бергендіктен, өте ауыр сөз естіп, оларға «Аллаһу та'ала оларды да өлтірсін!» делінген болса, қазір дін ғалымы аталып жүрген адамның Ислам ғалымдарының кітаптарын оқымастан, өзінің қысқа ақылы және шектеулі көзқарасымен Құран кәрімге және хадис шәрифтерге мағына беруге кірісуіне, осылайша мұсылмандардың діндерін, имандарын бұзуына не айтылу керектігі мәлім. Ондай адамға дін, иман ұрысы деп атау орынды болады. Аллаһу та'ала бәрімізді осындай дін ұрыларының зиянынан қорғасын! Әмин. Ибн Сырин: «Діндеріңді кімнен үйренгендеріңе мән беріңдер!» деген. [Мұхаммед ибн Сырин 110 [м.729] жылы Басрада қайтыс болды.] Әбу Мүсәл Әшари хазреттері Асхаби кирамның үлкендерінен бола тұра Абдуллаһ бин Мәсудтың қасында фәтуа беруден тартынып: «Осы білім мұхитының қасында менен ештеңе сұрамаңдар» дейтін еді. Өйткені Абдуллаһ ибн Мәсудтің Әбу Мүсәл Әшариден үлкен ғалым еді. Фиқһ білімі көбірек еді (радиаллаһу анһума). Имам Шафии үлкен ғалым бола тұра Имам Ағзам Әбу Ханифаның қабірінің қасында таң намазында құныт дұғасын оқымайтын және рукудан көтерілгенде екі қолын көтермейтін еді. Мұның себебін сұрағандарға «Ол ұлы имамға деген әдебім оның алдында оның ижтиһадына сәйкес келмейтін амал жасауыма тосқауыл болуда» деген. Имам Ағзам Әбу Ханифа осындай үлкен Ислам ғалымы еді. Оның ұлылығын түсіне алу үшін Имам Шафии сияқты ғалым болу керек. Ол үлкен ғалым Имам Ағзамның қабірде тірі екенін білген, оның алдында оның мазһабына сәйкес келмейтін амал жасаудан тыйылған. Иә, осы ұлы имамдар (рахимә-һумуллаһу та'ала) фиқһ білімінің мамандары еді. Бұхари келтірген «Аллаһу та'ала біреуге жақсылық беруді қаласа, оны фиқһ ғалымы қылады» деген хадис шәрифтегі сүйіншіге қауышқан еді. [Имам Мұхаммед Бұхари хадис ғалымдарының басшысы болып, 256 [м.870] жылы Самарқандта қайтыс болған.]

