ҚалжыңдауСұрақ: Кейбір достарым орынды-орынсыз қалжыңдап тұрады. Кейде қорқамын, кейін ренжимін. Осылай қалжыңдау дұрыс па, қалжыңдаудың шектеуі жоқ па? Жауап: Имам Ғазали хазреттері былай деген: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) да қалжыңдасатын, «Мен де қалжыңдаймын, бірақ шындықты айтамын» дейтін еді. Бөтендермен, таныстарымен, балалармен, кәрі әйелдермен және махрем әйелдермен қалжыңдасатын. Жанұясында адамдардың ең сыпайысы болатын. Айша анамызбен жарысты. Бір ретінде хазреті Айша, басқа кезде пайғамбарымыз озды. Мұсылманның жұбайымен ойнауы күнә емес, сауап. Өйткені хадис шәрифте: «Әйелімен қалжыңдасқан адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді, екеуіне де сауап береді, ризықтарын арттырады» делінген. Бір күні кәрі әйелге «Жәннатқа кемпірлер кірмейді» деді, бұған кәрі әйел мұңайып қалды. Сонда пайғамбарымыз әйелге күлімдеп қарап «Сіз ол кезде жас боласыз» деді. Көлік сұраған кәрі әйелге «Сізге түйенің баласын берейін, соған мінерсіз» деді, сонда әйел «Түйенің баласы мені қалай көтереді?» деп сұрады. Пайғамбарымыз күлімдеп қарап «Әр түйе басқа түйенің баласы ғой» деді. Үмму Айман есімді бір әйел келіп, «мен пәленшенің әйелімін, сізді күйеуім шақырып жатыр» деді. Сонда пайғамбарымыз одан «Әлгі көзінде ағы бар адамның әйелісің бе?» деп сұрады. Әйел «Жоқ, оның көзінде ештеңе жоқ» деп жауаптады. Пайғамбарымыз әйелге күлімдеп қарап «Көзінде ағы болмаған адам жоқ қой» деді. Хазреті Айша Сәуда анамызға «мына ботқаны жемесең, бетіңе жағамын» деді. Ол жемегеннен кейін бетіне жағып жатқанда араларында отырған Расулуллаһ алейһиссалам хазреті Сәуданы қорғамақшы болды. Хазреті Айша ботқаны өз бетіне жағып алды, Расулуллаһ оларға қарап күлімдеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Досыңмен оны ренжітетіндей қалжыңдаспа!» (Тирмизи) «Көп күлген адамның қадірі азаяды. Қалжыңы көп адамның салмақтылығы азаяды.» (И.Асакир) «Қалжыңы шындық болған адамға Аллаһу та'ала ол үшін жауапкершілік жүктемейді.» (И.Асакир) «Өлшемсіз қалжыңдасқан адамның қадірі азаяды.» (Дәйләми) Хазреті Омар «Көп күлген адамның айбарлығы азаяды, көп қалжыңдасқан адамның қадірі азаяды» деді. Рабия ханым «Күнә болмаған істерде көңіл аулау үшін қалжыңдасу адамгершілікке жатады» деген. Әһли хикмет ғұламалар айтады: Барлық нәрсенің ұрығы бар. Дұшпандықтың ұрығы – қалжың мен мазақтау. Ей, ұлым, аз қалжыңдас, көбі адамның қадірін жоғалтады, ал жаман адамдардың саған қарсы батылдығын арттырады. Қалжыңдасуды толықтай доғару да достардың жақтырмауына және жақындықтың үзілуіне жол ашады. Бір істі жасағанда жалығып, шаршаған болсаң, жасап жатқан ісіңді біраз уақытқа тоқтата тұр, тынығып ал, біраз қалжыңдас, осылайша өзіңді ынталандыр. Бірақ қалжыңдасуың тамаққа қосылатын тұз сияқты болсын. Яғни тамаққа қосылған тұз көбейіп кетсе, тамақтың дәмін қалай бұзатын болса, қалжың да сондай. Шектен шықпау керек. Өте аз болса, ынтамызды, көңіл-күйімізді қалпына келтірмейді. Қалжың көңілдегі босаңдықты және жұмыстан жалығуды кетіретіндей шамада болу керек. Әзілдескенде де әдептілікті сақтау қажет. Мысалы, ұстаз шәкіртіне, ата-ана баласына қалжыңдаса, шәкірт пен перзент мұны теріс пайдаланбауы керек.
