УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (23)23) «Фәтх-ул-мәжид» кітабының төрт жүз он бесінші бетінде: «Қасида-и бурда – үлкен сауатсыздық туындысы. Тек пайғамбарлардың қорғауымен ғана адам құтылады екен. Бұл қасида Кітап пен сүннетке қайшы. Бұл қасиданы Құраннан да үстем санауда» делінген. Кітабының кіріспесінде «Саудтың немересі Абдулазиз тәухидті жаңалады. Арабстан жарты аралына бейбітшілік пен татулық әкелді. Баласы Сауд та өткендердің жолын тірілтті. Хуләфа-и рашидиннің жолын ашты» делінген. Осылайша Сауд династиясының қылыштарының өткір болуына дұға етуде. Грекияда Афинаның ең көрікті қонақ үйлерінде жүздеген шариғатқа қайшы күңдермен, грек қыздары арасында жылдар бойы ойын-сауық, ішкілік және ұятсыздық пен өмір сүріп, 1384 [м.1964] жылы зауық пен шаттықта, ішкілікке салынып өлген Саудты және аталарын мақтап «тірілтті, жол ашты» сияқты мадақтаулар айтуы, одан көмек сұрауы ширк, күнә болмайды да, Имам Бусайридің (рахимә-һуллаһу та'ала) Аллаһу та'аланың сүйікті пайғамбарын (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтауы, ол ұлы пайғамбарды жаратылыстардың ең жоғарғы дәрежесіне шығаруы, «Әр қалағаныңды беремін» деген сүйіншімен абыройланған ең ұлы пайғамбардан көмек пен шапағат сұрауы ширк пен күнә болады екен-мыс. [Абдулазиз бин Абдуррахман бин Файсал 1372 [м.1953] жылы өлді.] Ұялмастан осы жазуларды діни кітап деп атап мұсылмандарға ұсынуда. Жастарды алдау, мазһабсыз қылу үшін Ислам ғалымдарына, мұсылмандардың көз қарашықтарына мүшрик, адасушы деп айтуға еш қысылмайды. Имам Раббанидің (рахимә-һуллаһу та'ала) бірінші том, қырық төртінші хатында жазған хадис шәрифтерінде Расулуллаһтың өзінің жоғары дәрежесін түсіндіруіне олар не дейді екен? Пайғамбарлардың сәйиді, келген-келетін барлық адамзаттың ең үстемі екенін айтқандықтан, ол құрметті пайғамбарға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) да кір қаламын тигізетіндей бетпақтыққа барады ма екен? Бұл жайлы оныншы бөлімде кеңірек мәлімет берілген. Сол бөлімді оқуыңызды сұраймыз! |