Осылардың барлығынан аңғарылып тұрғаны, Ислам үкімдерін фиқһ ғалымдарынан, мазһабының мүжтәһидтерінен үйрену керек. Хадис шәрифтерден және тәфсирден үйренбеу керек. «Әркім белгілі бір жұмыс үшін жаратылған» хадис шәрифі осы сөзіміздің дәлелі. Хадис ғалымдары хадис шәрифтерді зерттеп, сахихтарын ажырату үшін жаратылды. Тәфсир ғалымдары Құран кәрімнің мағыналарын дұрыс күйде түсініп, жеткізу үшін жаратылды. Олардың екеуі де міндеттерін атқару үшін көп еңбектенді. Мақсаттарына жетті. Ал фиқһ ғалымдары Құран кәрім және хадис шәрифтердің насстарынан үкім шығару үшін жаратылды. Бұл ұлы ғалымдар (рахимә-һумуллаһу та'ала) осы білімнің шыңына шықты. Біз сияқты сауатсыздардың жұмысын жеңілдетті. Терең білімдерімен, Аллаһу та'аланың оларға берген тақуалығы көмегімен насстардың бір-біріне қайшы болып көрінген жерлерін бір-біріне сәйкестендірді. Мухкәм болғандарын тәуилді болғандарынан ажыратты. Кейіннен келгендерін ертерек келгендерінен, насиһ болғандарын мәнсуһ болғандарынан ажыратты. Міне, осы себептен бұл үмбет толықтай жер жүзінің барлық жағында осы ұлыларды ұстануды жөн көрді. Бұл имамдардың жолында болуды Ислам үкімдерінің кілті деп білді. Барлық ғалымдар фадылдар, салихтар, тақуалар, әулиелер, құтбтар, әутад, Аллаһ жолында болғандардың бәрі және Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ғашықтары өздерін Ислам үкімдерінің осы көсемдеріне тапсырды. Хадис ғалымдарының, тәфсир мамандарының және фиқһ білімінде мүжтәһид болған ұлы имамдардың білімдерінің бір жерге жиналуынан «Ислам діні» пайда болды. Біз сияқты сауатсыздардың осы дін ұлыларына бағынуымыз уәжіп. Құтылу жолы тек осы имамдардың көрсеткен жолы. Тек осы жолға ергендер ғана құтылады. Нәпістеріне еріп, Құран кәрімге және хадис шәрифтерге өз көзқарастары бойынша мағына беретіндерге ергендер пәлекетке түседі. «Әнам» сүресінің тоқсаныншы аятында: «Аллаһу та'ала оларға дұрыс жолды көрсетті. Олардың жолын ұстан!» делінген. Хидаят берілгендер мазһабсыздар емес, мазһаб иесі болған ұлы имамдар (рахимә-һумуллаһу та'ала).

 

Сұрақ: Бағынуымыз әмір етілген Улул-әмірдің мүжтәһид имамдар екеніне сендім. «Әһли зікір» деген ғалымдар да олар. Оларға еруіміз уәжіп. Олардың белгілі біреуіне немесе бәріне еру керек екенін қалай аңғаруға болады? Бір амалдың төрт имамның (рахимә-һумуллаһу та'ала) кезкелген біріне сай болуы жеткілікті ме?

Жауап: Екі, үш немесе төрт имамды бірден ұстану мүмкін емес. Өйткені төрт имамның ижтиһадтарының бір-біріне сәйкес келмейтін көп мәселелері бар. Бір амалды біреуі уәжіп, ал басқасы харам деген. Мысалы, денеден қан шықса, Имам Ағзам дәрет бұзылады деді. Имам Шафии бұзылмайды деді. Еркектің денесі әйелдің денесіне тисе, Имам Шафии екеуінің де дәреті бұзылады деді. Ал Имам Ағзам екеуініңкі де бұзылмайды деді. Имам Малик пен Имам Ахмед бин Ханбал арасында да осындай келіспеушіліктер бар. Осындай бір-біріне қайшы болған амалдарда, мысалы Имам Ағзамды ұстанса, басқаларын ұстанбаған болады.

Басқа имамдарға сай амал еткен адам да бұл мәселеде Имам Ағзамды ұстанбаған болады (рахметуллаһи алейһим әжмаин). Сондай амалды төрт мазһабтың бәріне сай орындау мүмкін емес болғанындай, үш имамға және екі имамға бірдей еріп орындала алмайтын амалдар көп. Осындай [бір-біріне қайшы] амалдар тек бір имамға ғана бағыну арқылы орындала алады.

 

Сұрақ: Кейбір амалдарды бір имамды ұстанып, басқа амалдарды басқа имамды ұстанып, тағы басқаларын үшінші имамды ұстанып, одан басқа амалдарды төртінші имамды ұстанып орындасақ, төрт имамға да бағынған боламыз. Бұған не дейсіз?

Жауап: Олай істеу дінді ойыншыққа айналдыру болады. Халал мен харам жоқ болады. Ал бұған тыйым салынған, харам болып табылады. Мүслимдегі хадис шәрифте: «Мұнафиқ екі қошқардың арасында жүрген қой сияқты. Бірде анаған, бірде мынаған барады» делінген. Бұхаридағы хадис шәрифте: «Адамдардың жаманы – екі жүзді болғаны. Ол біреулерге бір жүзімен, ал басқаларына басқа жүзімен көрінеді» делінген. Олар «Тәубе» сүресінің отыз сегізінші аятында айтылған адамдар. Бұл аяти каримада «Нәси – күпірде артық кету деген сөз. Кәпірлер мұнымен алдатылады. Бір айды халал деп санайды. Ал басқа жылы бұл айды харам деп санайды» делінген. Яғни бір нәрсені бір жылы халал дейді, ал басқа уақытта харам дейді.

