Жомарт кісі жәннатқа, ал сараң тозаққа жақынӘбу Абдуллаһ бин Абдулмәлик хазреттері – хадис және фиқһ ғалымы. Хадис хафызы, яғни жүз мың хадис шәрифті жатқа білетін еді. 252 (м.866) жылы Әндулусте (Испания) Қуртубада (Кордоба) туылған. 330 (м.942) жылы қайтыс болған. Жеткізген хадис шәрифтерінің кейбірлері: Муаз бин Жәбәл (радиаллаһу анһ) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Жәннат халқы дүниеде Аллаһу та'аланы ойламай өткізген әр сәтіне өкінеді.» Сәһл бин Са’д айтып берген. Расулуллаһқа біреу келіп, «Ей, Аллаһтың Расулы! Маған сондай амал үйретіңіз, ол амалды істегенімде Аллаһу та'ала және адамдар мені жақсы көрсін!» деді. Расулуллаһ оған: «Дүниелікке берілмесең (Аллаһу та'ала харам қылғандардан сақтанып, күмәнділерден аулақ болсаң), сені Аллаһу та'ала жақсы көреді. Адамдардың қолындағыларына көз тікпесең, ол кезде сені адамдар жақсы көреді» деп жауап берді. Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ былай деген: «Қабірлерді зиярат етіңдер. Өйткені қабірлерді зиярат ету өлімді еске түсіреді.» Айша анамыз (радиаллаһу анһа) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ: «Аллаһу та'аланың әулие құлы жомарт болып жаратылған» деді. Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ айтқан: «Жомарт кісі Аллаһу та'алаға, адамдарға және жәннатқа жақын, тозақтан алыс. Ал сараң кісі Аллаһу та'аладан, адамдардан және жәннаттан алыс, тозаққа жақын. Сауатсыз, бірақ жомарт болған адам, көп ғибадат ететін, бірақ сараң болған адамнан сүйіктірек. Ең үлкен ауру – сараңдық.» Абдуллаһ бин Омар (радиаллаһу анһума) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ былай деген: «Екі мінез бар, Аллаһу та'ала ол екеуін де жақсы көреді. Олар: Жомарттық және қайырымдылық (беруі қажет және міндетті болмаған нәрселерді өз еркімен қуана-қуана беру). Тағы екі мінез бар, Аллаһу та'ала оларға ашуланады. Олар: Жаман мінез бен сараңдық. Аллаһу та'ала құлына қайыр тілесе, оны адамдардың қажеттіліктерін өтеуіне себепкер қылады.» Айша анамыз (радиаллаһу анһа) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ айтқан: «Мисуак – ауыз тазалаушы және Раббының разылығын алуға себепші.» Әбу Саид (радиаллаһу анһ) жеткізген хадис шәрифте Расулуллаһ: «Қажеттіліктеріңді мейірім иелерінен сұраңдар» деген. |