Намазда дәрет бұзылсаСұрақ: Бір адам намаз оқып жатқанда дәреті бұзылса, бұл намазды қайтадан оқуы керек пе, болмаса не істеуі керек? Жауап: Намазда дәретті, ғұсылды бұзатын бір нәрсе істеу харам. Намаздың соңғы рәкатында тәшәһһуд мөлшеріндей отырмай тұрып, дәретті және ғұсылды бұзатын бір нәрсе орын алса, намаз бірден бұзылады. Тәшәһһуд мөлшеріндей отырғаннан кейін орын алса, намаз толық болады. Бір адамның тәшәһһуд мөлшеріндей отырмай тұрып дәреті өздігінен бұзылса, дереу барып дәрет алып, намазын жалғастыра алады, дегенмен басынан оқуы абзал. Намазда тәшәһһуд мөлшері отырғаннан кейін дәрет өздігінен бұзылса, дереу дәрет алып уәжіп болған сәлемді берсе, яки дәрет алмай намазды бұзатын бір нәрсе істесе, мысалы сәлем берсе, намаз толық болады. Ғұсылы мен дәретін Малики мазһабы бойынша алған Ханафи мазһабындағы бір адамның намазда дәреті бір үзір себебінен қайтадан бұзылса немесе дәрет алу қиын болса, намазда тұрғанда Малики мазһабын тақлид етеді. Малики мазһабында аурулардың, кәрілердің намаздары осылайша бұзылмаған болады. |