Ибнул Хумам «Тахрир-ул-усул» кітабында, Ибнул-Хажиб «Мухтасар-ул-усул» кітабында және «Дуррул мухтар» кітабында «Бір амалды бір мазһаб бойынша орындауды бастағаннан кейін бұл амалды және осыған байланысты амалдарды орындағанда бұл мазһабты ұстанудан бастартуға тыйым салынатындығы бірауыздан айтылған» деп жазылған. [Осман ибн Хажиб Малики 646 [м.1248] жылы Искендерияда қайтыс болды.] «Бахр-ур-раиқ» кітабында «Имам Ағзамды ұстанған адамның толықтай Ханафи мазһабына бағынуы уәжіп. Зәрулік орын алмағанша басқа мазһаб бойынша амал етуі жаиз (рұқсат) емес. Үлкен ғалым Қасымның айтқанындай, бір мазһаб бойынша амал еткен кісінің сол мазһабтан айрылуының жаиз еместігі ғалымдар бірауыздан айтқан» деген. [Қасым бин Қатлұбұға Мысри Ханафи 879 [м.1474] жылы қайтыс болды.] «Мусәлләм-уссубут» кітабында жазылған: «Мутлақ мүжтәһид болмаған адамның ғалым болса да, бір [мутлақ] мүжтәһидті ұстануы керек.» [Бұл кітапты Мухиббуллаһ Бихари Хинди Ханафи жазған, 1119 [м.1707] жылы қайтыс болған.]

Имам Абдулуаһһаб Шарани «Мизан» кітабының жиырма төртінші бетінде былай жазған: «Айн-ул-улаға көтерілмеген ғалымның төрт мазһабтың бірін ұстануы уәжіп. Ұстанбаса, дұрыс жолдан адасады. Басқаларды да адастырады.»

[Шарани 973 [м.1565] жылы қайтыс болды.]

Ибн Абидин (рахметуллаһи алейһ) «Рәддул мухтар» кітабының екі жүз сексен үшінші бетінде былай дейді: «Амидің мазһаб ауыстыруы жаиз емес. Қалаған мазһабының бірін ұстануы керек.» Ами – мүжтәһид болмаған деген сөз.

Шах Уәлиуллаһ Деһлеуи (рахимә-һуллаһу та'ала) «Иқд-ул-жәйид» кітабында жазған: «Ижтиһад дәрежесіне көтерілмеген дін ғалымдарының хадис шәрифтен түсінгенімен амал етуі жаиз (рұқсат) емес. Өйткені, олар хадис шәрифтердің мәнсуһ немесе тәуилді, яки мухкәм екенін ажырата алмайды.» Ибн Хажиб та «Мухтасар» кітабында осылай жазған. Тағы Шах Уәлиуллаһ Деһлеуи (рахметуллаһи алейһ) «Фуюд-ул-Харамәйн» кітабында «Ханафи мазһабы – мазһабтардың ең құндысы. «Бұхари» кітабында жинақталған «сүннети Нәбәуия» жолына ең сәйкес болғаны – осы мазһаб» деп жазған.

Дата Генжбахши Лахори (рахимә-һуллаһу та'ала) «Кәшф-ул-махжуб» кітабында былай жазған: Яхия Муаз Рази (рахметуллаһи алейһ) Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) түсінде көрді. «Йа, Расулаллаһ! Сізді қайдан іздеп табамын?» деп сұрады. Пайғамбарымыз «Әбу Ханифаның мазһабынан» деді. [Яхия бин Муаз (рахметуллаһи алейһ) 258 [м.872] жылы Нишапурда қайтыс болды.]

