19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Пайда үшін жақсылық жасау

Пайда үшін жақсылық жасау

Сұрақ: Бір адамға оның мақтауы үшін немесе одан бір нәрсе алу, пайда көру ниетімен жақсылық жасаудың діни тұрғыда зияны бар ма?

Жауап: Біреудің разылығын және мақтауын алу үшін дүниелік істермен оған жақсылық жасау рия болады. Ғибадатпен болған рия бұдан да жаман. Аллаһу та'аланың разылығын еш ойламай жасалған рия бәрінен де жаман. Ғибадат жасап, Аллаһу та'аладан дүниелік пайда сұрау рия болмайды. Жаңбыр дұғасына шығу, истихара жасау осындай. Қиыншылықтан, аурудан және кедейліктен құтылу үшін аяти карималар оқу да осындай делінген. Бұл жағдайларда әрі ғибадат, әрі пайда көру ниеттері бар. Сауда мақсатымен қажылыққа бару да осындай. Ғибадат ниеті еш болмаса, рия болады. Ғибадат ниеті көп болса, сауап беріледі. Ғибадаттарын өзгелерге көрсету, оларға үйрету және ғибадатқа ынталандыру ниетімен болса, бұл рия болмайды және көп сауап болады. Рамазан оразасын ұстауда рия болмайды. Аллаһу та'аланың разылығы үшін намазды бастап, кейіннен пайда болған рияның зияны жоқ. Ет қажет болғанда ет үшін құрбандық шалуға болмайды. Аллаһу та'ала үшін және бір адам үшін бірге ниет етіп құрбандық шалу жаиз (рұқсат) емес. Аллаһу та'аланың разылығы үшін болмай, тек қана қажылықтан, соғыстан келген адам үшін және келген бастықты, мансаптыны күтіп алу үшін сойылған мал өлексе болады, жеу харам болады. Аллаһу та'аланың разылығы үшін намазды бастап, намазды бітіргенге дейін үздіксіз дүниелік істерді ойласа, намаз сахих болады. Атының шығуына себеп болатындай түрде киіну де рия болады.