Әзілдеп айтылса да, шындық Пайғамбарымыз «Шындығы да, әзілі де шындық» деген жағдайлар да бар. Олардың бірнешеуі төменде: Бір адам қалжыңдап немесе бір рөлді сомдап екі куәгердің қасында үйленсе, шынымен де үйленген болып саналады. Сондай-ақ, бір адам қалжыңдап, мазақтап, немесе әйелін қорқыту ниетімен «Сенімен ажырастым» десе, әйелімен шынымен де ажырасқан болып саналады (талақ болады). Бір адам құлына «Сені азат еттім» десе, шынымен де құлы азат етілген болады. Бұл сөзінен қайта алмайды. Бір адам бір күн ораза ұстауды нәзір етпекші (атамақшы) болып, қателесіп бір ай десе, бір ай ораза ұстауы керек болады. Дініміздің әмірі осындай. (Дүрәр, Рәддул Мухтар) Ешкімнің қорқытуынсыз, зәруліксіз, қалжыңдап, мазақтап кәпір болайын деп айту, діни білімдерді ертегі санау және сенбеймін деп айту, күнә істегендерге разы болу күпір саналады. Ал осылай айтқан адам мүртәд болады. Мүртәд болған адамның барлық ғибадаттарының сауаптары жойылады. Бірнеше адамды күлдіру үшін ғибадаттарды жойып жіберу ақылды адамға жарасады ма? «Амалдар ниетке байланысты» хадис шәрифі жақсы амалдарға және мубахтарға ниетке қарай сауап берілетінін көрсетуде. Күнәлар ниетсіз немесе жақсы ниетпен істелсе, күнә болып қала береді. Мысалы «Мұсылманды қуантқан адамды Аллаһу та'ала қуантады» хадис шәрифін ұстану үшін мұсылманды қуанту ниетімен арақ қойылған дастарханға отыру сауап емес, күнә болады. Христиан қыз мұсылман еркекке «Менімен билесең, мұсылман боламын» десе, мұсылманның жақсы ниетпен онымен билеуі немесе басқа күнә істеуі рұқсат емес.
Сұрақ: Тойларда ойын үшін еркекке қыздың киімін кигізіп ойнатады. Ал қыздарға еркектің киімін кигізіп қояды. Бұлай жасау дұрыс па? Жауап: Ойын үшін, әзіл үшін болса да, зәруліксіз еркек әйелдің киімін, ал әйел еркектің киімін кимеуі керек! Хадис шәрифтерде былай делінген: «Әйел киімін киген еркекке, еркек киімін киген әйелге лағнет болсын!» (Хаким) «Әйел сияқты жүрген еркекке, еркек сияқты жүрген әйелге лағнет болсын!» (Бұхари) «Еркекке ұқсауға тырысқан әйел, әйелге ұқсауға тырысқан еркек бізден емес.» (И.Ахмед) «Өзін еркекке ұқсатқан әйел, ішкілік ішуді тоқтатпаған адам және дәйіс (әйелін және әйел туыстарын қызғанбайтын еркек) жәннатқа кірмейді.» (Табарани) Пайғамбарымыз еркек сияқты киініп, беліне қылыш таққан әйелді көргенде «Өзін еркектерге ұқсатқан әйелдерге және әйелдерге ұқсатқан еркектерге лағнет болсын!» деген. Аяқ-қолдарына қына жағып, әйелдерге ұқсауға тырысқан біреуді сүргінге жіберген. (Табарани, Әбу Дауд) Осы күнәларды немесе басқа үлкен күналарды істеген адам егер иманмен өлетін болса, күнәларының жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Үлкен күнәларды үздіксіз істеп жүретін адамдардың иманды болып өлуі қиын. Сондықтан барлық күнәлардан сақтану керек!
Ренжітетін әзіл Сұрақ: Қалжыңдап өтірік айту немесе қорқытатын әзілдер жасау, мысалы біреудің затын алып, тығып қою рұқсат па? Жауап: Бұлар үлкен күнә. Бөлімдермен түсіндірейік: 1) Өтірік айтып қалжыңдасуға болмайды. Үш хадис шәриф мынадай: «Өтірік – мұнафиқтық (екі жүзділік) белгісі.» (Бұхари) «Өтіріктен сақтаныңдар! Өйткені өтірік күнәға, ал күнә тозаққа жетелейді.» (Бұхари) «Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтқан адамдарға обал болсын!» (Әбу Дауд)