Ибн Хумам (рахметуллаһи алейһ) «Тахрир» кітабында жазған: «Бір адамның ұстанған мазһабын, яғни соған сай амал ете бастаған мазһабын тәрк етуінің жаиз еместігін ғалымдар бірауыздан айтқан.»

Мәулана Абдуссалам «Жәуһара» шәрһінде жазған: «Ғибадаттарда және ижтиһадпен жасалатын амалдарда төрт мазһабтың бірін ұстанған адам сол амалын Аллаһу та'аланың әміріне сай жасаған болады.» [Абдуссалам бин Ибраһим Лякани Малики (рахметуллаһи алейһ) әкесінің «Жәуһарат-ут-тәухид» кітабын шәрһ етіп, «Иттихаф-ул-мурид» деп атаған, 1078 [м.1668] жылы Мысырда қайтыс болған.]

Имам Раббани мүжәддиди әлфи сани (рахметуллаһи алейһ) «Мәбдә уә Мәад» атты кітабында былай дейді: «Ханафи мазһабында имамның артында жамағаттың түрегеп оқымай тұруының дұрыс екенін Аллаһу та'ала бұл пақырға білдірді».

[Уәлиуллаһ Деһлеуи 1176 [м.1762] жылы қайтыс болды.]

[Әли бин Осман Дата Генжбахш 465 [м.1072] жылы қайтыс болды.]

Шах Абдулазиз Деһлеуи (рахимә-һуллаһу та'ала) «Аллаһу та'алаға серік қоспа!» аяти каримасының тәфсирінде былай дейді: «Бағыну парыз болған адамдар алтау: діни білімдерде мүжтәһид болғандар, ұлы тариқат шайхтары,...». [Абдулазиз Деһлеуи 1239 [м.1823] жылы Делиде қайтыс болды.]

Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) «Кимия-и саадат» кітабында әмри маруфты баяндағанда былай жазған: «Ұстанып жүрген мазһабына қайшы амал жасауға ешбір ғалым рұқсат демеген».

Абдулхақ Деһлеуи (рахметуллаһи алейһ) «Сыфр-ус-саадат» шәрһінде жазған: «Ислам дінінің ғимараты мына төрт тіректің үстіне қаланған. Кімде-кім осы төрт жолдың біріне түссе және осы төрт есіктің бірін ашса, басқа жолға өтуі және басқа есікке ұмтылуы әбестік және пайдасыз болады. Ол істерінің реттілігін бұзған, дұрыс жолдан айрылған болады». Басқа бір жерінде айтады: «Ғалымдардың сөзбірлігі және ақыр заманда мұсылмандарға ең дұрыс жол – төрт мазһабтың бірін ұстану. Дін мен дүниенің реттілігі осылай іске асады. Әркім әуелден қалаған мазһабын таңдайды. Сол мазһабты ұстана бастағаннан кейін, оны тастап, басқа мазһабқа өту, еш күмәнсіз, бірінші мазһабқа су-и зан ету (жаман ойда болу) болады. Амалдар мен сөздер уақыт өте өзгеріп, араласады. Кейіннен келген ғалымдар мұны бірауыздан айтты. Дұрысы да осы. Қайыр осында.»

Имам Кухистани (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мухтасар-и Уиқая» шәрһінде «Китаб-ул-әшрибә»-ден бұрын айтады: «Мүтәзилә сияқты, хақ жолдың әртүрлі болатынына сенетіндер сауатсыздың мазһабтарды қалағанындай араластыра алатынын айтты. Әһли сүннет ғалымдары хақ көп болмайды деді және діни сауаты жоқ адамның белгілі бір имамға бағынуы керектігін айтты. «Кәшф» кітабы мұны ұзақ түсіндірген. Әр мазһабта мубах болғандарды, оңай болғандарды іздестіріп, соларды істеуге «Тәлфиқ» делінеді. Олай істеген адам пасық (күнәхар) болады. Саид бин Мәсудтың «Тахауи шәрһі» осыны жақсы түсіндірген». [Мұхаммед Кухистани Ханафи 962 [м.1508] жылы Бұхарада қайтыс болған.]

