19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Дұға – ғибадат деген сөз

Дұға – ғибадат деген сөз

Сұрақ: Дінімізде дұға ету де басқа намаз, ораза ғибадаттары сияқты ғибадатқа жатады ма? Әр жасалған дұға қабыл болады ма?

Жауап: Бұл жайында Қазызада «Фәраид» кітабында былай дейді:

«Дұға – ғибадат деген сөз. Осы себептен намазға дұға делінген. Ислам дінінде дұға – Аллаһу та'алаға жалбарыну, тілегін сұрау дегенді білдіреді. Аллаһу та'ала дұға еткен мұсылманды қатты жақсы көреді. Ал дұға етпейтіндерге ашуланады. Дұға – мүминнің қаруы, діннің негізгі тіректерінің бірі. Жер мен көкті жарқырататын нұр. Дұға келген дерттерді, бәле-жаланы қайтарады. Ал келмегендерінің келуіне тосқауыл болады. «Маған халис (таза) жүрекпен дұға етіңдер! Осындай дұғаларды қабыл етемін» деген аяти каримадан аңғарылып тұрғаны, дұға ету намаз, ораза сияқты ғибадат. «Маған ғибадат етуді қаламайтындарды қор қылып, тозаққа тастаймын» деген аяти карима баршаға мәлім. Аллаһу та'ала барлық нәрсені себеппен жаратуда, ниғметтерін себептерінің артынан жіберуде. Зияндарды, дерттерді тоқтату және пайдалы нәрселерді беру үшін дұға етуді себеп қылған. Пайғамбарлардың (алейһимуссалауат) бәрі дұға еткен. Үмбеттеріне де дұға етуді әмір еткен.

Дұға етудің де шарттары бар. Алдымен күнәларға өкініп, тәубе ету керек. Истиғфар оқып, садақа беру және иманын Әһли сүннет ғалымдарының көрсеткендеріне сай қылып түзету қажет. Дұғаның қабыл болатынына сеніп, жүгініп, тізерлеп құбылаға қарап отырып, әуелі хамд етіп, кейін салауат оқу керек. Дұғаны үштен артық айтқан жөн. Харам нәрселерді және орындалып қойған нәрселерді сұрауға болмайды. Қабыл болмады деп үмітті үзбей, қабыл болғанға дейін ұзақ уақыт бойы қайталау қажет. Харам жемеу, харам ішпеу, харам нәрселер айтпау керек.»