2) Қалжыңдап болса да, мұсылманды қорқыту үлкен күнә. Бірнеше хадис шәриф төменде: «Мұсылманды қорқытқан адамды Аллаһу та'ала да, қайғысы мың жыл болған күнде, қорқытады.» (Дәйләми) «Мұсылманды қорқытқан адам қиямет қорқынышынан сақ болмайды.» (Бәйһақи) «Қорқытатын нәрселер айтпаңдар!» (Дәйләми) «Аллаһқа және ахирет күніне сенген адам мұсылманды қорқытпасын!» (Табарани) «Мұсылманға қорқынышты көзбен қараған адамды Аллаһу та'ала қияметте қорқытады.» (Табарани) «Сүйіншілеуші болыңдар, қорқытушы болмаңдар!» (Әбу Дауд) «Темірді (пышақ немесе кез келген зиян беретін құралды) досына қаратып қорқытқан адамды періштелер лағнеттейді.» (Мүслим) Бір адам досы ұйықтап жатқанда оның жебесін алып жатқан кезде досы қорқып оянады. Мұны байқаған Расулуллаһ алейһиссалам былай дейді: «Мұсылманды (кезкелген жолмен) қорқыту халал емес.» (Табарани) Тағы бір адам досының аяқ киімін жасырын алып тығып қояды. Досы келіп, сол жерде отырғандардан аяқ киімін сұрайды. Олар көрмегендіктен «Білмейміз» дейді. Аяқ киімді тыққан адам «Аяқ киімің мұнда тұр ғой» дейді. Мұны байқаған Расулуллаһ алейһиссалам «Сен қалайша мұсылманды қорқытасың?» дейді. Әлгі адам әзілдегенін айтқанда екі рет тағы «Қалайша сен мұсылманды қорқытасың?» деп оған ескерту жасайды. (Табарани) Әзілімізден досымыз ренжісе және қорқса, күнә істеген боламыз. Тағы бір кезде әзілдеп досын қорқытқан адамға Расулуллаһ алейһиссалам айтты: «Мұсылманды қорқыту үлкен зұлымдық.» (Бәззар)
3) Біреудің затын тығып қойып оны ренжіту де күнә. Хадис шәрифте былай делінген: «Достарыңның затын шындап та, қалжыңдап та алмаңдар!» (Тирмизи) Осындай ренжітетін әзіл жасаған адам дереу кешірім сұрап, оның разылығын алуы керек. Бұдан да маңыздысы кешірім сұрайтын жағдайға түспеу керек. Хадис шәрифте былай делінген: «Кешірім сұрататын істерден аса сақтану керек.» (Ибн Нәжжар)
Өтірік пен қалжың Сұрақ: 1 сәуір күні қалжыңдауға болады ма? Жауап: Өтірік айтпай, ешкімді ренжітпей, қорқытпай, затын алмай кезкелген уақытта қалжыңдасуға болады. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Сөз таласпайтын, өзінікі дұрыс болса да ешкімді ренжітпейтін, әзіл мен күлдіру үшін өтірік айтпайтын, жақсы мінезді мұсылман жәннатқа кіреді.» (Тирмизи) «Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтатындарға обал болсын!» (Әбу Дауд) 1 сәуір қалжыңдары көбінесе осындай орынсыз болады.
Адамдарды қорқыту және ренжіту Сұрақ: Қалжыңдап бір мұсылманды ренжітіп қою, мысалы бір қаруды оған қарату немесе пышақ көрсету, яки аяқ-киімін тығып қою рұқсат па? Жауап: Әзіл үшін болса да, ешқайсысына рұқсат жоқ. Хадис шәрифте: «Темірмен (пышақпен немесе кезкелген зиян беретін құралмен) досына сілтеп қорқытқан адамға періштелер лағнет етеді.» (Мүслим) Бір адам алманы төртке кесіп бөліп, пышақтың ұшына бір бөлігін іліп, бір білімді кісіге созады. Ол кісі олай жасаудың да дұрыс емес екенін жеткізу үшін «Қараңдар, маған пышақ көрсетіп жатыр» дейді. Кейін әлгі адам тәубе етеді. Демек, алма ұсынған кезде де пышақты біреуге қаратып ұстау дұрыс болмайды. Бір адам досы ұйықтап жатқанда оның жебесін алады, сол сәтте досы оянып қорқып кетеді. Мұны байқаған Расулуллаһ алейһиссалам айтады: «Мұсылманды (кезкелген жолмен) қорқыту халал емес.» (Табарани) Тағы бір адам досының аяқ-киімін алып тығып қояды. Досы келгенде сол жердегілерден аяқ-киімін сұрайды. Олар ештеңе көрмегендіктен «Біз білмейміз» дейді. Аяқ-киімді тыққан адам «Аяқ-киімің мұнда тұр ғой» деп көрсетеді. Мұны байқаған Расулуллаһ алейһиссалам «Қалайша сен мұсылманды қорқытасың?» дейді. Ол адам қалжыңдағанын айтқанда тағы екі рет «Қалайша сен мұсылманды қорқытасың?» деп оған ескертпе жасайды. (Табарани) Әзіліміз үшін досымыз ренжісе, біз күнә істеген боламыз. Әзілдеп досын қорқытқан біреуге Расулуллаһ алейһиссалам айтқан: «Мұсылманды қорқыту үлкен зұлымдық.» (Бәззар) Сөзбен немесе белгімен болса да, мұсылманды қорқыту рұқсат емес. Бірнеше хадис шәриф: «Мұсылманға көңіліне тиетін сөз айтқан адамның жүзі тозақта қара болады.» (Хараити) «Қорқытатын түрмен мұсылманға қараған адамды Аллаһу та'ала қияметте қорқытады.» (Табарани) «Мүминді қорқытқан адам қияметте қорқыныштардан сақ болмайды.» (Бәйһақи) «Қорқытатын нәрселер айтпаңдар!» (Дәйләми) «Аллаһқа және ахиретке сенген адам мұсылманды қорқытпасын!» (Табарани) |