 

Сұрақ: Мазһабтарды «Тәлфиқ» етудің дінмен ойнау екеніне сенетін және бір мазһабты ұстануды бастағанда басқа мазһабқа өтуге болмайтынын қабылдаған адам өз мазһабының дұрыс екенін айта алмайды ма?

Жауап: Әр мазһабтағы адамның осылай айтуына дәлелдер бар. Мұнда біз Ханафи мазһабын ұстанудың жақсырақ екенін көрсететін дәлелдерді жазамыз. Имам Ағзам Әбу Ханифа Нуман бин Сабит (рахметуллаһи алейһ) төрт мазһаб имамдарының арасында Асхаби кирамға ең жақын болғаны, ең білімді, фиқһта ең терең, тақуалығы ең көп болғаны еді.

Имам Абдулуаһһаб Шарани (рахметуллаһи алейһ) шафии мазһабын ұстанатынын айта тұра, ынсаппен Имам Ағзамды былай танытқан: «Оған ешкім тіл тигізбеу керек. Өйткені Ол төрт имамның ең үлкені, мазһабтың алғашқы құрушысы, дәлелдері Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең жақын болғаны, сахабалар мен табииннің өмір сүру салтын ең көп көргені еді. Оның әр сөзі Құран мен Сүннетке сүйенеді. Ол өз көзқарасымен, өз пікірімен ештеңе айтпаған». Имам Шарани сияқты үлкен ғалым «Раббани ғалым» деген және өз көзқарасымен ештеңе айтпады деген үлкен имам және оның шәкірттері туралы бірнеше хадис ғалымының «Асхаби рәй» (көзқарас иелері) деуі қандай әділетсіз тұжырым. Олай айтқандарды Аллаһу та'ала кешірсін. [Имам Ағзам 150 [м.767] жылы Бағдадта, Абдулуаһһаб Шарани 973 [м.1565] жылы Мысырда қайтыс болған (рахимә-һумуллаһу та'ала).]

Шафии мазһабындағы үлкен ғалымдардың бірі Хажәр Мекки Имам Ағзамды (рахимә-һумуллаһу та'ала) таныту мақсатымен арнайы кітап жазған. Кітаптың аты «Хайрат-ул-хисан фи-мәнақиб-ин Нуман». [Ахмед Тахауи Ханафидің «Уқуд-ул-Мәржан фи-мәнақиби Әби Ханифәт-ин-Нуман» кітабы да мәшһүр. Тахауи 321 [м.933] жылы қайтыс болды.] Ханафи ғалымдарынан Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу та'ала) «Рәддул мухтар» кітабының кіріспесінде жазғанындай, Имам Ағзамның ұлылығының белгісі – мазһабының өте кең жайылған болуы. Басқа мазһаб имамдары Оның барлық сөздерін дәлел ретінде алған. Мазһабының ғалымдары Оның заманынан осы заманға дейін барлық жерде Оның сөздерімен фәтуа берді. Әулиелердің көбі Оның мазһабын ұстанып, кәмілдікке жетті. Анадолы, Балқан мұсылмандары, Үндістан, Синд және Мәуереннахр [яғни Түркістан (Орталық Азия)] тек қана Оның мазһабын біледі. Аббаси мемлекеті қаншалықты ата-бабаларының мазһабын ұстанған болса да, қазыларының, әкімдерінің, ғалымдарының көбі ханафи мазһабында еді. Бес жүз жылға жуық уақыт бойы осы мазһаб бойынша амал етті. Осы мемлекеттің орнына құрылған Сәлжүки және одан кейін Харезми патшалары, әрі ұлы Осман Империясы, бәрі ханафи еді.

