Сараңның зекетіСұрақ: «Мүліктің қырықтан бірін беру сараңдардың зекеті саналады. Зекеттегі белгілі бір өлшемді алып тастау керек» дегенді оқып қалдым. Осы өлшемді қойған Расулуллаһты сараңдықпен айыптауға болады ма? Расулуллаһ қойған өлшемді кім өзгерте алады? Жауап: Мүліктің қырықтан бірін зекет ретінде беруге «Сараңның зекеті» деп айту Расулуллаһты өте жаман түрде мазақ қылуға жатады. Құран кәрімде намаздардың қалай оқылатыны, зекеттің нисабы көрсетілмеген. Бұлар хадистер арқылы аңғарылған. Өйткені Құран кәрімде «Расул нені әмір еткен болса, соны орындаңдар, неге тыйым салған болса, содан сақтаныңдар!» делінген. (Хашр 7) Бұхари, Әбу Дауд, Нәсаи сияқты құнды хадис кітаптарында «Хазреті Әбу Бәкір хазреті Әнәсті Бахрейнге жіберген кезде Расулуллаһтың мөрімен мөрленген нұсқаулық берді» делінген. Фиқһ кітаптарындағы зекет мөлшерлері Расулуллаһтың осы нұсқаулығына қарай дайындалған. Барлық фиқһ кітабында «Сиырдың нисабы отыз» делінген. (Тирмизи, Нәсаи) Барлық фиқһ кітабында «Қойдың нисабы қырық» делінген. (Бұхари, Нәсаи) Барлық фиқһ кітабында «Бес түйенің нисабы бір қой» делінген. (Бұхари, Нәсаи) Барлық фиқһ кітабында «Егіннің ұшыры – онда бір бөлігі» делінген. Бір хадис шәриф: «Жаңбыр, бұлақ немесе арық суымен суарылған егіннің ұшыры – оннан бір бөлігі. Егер су диірмені немесе жануармен тасып суарылса, онда жартысы.» (Бұхари, Мүслим) Барлық фиқһ кітабында «Қазынаның зекеті –бестен бір бөлігі» делінген. Хадис шәрифте «Қазынаның зекеті – бестен бірі» делінген. (Бұхари, Мүслим) Барлық фиқһ кітабында «Алтын мен күмістің зекеті – қырықтан бір бөлігі» делінген. Екі хадис шәриф: «Күміс ақшаның зекеті – қырықтан бірі.» (Тирмизи, Әбу Дауд, Нәсаи) «Алтын мен күмістің зекеті – қырықтан бірі.» (Бұхари, Әбу Дауд, Нәсаи) Барлық фиқһ кітабында «Балдың зекеті – онда бір бөлігі» делінген. Хадис шәрифте «Балдың зекеті – оннан бірі» делінген. (Тирмизи) Көргеніңіздей, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зекетте өлшемді көрсеткен. Бұл өлшемдерді ешкімнің өзгертуге хаққы жоқ. Мазһабтар әртүрлі хадистерді негізге алып, өзгеше ижтиһадтар шығарған болса да, «Қырықтан бір» деген өлшемге ешқайсысы тиіспеген. Бұл өлшемді өзгерту дінде реформа жасау болып саналады. Ал діндегі реформа – дінсіздік. |