19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Бес уақыт намаздың сүннеттері де нәпілге жатады

Бес уақыт намаздың сүннеттері де нәпілге жатады

Сұрақ: Кейбір адамдар қаза намазынан қарызы бар кісілердің сүннеттердің орнына қаза оқуына «Сүннеттерді тәрк етуге болмайды» деп қарсы шығады. Бес уақыт намаздың сүннеттері де нәпіл емес пе, нәпіл орнына қаза намазын оқуға болмайды ма?

Жауап: Бұл жайында «Мәракил фәлах» кітабында және мұны түсіндірген Тахтауи былай дейді:

«Таң намазының парызынан кейін күн шыққанға дейін нәпіл намаз оқу тахримән мәкрух. Таң намазының сүннетін әуелі оқымаған болса, мұны оқу да осы тыйымға қатысты. Өйткені бес уақыт тек парыз оқуға ажыратылған. Яғни парыздан кейін күн шыққанға дейін намаз оқымаған кісі үнемі парыз оқығандай саналуда. Бұл таң намазының сүннеті болса да, нәпіл оқудан әлдеқайда абзал. Бірақ, осы уақыт ішінде қаза намазын оқу мәкрух болмайды. Өйткені, парыз оқып жатқан болып саналу сүннеттен абзал. Ал қаза намазын оқу шынайы парыз оқу болып, бұдан әлдеқайда абзал.

Намаз уақыты азайған кезде нәпіл оқу тахримән мәкрух. Өйткені, бұл парыздың уақытын жіберіп алуға себеп болады. Қажет болмаған намазды оқып, қажет болған намазды жіберіп алады, бұл ақылды адамның ісі емес. Күн шығып жатқанда, төбеде тұрғанда және батып жатқанда нәпіл оқу да осындай. Бұл нәпілдер бес уақыт намаздың сүннеттері болса да, осындай.»

Сүннеттердің нәпіл намаз екендігі осыдан да аңғарылуда. Сүннеттердің нәпіл намаз екендігі, сондықтан үзірсіз жануардың үстінде оқуға болатындығы «Жәуһара» кітабында айқын жазылған. «Хадиқа» кітабында былай делінген:

«Намаз уақыты азайған кезде парыздың алдындағы сүннетті оқу парыздың қазаға қалуына себеп болса, бұл сүннетті оқу харам болады. Парыз болмаған нәрсені істеу үшін парызды тәрк етуге болмайды.»

Көптеген Ханафи кітаптарында, «Дуррул мухтар», «Ибн Абидин», «Мүлтәқа» шәрһі болған «Дуррул мүнтәқа» және «Нимет-и Ислам» кітаптарында былай жазылған:

«Қазы (сот) қызметін атқару үшін, шәкірт діни дәрісін жіберіп алмауы үшін таң намазынан басқа намаздардың сүннеттерін тәрк етуіне болады.»

Соттың қызметі парыз айн болмаса да сүннеттерді тәрк етуі үзір саналса, жиналып қалған қаза намаздарын өтеу парыз айн және жазасы өте ауыр бола тұра, оларды өтемеу үзір саналмайды ма?