Үлкен ғалым Мұхаммед Тахир сыддықи ханафи 981 [м.1573] жылы қайтыс болған. «Мәжма’ул-бихар фи-ғараиб-ит-тәнзил уә ләтаиф-ил-ахбар» атты кітабында былай жазған: «Имам Ағзамнан Аллаһу та'аланың разы екенінің белгісі – мазһабының барлық жерге жайылуының оңайлатуы. Мұнда Аллаһу та'аланың бір сыры болмағанда, жер жүзіндегі мұсылмандардың көбі Оның мазһабында болмас еді.»

Имам Раббани мүжәддиди әлфи сани Ахмед Фаруқи (қаддәсаллаһу сиррәһул азиз) «Мәктубат» атты парсы тіліндегі кітабының екінші томы, елу бесінші хатында жазғаны бойынша, Имам Ағзам Әбу Ханифа Иса алейһиссаламға ұқсайды.

Уәра мен тақуа ниғметіне қауышқандықтан және Сүннети сәнияға бағынғандықтан, насстардан үкім шығаруда және ижтиһад етуде Ол өте жоғары дәрежелерге жеткен. Кейбір ғалымдар Оның бұл дәрежесін түсіне алмады. Оның ижтиһадпен тапқан нәрселері өте нәзік білімдер болғандықтан, Кітап пен Сүннетке қайшы деп санады. Бұл ұлы имамға «көзқарас иесі» деді. Оның білімінің ақиқатына жете алмағандықтан, Оның түсінгенін аңғара алмағандықтан, осылай қателесті. Алайда, Имам Шафии (алейһиррахмә) Ол түсінген білімдерден аздап бір нәрсе сезіп «Фиқһ ғалымдарының бәрі фиқһ білімінде Әбу Ханифаның шәкірті» деген. Мұхаммед Париса (рахимәһуллаһ) «Фусули ситтә» кітабында «Хазреті Иса алейһиссалам аспаннан [Шамға] түскенде ижтиһады мен амалы Имам Әбу Ханифаның мазһабына сәйкес болады» деді. Бұл сөз бәлкім ұлы имамның Иса алейһиссаламға ұқсастығын көрсетуде. Елу бесінші хаттан аударма осы жерде тәмәм болды. [Мұхаммед Париса Бұхараның үлкен ғалымы және үлкен әулиесі болып, 822 [м.1419] жылы Мәдинада қайтыс болды.]

Бұл үмбеттің ғалымдарының, салихтарының [әулиелерінің] көбі ханафи мазһабында еді. Мазһабсыздардың осындай ғалымға және білімімен амал етушіге тіл тигізетіндігі және мазһаб ұстанатындарды кәпір атайтындығы, тіпті «Фиқһ кітаптарын оқыған адам кәпір болады» дегендей арсыз сөздері «Әл-жәрһу алә Әби Ханифа» және басқа кітаптарда анық жазылған. Бұл нәсіпсіздердің сондай ұлы және мүбәрәк имамға осылай тиісуінің себебі не екен? Оған дұшпандық етудің бүкіл үмбетке дұшпандық етумен тең екенін олар білмейді. «Усули Әрбәа» кітабының төртінші бөлімінде осы жерге дейін жазылғандардың көбі мәулана махбуб Ахмед Мүжәддиди Әмратсәридің «Китаб-ул-мәжид фи-вужуб-ит-тақлид» кітабынан алынды.

665 [м.1266] жылы қайтыс болған Әбул-Муәййәд Мұхаммед бин Махмуд Харезми жинақтаған «Мүснәди кәбири имамы Әбу Ханифа» кітабы он түрлі. Бірінші түрінде Имам Ағзамды мақтаған хабарлар мен еңбектер жазылған. [Хабар – хадис шәрифтер, ал еңбек – сахабаның сөзі деген сөз.] Бірінші түрінде Садр-ул-кәбир Шәрәфуддин Харезм қаласында Ахмед бин Муәййиди өзіне жеткізген хадис шәрифті жазуда. Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) жеткізген хадис шәрифте: «Үмбетім арасында Әбу Ханифа деген біреу келеді. Ол қиямет күні үмбетімнің нұры болады» делінген. Тағы осы жолдан келген бір хадис шәрифте: «Үмбетім арасында біреу келеді. Есімі Нуман, лақаб аты Әбу Ханифа. Ол үмбетімнің нұры» делінген.

Тағы осы жолдан келген Әнәс бин Малик жеткізген хадис шәрифте: «Менен кейін бір адам келеді. Оның есімі Нуман бин Сабит. Лақаб аты Әбу Ханифа. Аллаһу та'ала дінін және менің сүннетімді Оның қолында күшейтеді» делінген. Тағы осы жолдан келген хабарда «Сендерге Куфа қаласында келетін біреу туралы айтамын. Оның лақаб аты Әбу Ханифа. Жүрегі білім мен даналыққа толы. Ақыр заманда «Бәнания» деп аталатын адамдар Оның себебімен құриды» делінген. Мазһабсыздар бұл хадис шәрифтерге қарсы шығады. «Бұларды хабар бергендердің арасында қандай адам екені белгісіз болғандары бар» дейді. Біз оларға айтамыз, кейіннен келгендердің білмеуі әуелден келгендерге кемшілік бола алмайды. Бұл хадис шәрифтер «Кутуби ситта»-да жоқ десе, хадис шәрифтердің саны Кутуби ситтада айтылғанындай емес. Басқа хадис кітаптарында да сахих хадистердің көп екендігін ғалымдар бірауыздан айтқан. Тирмизиде жазылған Әбу Хурайра жеткізген хадис шәрифте: «Иман Үркер жұлдызына кетсе, парсы елінен бірі оны кері қайтарады» делінген. Мұның Имам Ағзамды айтып тұрғаны хақ. «Усули Әрбәа» кітабынан аударма осы жерде тәмәм болды. [Бұл кітапты парсы тілінде Мұхаммед Хасан Жан Сәрһәнди Мүжәддиди (рахметуллаһи та'ала алейһ) жазған, 1346 [м.1928] жылы Үндістанда және 1975 жылы Стамбұлда басылған. Хасан Жан 1349 [м.1931] жылы Пәкістанда Хайдарабадта қайтыс болған.]

Имам Абдуррахман Суютидің «Дуррул мәнсур» кітабында Хакимнің Абдуллаһ бин Мәсудтан жеткізген хадис шәрифінде: «Әуелі түскен кітаптар бір әріп, яғни сөз еді және тек бір нәрсені ғана білдіретін еді. Құран кәрім жеті әріп болып түсті. Жеті нәрсені білдіреді: Зәжр (тыйым), Әмір, Халал, Харам, Мухкәм (анық айтылғандар), Мүтәшәбиһ (айқын аңғарылмайтын) және Мысалдар. Бұлардан халалды халал деп, харамды харам деп біліңдер! Әмір етілгендерді орындаңдар! Тыйым салынғандардан сақтаныңдар! Мысал мен хикаялардан ғибрат алыңдар! Мухкәм болғандарды ұстаныңдар! Мүтәшәбиһ болғандарға сеніңдер! Бұларға сендік, бәрін Раббымыз айтты деңдер!» делінген. Бұл хадис шәриф уаһһаби кітабының төрт жүз алтыншы бетінде де жазылған. Сирияда Хамада Сұлтан мешітінің имамы және ұстазы ғұлама Мұхаммед Хамид «Лузум-у иттиба’и мәзаһиб-ил әймма» атты кітабында ханафи мазһабын ұзақ түсіндіруде және төрт мазһабтын бірін ұстанудың уәжіп екенін дәлелдеуде. Кітап 1388 [м.1968] жылы жазылып, 1984 жылы Стамбұлда офсеттік баспада қайтадан басылған. [Имам Суюти (рахметуллаһи та'ала алейһ) 911 [м.1505] жылы Мысырда қайтыс болды.]

[Хаким Мұхаммед бин Абдуллаһ 405 [м.1014] жылы Нишапурда қайтыс болды.]